400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлемдік қар күні(қысқы ойын)

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды әлемдік қар күнімен таныстыру. Қыстық ойындармен таныстыру. Қимыл- қозғалыс белсенділігін жетілдіру, жылдамдылық, ептілік,төзімділікті шыңдау. Эмоционалдық фонын жақсарту, көңіл күйін көтеру. Жалпы моториканы дамыту таза ауада шынықтыру. Мейірімділікке, ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Әлемдік қар күні» (қысқы ойын)

Мақсаты: Балаларды әлемдік қар күнімен таныстыру. Қыстық ойындармен таныстыру. Қимыл- қозғалыс белсенділігін жетілдіру, жылдамдылық, ептілік,төзімділікті шыңдау. Эмоционалдық фонын жақсарту, көңіл күйін көтеру. Жалпы моториканы дамыту таза ауада шынықтыру. Мейірімділікке, ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Жәшік, жалаушалар, қатырылған мұздақтар, қар,Аққала бөлшектері, шана, күрекше, шайба, хоккей таяқша, сандық, тәттілер.

Барысы:

Жүргізуші:

- Сәлеметсіздер ме қымбатты балалар!  Армысыздар, құрметті ата – аналар! Бүгін біз бүкіл әлемдік тамаша, көңілді және ерекше қыстық спорт мейрамы «Қар күнін» атап өтеміз. Бұл мейрам 2012 жылдан бастап қыс мезгілінде атап өтіле бастады.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қар қайдан пайда болады?

- Қар аспаннан жауады.

- Қар аппақ, суық, алақанымызға салсақ ериді, қатырса мұз болады.

Ауамыз таза болсын

Денсаулығымыз мықты болсын

Ойын қызықты болсын

Жарыс көңілді болсын.

- Қане, балалар тоңдық па? Ендеше дене қыздырып жаттығу жасап жылынып алайық. (Музыка қосылады, балалар шеңбер болып тұрады)

Қозғап барлық денеңді

Қолды қатты соқ енді.

Тақылдатпай таяқты

Ақырын бас аяқты.

Иықты артқа ысырып,

Басты төмен саламыз.

Жаттығу жасап осылай,

Біз шынығып аламыз.

Жүргізуші:

-Дайынсындарма балалар?

Балалар қазір біз қызықты ойын ойнаймыз. Ол үшін алдымен екі топқа бөлінейік. Енді әр топ өз атауын анықтап алу үшін әр топтан бір бала келіп менің қолымдағы ойыншықтың біреуін таңдап алады. Сол ойыншықпен топтың атауы анықталады.

Енді балалар дайын болсаңдар ойынымызды бастаймыз.

1. Ойын: « Қар жинау»

Ойын шарты екі топ мүшелері балалар анасымен бірге жерден қарды алып домалақтаймыз. Оны әр топ өз жәшігіне жинайды. Қай топ көп қар жинаса , сол топ жеңіске жетеді.

2. Ойын: «Кім жылдам»

Жүргізуші: екі топтан бір-бір бала, бір-бір ата-анадан шығып, мәреде тұрған жәшіктен қар домалақтарын алып, әр топ өз жәшігіне келіп салады. Қай топ қар домалақтарын жинаса, сол жеңімпаз болады.

Жүргізуші: Ой, керемет балалар! Екі топ та жақсы өнер көрсетті.

3. Ойын: « Кім мерген» Енді осы жинаған қарларымызды нысанаға дәлдеп лақтырып тигіземіз.

4. Ойын «Аққала». Дайын домалақтанып тұрған қардан балалар аналарымен бірігіп аққала құрастырады.Оның көзін, мұрнын, аузын жапсырады. Басына телпек кигізіп, қолына сыпырғыш ұстатады. Қай топтың балалары бұрын болса, сол топ жеңеді.

(Осы кезде Аққала келеді, өзі өте көңілсіз.)

Жүргізуші:

  • Ой Аққала, сен қайдан келе жатырсың? Неге көңілсізсің?

- Мен Аяз атаны іздеп жүрмін, Аяз ата жаңа жылменен бірге сонау орманға кетіп қалыпты, Ақшақарда жоқ. Менің ішім пысты, ойнайтын ешкім жоқ, сондықтан да көңілсізбін.

Жүргізуші:

- Қане балалар, қараңдаршы Аққала біздің аққаламызға қатты ұқсайды екен, келіңдер аққаламен бірге ойын ойнаймыз ба?

5. Ойын: «Қатып қал»

- Ендеше аққаламен қуаласпақ ойнаймыз. Аққала ұстап алған баланы анасымен қосып қатырып тастайды, бала құтқарушы Қар ханшайымы келгенше бір орында қозғалмай тұру керек.

Аққала барлық баланы қатырып болған кезде құтқарушы Қар ханшайымы келеді.

Қар ханшайымы:

- Балалар сендер неғып қатып қалғансындар? Мен сендерге көмекке келдім. Сендерді жылытуға ыстық шай мен ыстық бәліш әкелдім. Қане жылдам ішіп жылынып алайық!

5. Ойын «Такси - Шана».

Аналары баланы шанаға отырғызып сүйреп мәре сызығына дейін барып, кейін қайтады. Қай топ бұрын бітсе сол жеңімпаз.

Жүргізуші:

-Аққала көңіл күйің қалай? Балалардың ойыны саған ұнады ма?

Аққала: -Ия балалар өте жақсы екен. Бірақ мен әкелген сыйлықтарымды балалармен ойнап жүріп жоғалтып алдым. Қайда жоғалтып алғанымды білмеймін. (мұңаяды)

Жүргізуші:

-Солай ма, Аққала , ендеше балалар барлығымыз жабылып

аққаланың сыйлығын іздейік. Қараңдаршы, балалар ана жерде бір төмпешік тұр. Мүмкін соның астында болар. Қане бәріміз жабылып төмпешікті күрекшемен бұзайық.

(Қардың астынан сандықша шығады. )

Жүргізуші:

- Қане балалар барлығымыз бірге «Ақ сандығым ашыл, ішінен тәтті шашыл» деп айтамыз.

Жүргізуші:  Құрметті қонақтар, балалар! Қар мерекесіне арналған спорттық ойындарымыз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға, белсене қатысқандарынызға көп рахмет! Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш алып келсін!!!

Сау болыңыздар!

«Аягөз ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ- нің мүмкіншілігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі



























Әлемдік қар күні.









Әлеуметтік қызметкерлер: Байшокина. А

Кулатаева.Г

Аргынгелдина.Б

2020жыл




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
536
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі