жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Әлемге жарық берген сенсің Ана!" өзін өзі тану әлемі
Тақырыбы: «Әлемге жарық берген сенсің Ана!!!» М. Мақатаев «Шеше сен бақыттысың» видео
1
жүрг: Бәрі де ана бір өзіңнен басталды
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба тек өзіңнен
жасқандым.
Ана! Осы бір қасиетті
сөзде қаншама мол мейірім, асып төгілер
мол қуаныш бар. Ана - өмірдің гүлі. Ана
- өмір бастауы мен таусылмайтын жалғасы.
Ана - тіршілік көзі, үлкен тағдыр, махаббат
пен шабыттың нәрі. Ана махаббаты адамға
қанат бітіреді, күш береді, ерлікке
шақырады.
2 жүрг: Қайырлы күн, жаны
жайсаң ұстаздар мен жүрегі мейірімге
толы ата-аналар және жас достар! «Әлемге
жарық берген сенсің – Ана!» атты Сара
Алпысқызының мерейтойына арналған
мерекелік кешке қош келдіңіздер! Бүгінгі
күнге арқау болып отырған Сара Алпысқызының
бастамасымен елімізде бүкіл адамзатқа
жалпы рухани адамгершілік құндылықтарды
қалыптастыру мақсатында «Өзін өзі тану»
бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама
өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген
адамдардың жақсы көзқарасын оятып,
бір-біріне деген қарым-қатынастарын
жақсартып, өмірдің дұрыс жолына
бағыттайтын, адамның рухани жан дүниесін
байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп
көмегін тигізіп отыр.
1 жүрг:
Нұрландырып ізгі жандар тілегімен,
Күн күлер мейірімнің реңімен.
Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі,
Өтеді әр адамның жүрегінен, -
дегендей салтанатты кештің алғы сөзін
мектебіміздің өзін
өзі тану пәні бірлестігінің жетекшісі
Есенғалиева Ғалия Самиғоллақызына сөз
береміз.
2
жүрг: Ал енді, көпшілік қауым, сіздерге
Сара
анамызбен жақын танысуға жағдай жасайық.
Слайд:
Сара Алпысқызына арналған бейнеролик.
1
жүргізуші: Сара
Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың
12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар
селосында дүниеге келді. 1992 жылғы
ақпан айынан бастап — «Бөбек»
республикалық балалар қайырымдылық
қорының негізін қалаушы және президенті.
Бүгін – «Бөбек» қорының негізін қалаушы,
Сара Алпысқызының туған күні. «Бөбек»
қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен,
«Өзін-өзі тану» пәнін білім бағдарламасына
енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке
баулыған тұлға. 2010 жылдың 1-ші қыркүйегі
– «Өзін өзі тану» пәнін Қазақстан
Республикасының үздіксіз білім беру
жүйесіне жаппай енгізді.
2
жүргізуші: «Өзін-өзі
тану» пәнінің балаларға, ата-аналарға,
ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл
адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге
деген жақсы көзқарасын оятып, бір-біріне
деген қарым – қатынастарын жақсартып,
өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен
қатар, адамның рухани жан дүниесін
байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп
көмегін тигізіп отыр.
1
жүрг:
О, анам, Алатаудай асқарымсың,
Жазылмаған
өлеңім, дастанымсың,
Кеудеме сыймай
жүрген жұмбақ сырым
Әрдайым өзің
үшін ақтарылсын.
Мен үшін орның бөлек
бұл өмірде,
Анашым, нұр шашасың
жүрегімде.
Сен болмасаң осылай бақытты
боп,
Жарқылдап, шалқып, тасып, жүремін
бе?-дей келе «Әке. Ана» әнімен ұлдарды
ортаға шақырамыз.
2
жүрг: Жетімдердің анасы, жесірлердің
панасы
Алпыс аға бөбегі, Нұр ағаның Сарасы
Жанын салып жүр бүгін қарлығашы
бақыттың
Жақындаса түссін деп адамдардың
арасы
Жақындықпен күресіп, жақсылықты жетелеп
Қиындықсыз
өмір жоқ, қиындықпен өт ептеп
Дейді бізге
Сарамыз, дегеніне нанамыз,
Өзі бастап барардай, бір сәулетті
бекетке - дей отырып, ендігі кезекті
Сара Алпысқызына арналған өлең шумақтарына
кезек берейік.
Аяулым:
Бөбек сөзі түспейді сенің сөздік
қорыңнан,
Баспана боп оларға, келе жатсың болып
нан.
Сол балалар үшін бәйек
болып күндіз-түн.
Аяп көрген
жоқсың сен келгеніңді қолыңнан.
Альфия:
Алда талай
қиналу, алда талай толғаныс,
Жетсем
екен дейтұғын арман да асыл, жол да алыс.
Шешек жару, гүл ату – Жер-Ананың төл
ісі.
Жылағанды жұбату – Ел-Анадан қалған
іс.
Зарина: Сара Алпысқызы «Бөбек»
қайырымдылық қорының негізін қалаушы.
«Бөбек» қайырымдылық қорының президенті
С. Назарбаеваның жетім балалардың
мүдделерін қорғау ісіне қосқан үлесі
өте қомақты. Жетім балаларды тәрбиелеудің
жаңа жүйесін қалыптастырып, елімізде
тұңғыш «SOS Киндердорф» балалар ауылының
өмірге келуіне мұрындық болды. Соның
арқасында жетімдік тақсыретін тартқан
бүлдіршіндер отбасылық ортада өсіп,
тәрбиеленіп жатыр. Кәмелеттік жасқа
толған соң мемлекет олардың жұмысқа
орналасуына, оқуларын жалғастыруына
жағдай жасайды. Жоғары оқу орындарына
түскен жастарға «Бөбек» қоры шәкіртақы
тағайындап, көмек көрсетеді.
Мөлдір: «Бөбектің»
анасы атанған Сара Алпысқызы көптеген
игі істерге ұйтқы болды. Еліміз аумағында
балалар емханаларының ашылуына,
қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға
бір кісідей ат салысып келеді. Ерен
еңбегі әлемдік қауымдастық назарын
аударып, 1999 жылы «SOS Киндердорф»
халықаралық қорының алтын медалімен,
2002 жылы ЮНИСЕФ-тің арнайы сыйлығымен
марапатталған болатын.
Нұртілек: С. Назарбаева
Бүкілдүниежүзілік денсаулық
сақтау
ұйымының И. Дограмачи атындағы және
«Юнита» халықаралық сыйлығының лауреаты
болып табылады. Қазақстанның бірінші
ханымының бастамасымен елімізде жетім
балалард қорғау туралы Заң қабылданды.
Амандық: 2006 жылы мамыр айында Мәскеуде
адамзаттың ізгі мұраттарына қызмет
атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық
сыйлығы тапсырылды. Қазылар алқасының
шешімімен жетім балалардың мүдделеріне
көп жылдар қалтқысыз қызмет көрсеткені
үшін «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры
Президенті С.А. Назарбаева «Алтын жүрек»
халықаралық сыйлығының лауреаты болды.
Мира: Сара Алпысқызы жалпы
рухани-адамгершілік құндылықтарды
қалыптастырудың, қайта өрлеу «Өзін өзі
тану» бағдарламасының авторы болып
табылады. "Өзін өзі танудың»
философиясына ұланғайыр үлес қосқаны
үшін Шыңғыс Айтматов атындағы Алтын
медальға ие болды.
Ерхат: 2010 жылы С.А. Назарбаеваға аналар
мен балаларды қорғаудағы, Қазақстанның
жас ұрпағына рухани-тағылымдық білім
берудегі еңбегі үшін «Достастық жұлдызы»
сыйлығы табыс етілді. Аталмыш марапат
білім мен ғылым, әдебиет пен өнер,
гуманитарлық салалар бойынша берілетін
болса, гуманитарлық бағытта тұңғыш рет
бұл марапатты Сара Алпысқызы иеленіп
отыр.
Мерей: Өзі аялап,
мәпелеп, ғұмыр жайлы жыр еткен,
Үміт күткен Анамыз
сол өсірген түлектен.
Ұғындырды өмірдің жақсы,
жаман тұстарын,
Ұғындырды аналық және алтын
жүрекпен.
Қымбат: Жанарларда нұр ойнап,
сенім орнап көңілге,
Талай сәби гүлденіп,
құштарланды өмірге.
Әрбір ізі гүл дастан,
кең құшағы нұр шашқан,
Мың рахмет дүниеге
Сізді әкелген тәңірге!
1 жүрг: Дүниедегі
ең ардақты асыл жан,
Анам менің
мәпелеген жасымнан.
Мен қуансам
қуанады ол бірге,
Мен қиналсам
табылады қасымнан.
Маған қымбат жан
жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан
тараған
Жер бетіне өмір нәрін
себуші
Ана алдында борышты ғой бар
адам- дей келе, «Мың бұрала билеген, Аяғы
жерге тимеген» деп бишілерді ортаға
шақырамыз.
2
жүрг: Әйел деген әдемі ғой әдемі,
Әдемілік бізге көптік етпейді, - деп
ақиық ақын, Хантәңірдің мұзбалағы
Мұқағали жырлап өткендей, әйел анаға
жететін жан бар ма екен?
Адамзаттың нұр құйған санасына,
Мейіріммен сезінсең табасың мән.
Жақсы үміт күтетін баласынан
Сәлем барша әлемнің
анасынан!-дей келе, өмір гүліміз аналарға
арналған жыр шумақтарын арнаймыз.
2 жүрг:
«Ана» Үш-ақ әріптен құралған осынау бір
сөздің астарында қаншама мән жатыр
десеңші. Тіршіліктің қайнар көзі,
мейірімнің қайнар бұлағы. Анадан
қасиетті, анадан киелі ештеңе жоқ. Ана
– әрбір адамның жарық дүниедегі ең
жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы
ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған
ардақтысы. Кез келген адамның әдептілігі
мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен
балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген
ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала
бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге
алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік
үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен
аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Мейірімділікті
анадан үйрен деп бекер айтпаған екен
дана халқымыз. Біз мейірімділікті,
қамқорлықты, сүйіспеншілікті анадан
үйренеміз.
1 жүрг:
5
сынып оқушыларының «Мейірімділік» атты
көрінісін тамашалаңыздар. Өз
өнерлерін ортаға салып, көрермендерді
таң қалдырсын.
2
жүрг:
Иә, Бекасыл, дұрыс айтасың, енді біздің
ұлдардың өнерін тамашалайық!
Көрініс:
1 жүрг:
Құлақтан
кіріп бойды алар,
Әсем ән
мен тәтті күй - дей келе, әнге кезек
берейік.
Ән: «Өміріңе немқұрайлы қарама»
2 жүрг: Минут сайын сезінемін
бақыт дәмін,
Қуанышқа толады уақыттарым.
Айналаның бәрінен бақыт көрем,
Арайланып тұрғанда атып таңым.
1 жүргізуші: Бақыт деген -
адамдар үшін өмір сүру және оларды
бақытты ету.
2 жүргізуші: Бақыт
- достарыңмен, жаныңа жақын адамдармен
араласу.
1 жүргізуші:
Бақыт - деген денсаулықтың мықты болуы.
2 жүргізуші: Бақыт - әр күннің нұрлы
шуағын көру.
1 жүргізуші: Әрі қарай
бақыт дегеннің не екенін білу үшін,
«Бақыт жайлы» жыр шумақтарына кезек
берейік.
2
жүрг: Енді
кішкентай бүлдіршіндеріміздің арнайы
дайындаған «Бақыт
деген не?» көрінісін
тамашалайық.
Көрініс: Бақыт
деген не?
Айтшы, білсең егер де,
Папа, бақыт деген не?
Бақыт деген, шырағым,
Мына әсем тұрағың.
Ну ормандар,
Гүл бағы,
Күннің күліп тұрғаны.
Бақыт – дәні далаңның,
Алақаны анаңның.
«Ботам» деуі әжеңнің,
Тыныштығы әлемнің!
Қайда бақыт мекені,
Қалай оған жетеді?
Адал еңбек етесің!
Сонда ғана жетесің!
Көрінбейтін көзіңе,
Сонда оның өзі не?!
Бақыт деген, сөзім шын –
Айналайын, өзіңсің!
1жүрг: Екі шектің бірін қатты, Бірін сәл-сәл кем бұра, Нағыз қазақ-қазақ емес, Нағыз қазақ домбыра, - демекші, қоңыр үнді қазақтың қара домбырасына кезек берейік. Күй: Саранжап 2 жүрг: Әннің жатыр кеудемде бұрқыраған бұлағы, Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап. Тілейтінім барша жұртқа бір ғана Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ,- деген Мерейім «Бақыт» әнін орындайды. 1жүрг: Досым, саған сенемін сеніп өтем, Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен Достық деген - адамның көрігі екен Достық деген адалдың серігі екен – дей отырып, достарымыз достық жырын жырласын. 2 жүрг: Өмір деген өсіп тұрған гүл емес пе, Сол өмірдің нағыз гүлі біз емес пе. Әрбір жан достарымен бірге болса, Өмірдің ең қызығы сол емеспе! Қабыл алғын көрермендер қол соғып, Қыздардың әсем әнін ендеше. Ән: «Қайдасыңдар, достарым» 1 жүргізуші: Мейірімділік, махаббат, қамқорлық, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Шын жүректен жасалған жақсылық ешқашан жерде қалмайды. 2 жүргізуші: Тілегі перзентіне таудай болған, Жүрегін әкелердің баурайда алған. Жаны асыл аналар ай, жабырқасаң Сезетін жәй күйіңді шалғайлардан. Алтынды қолда барда бағалашы, Жүзіне қабақ шытып қарамашы Сәбиін тәттім дейтін аналарға, Баланың бала екен ғой баламасы-дей келе,ендігі кезекті ұстаздарымыздың әніне берейік. Шынарай Оразбайқызының орындауындағы «Аяулы ана» әнін қабыл алыңыздар
1
жүргізуші: «Нұрдай болып жаралған,
Шуағы бізге таралған,
Мейірбан, дана Сара апа,
Сәулесін шашып тұр алда»
дей келе бүгінгі салтанатты кешке арқау
болып отырған Сара Алпысқызына арналған
мерекелік концертіміз өз мәресіне
жетті. Барлықтарыңызға отбасылық бақыт,
өмір сүруге деген құштарлық, дендеріңізге
саулық тілейміз.
2 жүргізуші: Алтын
уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге
көп көп рахмет. Келесі кездескенше
амандықта болайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген