жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Әлемге күлкіңді сыйла" тренинг
Әлемге күлкіңді сыйла.
Мақсаты:
-Өз өмірін модельдеуге үйрету,рухани және ішкі сезімінде түсінуге және таңдау жасауды үйренуге үйрету.
-Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге,мейірімділікке тәрбиелеу.
-Адам өміріндегі күлкінің рөлі маңызды екенің түсіндіру.
Өткізу жоспары:
Мақал-мәтел әлеміне саяхат.
Шың күлкімен өтірік күлкіні қалай айыру керек?
Күлу-тұмаудан айығудың ең жақсы емі.
Дейл Карнеги «Күлкінің құны».
«Күлкіңді әлемге сыйла!» сурет көрмесі.
В.Шаинскийдің «Улыбка» әні орындалады.
Адамнің ажарың не ашып тұрады?Мұмкін кішіпейілдік шығар? Мұмкін.Жақсы киім ба? Мұмкін.Әдемі,маңыздысы шынайы күлкі?Әлбетте.
І.Ал кәзір мақал-мәтел әлеміне саяхат жасаймыз.
1) «100 рет күлсең-бір жылға өміріңді үзартасың»
2) «Күлкіде кейде у да болады.»
3) «Жақсы адам жақсы күледі»
4)Көне қытайларда мынадай мақал болған «Күлімсіремейтін адам дүкен ашпау керек».
ІІ. Шың күлкімен өтірік күлкіні қалай айыру керек?
Бір психолог күлкіні ортақ валютаға тенеген:ол әлемнің барлық түкпірінде қабылдана береді.Бірақ,олда ақша сияқты өтірік болу мүмкін.
Калифорниялық университетінің ғалымы Поль Экман мынындай ақыл-кенес береді:Шынайы сезім адам бетіндегі барлық бұлшық еттерді жұмыс істедеді.Ондай бұлшық еттері адамда 17. Өтірік күлгенде ауыздың айналасындағы бұлшық еттері қозғалады да,бірақ көздері суық боп қалады,үйткені адам көздің айналасындағы бұлшық еттерін өз еркімен қозғалта алмайды.Сонымен қатар өтірік күлкі ассиметриялық болады: солақайлар көбіне оң жақпен күледі,ал оңкайлар –сол жақпен.Күлкінің күші соншалықты әсерлі:төмен баға алғаның күлімсіреп айтса жағымсыз хабарды адам еріксіз күлкімен қабылдайды.Жарнама жасаушыларда күлкінің күшін әбден зерттеген:жарнамалайтың затты ешқашан тұмырайып ұсынбайды.
ІІІ. Күлу-тұмаудан айырылудың ең жақсы емі.
Дәрігерлер тұмаумен күресуде ең тиімді емді тапты.Ол –күлкі.Көңілді адамдар тұмауға қарсы мықты болады екен.Оны америкалық мамандар дәлелдеген екен. Көңілді адамдардың бойында «Бақыт гормоны»-эндорфин көбірек бөлінеді.Бақытты адамдар көбірек күледі.
ІV. Дейл Карнеги «Күлкінің құны».
Америкалық ғалым,ұстаз және публицист Дейл Карнеги өзінің «Мазасызданудан айырылу және өмір сүруді бастау» кітабінда күлкіге назар аударып,тіпті оның құнын бағалады.
Сонымен күлкінің құны қанша?
Оның ешқандай құны жоқ,бірақ ол көп нәрсе береді.
Ол оны көрген адамды байытады,бірақ сыйлаған адамды кедей қылмайды.
Ол бірақ сәт көрінеді,ал есте өмір бақи қалады.
Ол үйге -бақыт, қызметтік қарым-қатынасқа –жылылық әкеледі.
Тек оны сатып ала алмайсың, қарызға ала алмайсың немесе ұрлай алмайсың.Жеке алғанда ол ештене емес.Саған оны біреу сыйлағанша,сол кезде ол баға жетпес дүние.
V. «Күлкіңді әлемге сыйла!» фотосурет көрмесі.
М. «Күлкі-көңіл ажары» ұсыныстары.
Күлкіні ақшадан жоғары бағалаңыз.
Ұмытпаңыз:күлкіде- зор деңсаулық.
Достармен кездескенде күлімсіреңіз.
Қабағы түйулы адам кездескенде күлімсіреңіз.
Сыныпқа кіргенде күлімсіреңіз.
Үйге кіргенде «Сендермен бірге болғаныма бақыттымың!»деп күлімсіреңіз.
Күлкі адамды қанаттандырады.
Күлу мен күлімсіреу ең жақсы емшілер.
Дидактикалық ойын:Көңіл күй және жүріс.
Мақсаты:Сезім қозуын төмендету,алаңдатушылықты азайту.
Ойын барысы:Жүргізуші қозғалысты көрсетіп,көңіл-күйді сұрайды:
-Алдымен ұсақ жауын болып,сосын үлкен тамшы болып жауамыз.
-Торғайға айналамыз,ұшамыз,бүркіт болып ұшамыз.
-Көңілді клоун болып секіреміз.
-Тәй-тәй басып жүрген бала болып жүреміз.
-Ойға шомып жүреміз.
-Анасың терезеден көрген бала болып мойынына асыламыз.
«Болады, болмайды» жаттығуы.
Мен сендерге сөздер айтамын, ал сендер болсандар болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болса- онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді- алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр – аяқтарын топылдатады. Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр. Қыз үйдің суретін салып отыр. Ит аспанда ұшып жүр. Тышқан атпен шауып бара жатыр.
Дидактикалық ойын:.Актерлер.
Мақсаты: Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге,мейірімділікке тәрбиелеу.Басқа адамның көңіл-күйіне назар аударуды үйрету.
Ойын барысы:Балалар шеңбер құрып отырады.Барлығы-актер болады.
Педагог рөлдер ұсынады:
-Ренжіген адам.
-Күзгі бұлт.
-Қатыгез сиқыршы.
-Балмұздағын жерге түсіріп алған бала тәрізді қатуланыңдар.
-Күнге қараған мысық
-Айлакер түлкі
-Қуанышты бала
-Сендер күнді көріп тұрған сияқты
Күлімдеңдер.
Күліп жүр себебі сен бақыттысың:
Мақсаты:оқушылардың өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып өмірге әр қашанда күліп қарауға баулу, олардың он екі мүшелері сау өмірде бақытты жан екенін ұғындыру және мүмкіндігі шектеулі жандарға құрметпен қарауды үйрету.
Оқушылар топ топқа бөлініп мүмкіндігі шектеулі адамдардың бейнесіне енеді яғни бір қолы жоқ адам (бір қолы танылған адам), соқыр адам (көзі байланған адам), мылқау адам (ауызы танылған адамдардың) рөліне еніп білесіп топ болып алдарындағы таяқшалардан үй құрастырып шығуы кереке.
Бой бойымен орналас (көңіл күй көтеру)
Оқушылар көздерін жұмып ашпастан қолдарымен бойларын ұстау арқылы бой бойымен орналасып тұруын тапсыру.
Айғайлап күлу. Мұндай адамдар көбіне ашық мінезді, дені сау, көпшіл болып келеді.
Дыбыс шығармай, ақырын күлу. Мұндай адамдардың мінезі тұйық болады. Адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатын мінезі жұмсақ, көнбіс адамдар да осылай күледі.
Қысқа күлу. Күштің, ақылдың, құпиялықтың белгісі. Мұндай адамдар үлкен қиындықтарды оңай жеңе алады.
Үзіп-үзіп күлу. Көбіне жүйке жүйесі сыр берген күйгелек адамдар осылай күледі.
Дөрекілікпен күлу. Мұндай адамдар жабайы, билікке ұмтылғыш, эгоист болып келеді.
Күлгенде қандай қимыл жасайсыз?
Күлгенде басыңызды артқа шалқайтсаңыз, аңқау, сенгіш адам болғаныңыз. Қиялға берілгіш, арманшыл жандар күлгенде қолын бет-жүзінің кез келген жеріне апарады екен. Ал қолыңызды иегіңіздің астынаапарсаңыз, бойыңызда әлі балалықтың ұшқыны бар адамсыз. Аузыңызды жауып күлсеңіз, өз-өзіңізге сенімсіз, жұмбақ, жалғыздықты сүйетін адам болғаныңыз. Егер күлердің алдында, басыңызды әнтек еңкейтсеңіз, адамдарды ренжітіп алудан қорқатын, кез келген ортаға тез бейімделетін адамсыз. Күлгенде,мұрныңызды тыржитасыз ба? Ендеше, бәрінің сіздің қалауыңыздай болғанын ұнататын өзімшіл, кірпияз адамсыз деген сөз. Ал қабағыңызды қозғалтып күлсеңіз, өз-өзіңізге сенімді, зерек жансыз. Көзді сығырайтып күлу жұмысбасты, жинақы, сенімді адамға тән күлкі.
Күлкі туралы қызықты дерек
Бүгінде адамдар жүз жыл бұрынғыға қарағанда, аз күледі.
Бөбек үлкен адамға қарағанда, 20 есе көп күледі.
Әйелдер ерлерге қарағанда көп күледі.
Күліп, көңілді жүретін адамдар жүрек ауруына аз шалдығады. Америкадағы Калифорния клиникаларының бірінде дәрігерлер мен ғалымдар науқастарға "Күлкімен адамды емдеуге бола ма?" деген сұрақ төңірегінде зерттеу жүргізді. Науқастарға таңертең дәрілермен қоса, анекдоттары бар жаңа газеттер әкеліп берді. Зерттеу нәтижесінде, науқастардың жағдайы анағұрлым жақсарған. Демек, күлкі денсаулықтың жақсаруына әсер ете алады.
Күлкінің төресі - кез келген күйзелісті, жүйкедегі жүкті жеңіп шығатын шынайы күлкі. "Күл! Күлсең, әлем сенімен бірге күлетін болады. Ал жыласаң, сенімен бірге ешкім де жыламайды" депті Элла Уилер Уилкокс. Үнемі жылы жымиып, көңілді жүруге тырысайық..

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген