400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әлемнің әміршісі - еңбек" тәрбие сағаты қмж+анықтамасымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағатының қмж+анықтамасымен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар


Тәрбие сағаты

«Әлемнің әміршісі-еңбек»

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Әлемнің әміршісі-еңбек»

Сабақтың мақсаты:

Еңбек етудің маңызын ашып, экономикалық сауаттылыққа дағдыландыру.

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық мүдде

Ресімдеу

Слайд,презентация,видео

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Таратпа қағаздар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация, плакаттар, QR кодтар

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (10 мин)


«Самұрық Қазына» әл-ауқат қоры, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры логотиптері суреттерін суыру арқылы топ құру

-Топ атаулары нені білдіреді?

-Қандай қызмет атқарады? Немен айналысады?




өзіндік пікірлерін мысалдармен білдіреді.

Таратпа қағаздар






Сабақ басы (20 мин)














1. Абайдың 42 қара сөзін тыңдау

-Толғамда қандай мәселе қозғалады?

-Еңбек етудің қажеттілігі неде?

-Не үшін еңбек етер едің?

2. Әл-Фарабидің «Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз» деген тұжырымындағы ой қандай?

3. Еңбек еткен соң еңбектің ақысы болады. Сол ақы немен өлшенеді?

-Ендеше, табыс көзі-еңбек.

«Ақпараттағы ақаулық» тәсілімен Самұрық Қазына» әл-ауқат қоры, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры туралы мәтінді талқылау

1-топ: Табыс көзін жарнамалау

2-топ: Отбасы бюджетін жоспарлау
3-топ: Абайдың 42 -қара сөзіндегі еңбек түсінігін бүгінгімен салыстыру

-Тақырыпқа қызығушылығы артады.

-Өздері ұстанымдарын түсіндіреді.

-Өзіндік пікірлерін білдіру арқылы адами құндылықтарды көрсетеді.

-өзара мәлімет алмасады

-топтық тапсырманы қорғайды

Презентация



 видеоролик

Соңы










Кейс талдау «Үнемшілдік кедейдің басына ғана жазған ба?»

  • Өзіне тек қана қымбат бұйым, қымбат киім сатып алуды әдет еткен бай адамның бейнесін шынайы кейіп деп айта алмай- мыз. Американдық экономистер Томас Дж. Стэнли мен Уиль- ям Т. Данко жүргізген зерттеу қорытындылары көрсеткендей, миллионерлердің басым көпшілігінің күнделікті шығыны қарапайым тұтынушылардың шығынымен пара-пар. Мәселен, миллионерлердің елу пайызының үстеріне киген костюмі 399 АҚШ долларынан қымбат емес, сол сияқты олар өз өмірлерінде ешқашан 235 доллардан жоғары бағаға қол сағат сатып алмаған. Жалпы, миллионерлер өз отбасымен, туған-туысқандарымен аралас-құралас болғанды бірінші орынға қойса, екінші ретте өзінің қаржылық жағдайын сараптап, инвестициялаудың жаңа мүмкіндіктерін талдауға салғанды жөн көреді екен.

Ал, біздің қалаларымыздың біразында жүргізген зерттеу қорытындылары көрсеткендей, қазақстандықтардың үштен екісі инвестиция жасауға әзір емес.

Біздің отандастарымыз капитал жинақтаудың мәнін көріп отырған жоқ. Ал, миллионерлердің тәжірибесіне сүйенсек, инвестицияға салған алғашқы қаражаттарын олар өз шығындарын оңтайландыру нәтижесінде мүмкін еткен. Яғни, тапқан табысын көрегендікпен үнемдей отырып, молшылыққа қол жеткізе алған. Әлемдік деңгейдегі ең табысты инвестордың бірі Уоррен Баффет өз капиталын жоқты бар етіп жинақтаған. Қара жаяу газет тасушы ретінде бастаған Баффет мырза, бүгін 13 миллиард АҚШ долларынан тұратын байлықтың иегері. Себебі, ол қашанда қарапайым өмірді қанағат еткен, қымбат коттедж, қымбат мейрамханадан гөрі та- быс қаражатын инвестицияға салғанды жөн деп тапқан.

«Ойыңды білдір»

  1. «Зейнетақыға   күн   көретін әжелер, жалақысы  олардың зейнетақысынан 3-10 есе артық  балаларына  қалай көмектесіп  тұрады?»

  2.  «Қыруар миллионға қол жеткізу үшін үнемі әр нәрседен бас тарту қажет пе?»

Рефлексия: «Мен өз инвестициямды не үшін жинаймын»

-өзіндік ойларын ортаға салады.




презентация



«Алғабас жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 9 сынып жетекшісі А.Е.Асқарованың «Әлемнің әміршісі-еңбек» тақырыбында  өткізілген сынып сағатының



Анықтамасы

21.09.2023 жылы 9-сыныпқа   ««Әлемнің әміршісі-еңбек» тақырыбында қашықтықтан сынып сағаты өткізілді.

Сабақтың мақсаты:

Еңбек етудің маңызын ашып, экономикалық сауаттылыққа дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Ел экономикасындағы жаңалықтарды біледі.

  • Абайдың 42 қара сөзінің мағынасын түсінеді.

  • Еңбектің мәні мен адам әрекетіне өзіндік баға береді.


Жоспарға сәйкес оқушылар мына сұрақтар төңірегінде өз ой-пікірлерін ортаға салды:

1. Абайдың 42 қара сөзін тыңдау

-Толғамда қандай мәселе қозғалады?

-Еңбек етудің қажеттілігі неде?

-Не үшін еңбек етер едің?

2. Әл-Фарабидің «Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз» деген тұжырымындағы ой қандай?

3. Еңбек еткен соң еңбектің ақысы болады. Сол ақы немен өлшенеді?



Сынып жетекшісі: А.Е.Асқарова





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
23 ұстаз жүктеп алған
12 қаңтар
916
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі