Әлемнің әміршісі - еңбек

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлемнің әміршісі - еңбек

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарымен бөлісу. 8 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Күні

14.11.2022

Мұғалімнің есімі:

Омбаева Б.М

Сынып 8 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Тәрбие сағатының тақырыбы:

Әлемнің әміршісі – еңбек

Тәрбие бағыты

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Сабақтың мақсаты:

Кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Еңбектің наны тәтті екендігін таныстыру. Еңбекқорлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Музыкалық және бейне көркемдеу

Слайд, суреттер, бейнеролик.

Ресімдеу

Буклеттер, кестелер, кітап көрмесі, карта, суреттер, слайд.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Бейнеролик, интербелcенді тақта,слайд

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Сабақ басы


(5мин)











Негізгі бөлім


ақпарат

(15мин)
































































Соңы (5мин)


Ұйымдастыру кезең

Сәлемдесу. Білім алушыларды түгендеу

Кіріспе. Мұғалім сөзі:

Мұғалім: адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетінін түсіндіру. Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.

Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған.  Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»Еңбектену  тек адамға ғана тән деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамыл таппай еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектенеді екен? Алдымен соған мысал келтірсеңші, сонда ойың дәлел болар еді ғой. Сен «Құмырсқа елінде» деген әңгімені оқыған шығарсың. Құмырсқа илеуінің ішінде қаншама «бөлмелер» бар. Әр бөлмені пайдалану ретіне қарай «аналық құмырсқа бөлмесі», «балалар бөлмесі», «азық қоймасы»  т.б. деп атауға болады. Сондай-ақ бал арасының қалай ұя салатынын айтсақ та жетпей ме?  Мысалдарың тамаша! Жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар ғой.Қандай айырмасы бар?  Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды. Адамнан басқа қандай жануар арнай шам жасап қараңғыны жарық етеді? Адамның еңбегі- саналы еңбек, оған  мысал келтіріп айтуға болады.Демек, адам табиғатта кездеспейтін алуан түрлі күрделі заттарды, бұйымдарды ақылмен ойлап жасайды екен. Дегенмен оны алғашқыда табиғаттан көріп үйреніпті.  Адам табиғаттан үйреніп  кейбір заттарды ойлап тапқан.

   1-оқушы:  Аспанда қалықтап ұшқан құсқа қарап ұшақты ойлап шығарды.

   2-оқушы:  Бал арасының ұясын, ағаш жапырақтарының діңі, бұтақтарының орналасуын, құрылымын т.б зерделеп, алуан түрлі ғимараттар салды.

   3-оқушы:  Құмырсқа илеуіне негізделген қалалар тұрғызды.

   4-оқушы:  Балықтың жүзуіне қарай отырып кемелер жасалды.

   5-оқушы:  Табиғаттағы инелікке қарай отырып тікұшақ жасады.

   Осы айтылған аз мысалдан-ақ адам еңбегінің жасампаздығын байқаймыз.Сонымен  тіршілік үшін ауадай қажет, онсыз бір күн де өмір сүруге болмайды. Заттың бәрін адам баласы өз қолы, өз еңбегімен жасайды. Адам өз қолымен жасайтын еңбегі әрі сарқылмас жігерімен құдіретті.    Еңбектің арқасында адам жетіліп дами бермек. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта-жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді.    Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.

Рефлексия

- Өзіңе пайдалы мәлімет ала алдың ба?

- Қандай әсер алдың?

- Тілегіңмен ұсынысың бар ма?

Берілген ақпаратпен танысып, өз ойларын білдіреді.


























Тақырыпты тереңірек қарастырады.
















































Қорытындылау

Интербелсенді тақта


Слайд





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2023
545
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі