Тақырыбы: Әлемнің әміршісі сандар
Сайыстың мақсаты:
Оқушылардың математика
сабағында алған білімдерін жинақтап есеп шығаруға қажетті ережені
тиімді пайдалану арқылы математикалық тілде сөйлеуге, өз ойын ашық
айтуға үйрену.
Пәнге қызығушылығын
арттыру
Жүргізуші: Көңілді
тапқырлар білгіштер
Бар өнерін алдарына салады
Кім білімді көп оқыған болса егер
Бүгінгі кеш жеңімпазы болады
Есептен сайысады төрт тобымыз
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық шығуларын жұрт алдына
Ортаға «Фигура»,
«Шеңбер»,
«Бұрыштар» тобын шақырамыз.
Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.
1. Таныстыру.
2. «Кім қырағы» сайысы
3. «Тіл өнер»
4. «Жорға»
5. «Тапқырлар» сайысы
6. Жанкүйерлер сайысы.
Қорытынды.
1-бөлім.
Таныстыру
2-бөлім. «Кім
қырағы» сайысы.
Шарты: Интерактивті тақтадан математикалық терминдер көрсетіліп,
қайта жасырылады.
Әр топ сол терминді атап, анықтама береді.
3-Бөлім «Тіл-өнер»
Шарты: Оқушы мақал мәтелдердің айтылмай қалған бөлігін тауып, орыс,
ағылшын тіліндегі аудармасын айтады.
1) Жұт ...
ағайынды.
(жеті)
Жеті-семь-seven.
2) Айдағаны ... ешкі
ысқырығы жер жарады.
(бес)
Бес-пять-five.
3) Өзі сөйлей білмейді,
салған ізі сөйлейді.
(қалам)
Қалам-ручка-pen
4) Алты қырлы, алты
сырлы.
(қарындаш
)
Қарындаш-карандаш-pensеl.
5) Екі қолға ...
күрек.
(бір)
Бір-один-one.
6) Ел құлағы
....
(елу)
Елу-пятьдесят-Fivty
7) Жігітке жеті өнер де
аз, ... өнер көп емес.
(жетпіс)
Жетпіс-семьдесят-Seventy.
8) Отыз тістен шыққан
сөз, ... рулы елге тарайды.
(отыз)
Отыз-тридцать-soty.
9)
4-бөлім
«Жорға»
Жүргізуші: Ақынжанды болмаған
Математикте бола алмас
Жақсы шумақ туылмай
Көңілге әсте қона алмас-дей келе Жорға бөлімінде оқушылардың
Математика пәні бойынша білім деңгейі
анықталады.
6-сынып
-
Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
-
Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қалай
салыстырамыз?
-
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай
қосамыз?
-
Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
-
Әріптердің көмегімен бөлімдері бірдей жай
бөлшектерді қосу ережесін жазып көрсет
-
Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай
қосамыз?
-
Аралас сан дегеніміз не?
-
Әріптердің көмегімен бөлімдері бірдей жай
бөлшектердің азайту ережесін жазып көрсет.
-
Аралас сандарды қалай қосамыз?
-
Аудан мен периметрдің
айырмашылығы қандай?
7-сынып.
1. Тік бұрыш неше градус?
2. Шаршының неше қабырғасы бар?
3. Бір бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын түзу
4. 0-ден үлкен сандар
5. а2+в2 =?
6. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем.
7. Геометрия қай елдің сөзі?
8. Периметр деп.....
9. Алгебра қай елдің сөзі?
10. Сыбайлас бұрыштардың анықтамасы.
8-сынып.
1. Пифагордың теоремасын айт.
2. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы деп....
3. Жазыңқы бұрыш неше градус
4. Қиылыспайтын түзулер
5. Катет қай үшбұрышта болады
6. 225тің квадраты қандай?
7. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы деп
8. Үшбұрыштың ауданы.
9. Трапецияның ауданы.
10. Үшбұрыштың орта сызығы.
5-бөлім.
«Тапқырлар» сайысы.
1. Түнгі сағат 12 де жаңбыр жауып тұр, 48 сағаттан кейін күннің
көзін көруге бола ма?
2. 86 санын қағаз бетіне жазбастан 12-ге арттыр.
3. Алманың жартысы неге ұқсайды?
4. Жылдың неше айында 28 күн бар?
5. Бір таяқтың неше ұшы бар?
6. 188 ді екіге бөлсек 100 шығады қалай?
7. Үш түйе құс ұшып барады, аңшы олардың біреуін атып алды. Нешеуі
қалды?
8. Столдың бір бұрышын кессең неше бұрышы
қалады?
9.
Қандай сан, барлық санға
қалдықсыз бөлінеді? (0)
10. Екі ат 30 км жүгірді. Әр
ат қанша километрден жүгірді? (30)
11. Отбасында екі әке және екі
ұлы бар. Отбасында қанша ер адам бар?
(3)
12.
Үстел үстінде 3 стақан шие тұр. Марат шиені жеп
қойды. Үстел үстінде неше стақан қалды? ( 3 )
13.
6 балықшы 6 балықты 6 күнде жеді. Неше күнде 10
балықшы 10 балықты жейді? (6)
14.
Барлық цифрлардың көбейтіндісі нешеге тең?
(0)
15.
Бөлгіш және бөлінді қашан тең болады? (бөлінгіш
1-ге тең болғанда)
16.
Ең кіші натурал сан.(1)
17.
Бөлмедегі әр бұрышта 1 мысықтан және оған қарама
қарсы 3 мысытан отырса, бөлмеде неш мысық бар? (
4)
18.
1 пуд неге тең? (16 кг)
19.
Шаршының периметрі 20см. Оның ауданы неге тең?
(25)
20.
Тоннада қанша центнер? (10)
21.
Дөңгелектін екі нүктесін қосатын және центр
арқылы өтетін кесінді.(диаметр)
22.
Түзудің шектелген бөлігі.
(кесінді)
23.
Ең кіші үштаңбалы сан.( 100)
24.
Қандай санға бөлуге болмайды?
(0)
25.
Тең қабырғалы тікбұрыш. (шаршы)
26.
Көпбұрыш қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.
( периметр)
27.
Кубтың неше ұшы бар? (8)
6-бөлім. «Жанкүйерлер»
сайысы.
Ортаға әр топтың 2жанкүйері шығады да математикалық терминдер
жазады.
Шарты: терминнің соңғы әрпі келесі сөздің бас әрпі болуы
керек.
7-бөлім
«Қорытынды».
Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдалды
Кеш қызығын талай адам тыңдады
Тәрбиелі тәлімі мол әсерлі
Болса егер көңіл жақын таңдады
Ал қазір әділқазылар сөз алады
Сайысымыздың жеңімпазын анықтап
Мақтау қағаз сыйлықтарын тапсырады - дей келе сөз кезегі
әділқазыларға беріліп қорытындыланады.
Ә.Молдағұлова атындағы
негізгі мектебі
(
«Әлемнің әміршісі
сандар»
математикалық сайыс)

Сыныбы: 6-8
Өткізген:Рамазанова
Ж.Қ
2018-2019 оқу
жылы