Материалдар / «Әлемнін асылы- Аналар!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Әлемнін асылы- Аналар!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әйел-Ана-өмірдің- өзегі,тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаhаттың ,пәктік пен тазалықтың қайнар көзі екенін бәрімізде ұғамыз.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Хор (бастауыш сынып)

Хор (бастауыш сынып)


жүргізуші: (Аслан)

Қайырлы күн, аса қадірменді арулар! Ардақты аналар! Ұлағатты ұстаздар!


Хормен: ( Аслан,Гаухар)

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


Аслан: Бұл тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.


Гаухар: 8 Наурыз -жылдың ең аяулы,жарқын және тамаша күні!

Құрметті арулар,шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын.Табиғаттың әсемдігі сарқылмайтын шабыт сыйласын!


Аслан: аяулы-Аналар,Ұстаздар! «Әлемнін асылы- Аналар!»

атты мерекелік ән кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!


жүргізуші: (Гаухар )


Оятқан күліп таңдарда,


Жарқ еткен мынау жалғанда


Аямай берген шуағын


Анадан асқан жан бар ма?


Аслан: Әйел-Ана-өмірдің- өзегі,тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаhаттың ,пәктік пен тазалықтың қайнар көзі екенін бәрімізде ұғамыз.

Сіздердің алдарыңызда Жаналиева Айханымның орындауында «Бақытты әйел» әнін қабыл алыңыздар!



жүргізуші: (Аслан)

Қазақ қызы намысым,арымсың

Бірің ана,бірің әпке,жарымсың.

Қазақ қызын бүкіл әлем тек қана,

Адалдықтың символы деп танысын


жүргізуші: (Гаухар)

Қазақ қызы қырмызыдай сұлусың,

Кейбіреулерге өмір бойы жылусың,

Қазақ қызы қырық үйден тыйылған

Әр қазақтың тәрбие көрген гүлісің.


«Қазақша би»

Музыка ойнап кетеді. ( Аделя өзінің биін билей береді)

1-жүргізуші:(Аслан)

Әлемдегі ең асыл жан ол-Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады.Олай болса Аналарға арналған жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар ( Мерей,Әлішер,Сәния)



2-жүргізуші:( Гауhар)

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,Жанары ,жаны жаздай жайраңдаған дей келе Әсем сұлулыққа арналған(9в сынып қыздары Ақниет,Даурия,Азельдің орындауында «Махаббат әні» қабыл алыңыздар.



Аслан: Құрметті ұстаздар! Сіздердің қолдауларыңызбен кішігірім сұрақ-жауап ойынына қатысуларыңызды сұранамыз.Олай болса ойынымызды бастаймыз. Бірінші қояр сұрағым:



1. Мектептегі ең сүйікті оқушыңыз кім? ( Рая әпкей)

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді? (Әсем әпкей)

3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде

ме? ( Аиида әпкей)

4. Мектебіміздің ең-ең белсенді оқушысы кім деп ойлайсыз?

(Ақмарал әпкей)

5. Бүгінгі мерекеге сай ән жолдай аласыз ба?( Қарлығаш әпкей)

6. Әріптестеріңізді құттықтап «Қ» әріпінен басталатын 4- тілек

айтып берсеңіз? ( Индира әпкей)

7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?( Сара әпкей)

8. Сіздің ойыңызша анаңызға қандай сыйлық жасар едіңіз?


Гаухар: Мінекей, көңілді ойынымыз да мәресіне жетті. Ойынға қатысқан ұстаздарымызға мың алғыс білдіреміз! Қошемет көрсетіп қояйық! (Шапалақ соғу)

9 а сыныбының қыздары Аружан, Аделя, Аянаттың орындауында әсем әнге кезек берейік « Қазақ қыздары» қабыл алыңыздар!



Аслан: Ана-әлемнің шамшырағы, бесіктің иесі ,өмірдің керегесі. Анаға қанша тілек,қанша мақтау мен алғыс айтсақ та аз болмайды.


Гаухар: «Жақсы сөз-жарым ырыс» демекші, анаға жылы да,жұмсақ сөз айтуды,алғыс білдіру мен мейірім танытуды ешқашан ұмытпайық достар!


Музыка ойнап кету керек: «Күлпаш» биін билейді(Алдияр,Нуриддин,Алишер,Аяулым,Ақниет,Даурия)

Аслан: Аналарымызға, Аяулы ұстаздарымызға арналған әндер,жырлар,ізгі тілектер, жылы лебіздер қаншама! Халық арасында «Ана бір қолымен бесікті тербетсе,екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қанатты сөз бар.


Гаухар:Ендеше Аналарымызға,Аяулы қыздарға арналған жырымыз,әніміз,тілегіміз ешқашан таусылмауға тиісті және таусылмайды да.


Оқушыларымыздың құттықтау әнін қабыл алыңыздар

М. Омаров «Ана жыры»



Аслан: Ана -деген ұлы сөз бар ғаламда,

Ана сөзі сақталады санамда.

Ана деген бұл өмірдің мәні ғой

Ана деген бұл өмірдің бағы ғой


Гаухар: Ендігі ән шашуымызды әуезді әнмен жалғастыратын қыздарыңызды қабыл алыңыздар. (Мұса Азель,Бейсенбек Даурия,Тілебек Ақниеттің орындауында «»



Аслан мен Гаухар хормен

Әлемнің жарығын силадың сен маған

Даланың әр гүлін жинадың сен маған демекші ,

Аслан--------

Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр » хорын қабыл алыңыздар.

Гаухар-----

Солист дене тәрбиесінің ұстазы: Жақыпов Ғалымжан

Флешмоб



















Әлемнің асылы аналар











































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!