Әлемнің
әміршісі-еңбек.
Сабақ
мақсаты:
1.
Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық
жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру.
2.
Оқушыларды адал еңбекке баулу ,
кәсіптік білім беру.
3.
Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек
адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.
«Топтастыру»
әдісі
Балалар
, бүгінгі ашық тәрбие сағатының тақырыбы:
Әлемнің әміршісі-еңбек. Балалар,
еңбек сөзін естігенде ойларыңа не
келеді?
/Оқушылар
өз бетінше ойларын жазып, қорғап шығады/.
Слайд
арқылы «еңбек» деген сөзге топтастыру
жасау.
Кім
болам? Жұмбақ шешу;
Енді
келешекте өз орнымызды , мақсатымызды
, таңдайтын мамандығымыз жайлы
қазірден бастап ойлануымыз керек! Әрбір
мамандықтың біз білмейтін қыр-сыры
бар.
Ала
таяқ ұстаған,
Жол
тәртібін нұсқаған.
Өміріңді
күзеткен,
Ысқырығы
күшті адам.
/милиционер/
Бал
тамған мәзір,
Ол
бар жерде әзір.
/аспазшы/
Оқу-білім
бағдары,
Заманының
бағбаны.
/мұғалім/
Өскен
шашты жаратпайды,
Қайшысы
бар жалақтайтын
/шаштараз/
Келіп
баған қасына,
Өрмеледі
басына.
/монтер/
Еңбек
орны-танабы,
Сүйікті
ән- дала әні.
Егін
салып, мәпелеп,
Асырайды
қаланы.
/дихан/
Өңкей
сығай екі топта
Таласып
жүр бір допқа.
Бұл
кім ?
/футболшы/
Күміс
қанат сұңқары,
Көкке
еркін сүңгиді.
Бұлттан
да тым әрі
Кеткен
жанды кім дейді?
/ұшқыш/
Мәтінмен
жұмыс. /Грузин ертегісі/ «Еңбекпен
тапқан тиын»
Біреудің
ерке ұлы болыпты.Өзі жалқау екен .Сөйтсе
де әкесі оны бағып -қағып,киіндіріп
жүріпті.Ақыры кәрілік жеңіп,сырқаты
күшейген қарт әйеліне айтыпты :
-Өмір
бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа
біреуге беремін.Ұлыма ештеңе
Қалдырмаймын.Ол
–жалқау.
Ұлын
аяп,анасы он сомдық алтын береді:
-Кешке
дейін бір жерде бола тұр,-дейді ол
баласына.-Қараңғы түскен соң үйге
кел.Содан соң « Мынаны еңбегіме алған
едім »,-деп,әкеңе бер.
Баласы
шешесінің айтқанын орындайды .Алтынды
шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:
-Бұл
сенің еңбекпен тапқан ақшаң емес,-депті.
Ұлы
жымиып күліпті де ,түк айтпай шығып
кетіпті.
Қулықтан
ештеңе шықпайтынын білген анасы:
-Біз
әкеңді алдай алмайтын көрінеміз,балам.Одан
да ақшаны жұмыс
істеп
тап ,-деп ақыл айтыпты.
Анасының
тілін алып ,бала бір апта жұмыс
істейді.Тапқан тиынын әкесіне береді.Қария
алтынды тағы да отқа лақтырып жіберіп:
-Жоқ,бұл
да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес,-депті.
Бұған
ұлы шыдай алмай,шоқтан жалаңаш қолымен
ақшаны суырып алады
да:
-Әке!
Мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып
жүріп таптым.Сіз
оны
отқа тастайсыз. Мұныңыз қалай?-деп айқай
салыпты.
Сонда
әкесі тұрып:
-Бұл
ақшаны шынында да,өз еңбегіңмен тапқан
екенсің,балам.Көзім жетті,-
депті.
/Мәтін
бойынша сұрақтар қою/
Жалғасын
тап:
Еңбек
ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке
жеткізер )
Еңбек
етпей елге өкпелеме, … ( егін екпей жерге
өкпелеме )
Еңбек
етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің
)
Еңбегіне
қарай — құрмет, … ( жасына қарай – ізет
)
Еңбек
адамның … ( екінші анасы )
Еңбек
– ата, … ( жер – ана)
Еңбек
ет те мақтан, … ( ойнап күл де шаттан )
Еңбекке
жастан, … ( өнерге бастан )
Балалар,
адамға өмір сүру үшін нелер қажет?
Ауа,
су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға
берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден
еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді.
Осы тағамнан басқасы да адамның өмір
сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның
ішін заттармен толтыру, денсаулығын
сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен
келеді
Сергіту
сәті « Дұрыс па, бұрыс па?»
Дұрыс
болса қол көтереді, бұрыс болса
көтермейді.
Қойшы
балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші
машина жүргізеді
Аспазшы
үй салып жүр.
Дәрігер
адамдарды емдейді.
Жазушы
хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер
етік тігіп отыр.
Мұғалім
балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш
әдемі киім тігеді.
Өрт
сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші
сахнада ән айтып тұр.
Шығармашылық
деңгей
«Еңбек-
түбі береке»тақырыбына
әңгіме құрастыруға беру.
Қорытынды:
Еңбектің
пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді,
күш береді, қуантады, бақытты етеді,
өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға
үйретеді, ширатады, шынықтырады.
Адамның
өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен
келеді.