400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпараттық жүйелер және ресурстар. Білім беру ақпараттық ресурстары.

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пән мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Курс:

1

Топ:

МЦМ, ТЭ, СВ,ОПИ-18-9

Сабақ нөмірі (пара)

1

Мамандық, біліктілік:

1113000 «Түсті металдар металлургиясы» мамандығы, 1003042 Су ерітінділерін электролиздеуші біліктілігі; 1114000 «Дәнекерлеу ісі» мамандығы, 111401 2- Дәнекерлеуші (барлық атаулары бойынша) біліктілігі; 0709000 «Пайдалы қазбаларды байыту» (кен байыту) мамандығы 070903 3-Ұсатушы біліктілігі;

Модульдың атауы:

Информатика

Сабақтың тақырыбы:

1 бөлім. Ақпарат және ақпарат үрдістер

1.1 Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпараттық жүйелер және ресурстар. Білім беру ақпараттық ресурстары.

Күн:


Ұзақтығы:

2 сағат

(90 мин)

Өткізу жері:

ЖМ «Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжі», аудитория №405

Сабақтың мақсаты:

Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.

Сабақ мақсаттары:

1) Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.
2) Студенттердің өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын, сөйлеу шеберліктерін, өз беттерімен іздену дағдыларын дамыту.

3) Студенттерді ұқыптылыққа, жауапкершілікке, достық қарым–қатынасқа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

1. Ақпарат ұғымын сипаттай алады

2. Ақпараттану (Информатика) туралы айта алады.

3. Ақпаратты жүйелер түрлерін біледі.

4. АЖ-лер қызметі мен ерекшеліктерін айқындай алады

Сабақтың түрі:

Теория

Оқу әдістемесі, әдістемелік, педагогикалық әдістер, педагогикалық технологиялар:

Проблемалық оқыту технологиясы, «Үш деңгейлі үй тапсырмасы» әдісі

Қажетті жабдықтар мен құрылғылар

Компьютер, интерактивті тақта, презентация, оқулықтар, дәптерлер, үлестірмелі қағаз.

Қосымша

көзі (әдебиеттер):

Ә. 1, 11 б.

















Сабақтың барысы

Уақыт (минут)

Оқытушының әрекеттері

1

2

3

1. Ұйымдастыру кезеңі

2

Білім алушылармен амандасу, сабаққа қатысуын тексеру

2. Білімнің өзектілігі

15

Білім деңгейін тексеру мақсатында білім алушыларға сұрақтар қою

3. Жұмыстарды өз бетімен орындау

25

Қауіпсіздік ережелерін қайталау, ақпарат ұғымы, ақпараттық жүйелер

4. Зерттелген материалды түсінуді бастапқы (аралық) тексеру

14

Оқытушы ауызша сұрақтар қою арқылы білім алушылардың тақырыпты түсінгендігін тексереді.

5. Оқуды бақылау және өзін-өзі бақылау

және қызметтің әдістері

10

Оқытушы жаңа тақырыпты меңгеру нәтижесі бойынша белсенді білім алушыларды бағалайды

6. Білімді жалпылау және жүйелендіру

20

Білім алушыларға тапсырма-карточкалар тарату

7. Үй тапсырмалары туралы ақпарат беру

2

Оқытушы сабақты қорытады. Бағалар қойылады

8. Қорытындылау

сабақ және рефлексия

2

Оқытушы жаңа тақырыпты түсінбеген студенттерге қысқаша түсіндіріп өтеді және қосымша тапырма береді








































Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Оқытушының іс - әрекеттері

Студенттердің іс - әрекеттері
Білу Оқушылармен амандасу. Шаттық шеңберін құру арқылы, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Қауіпсіздік ережелерін қайталау сұрақтары.


1. Жалпы техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелеріне қойылатын қандай талаптар бар?


2. Компьютерлік сыныпқа кірер алдында қандай талаптар қойылады?


3. Компьютермен жұмыс істер алдындығы қойлатын талаптарды ата.


4. Компьютермен жұмыс істеу барысында қандай талаптар қойылады?


5. Компьютермен жүмыс аяқтағаннан кейінгі қойылатын талаптар.


6. Электр тоғымен зақымданғанда қандай алғашқы көмек көрсету тәсілдері бар?


7. Көз талғанда қандай жаттығулар жасалынады? Оқушылар шаттық шеңберге тұрып, бір-біріне жылулық тілектерін айтады 



Орындарынан кезекпен тұрып, сұрақтарға ауызша жауап береді.



Түсіну

Ақпарат адамнан да ерте туған құбылыс. 
Ақпарат ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада қолданылатын көп мағыналы ұғым. Латын тілінде “informatio” - түсіндіру, мазмұндау деген мағынаны білдіреді. 
Сонымен, ақпарат деп қоршаған орта мен онда болып жатқан әртүрлі құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығын айтамыз. 
Ақпараттану (Информатика) – электронды есептеу машина (ЭЕМ) арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.
Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз. 
Ақпаратты жүйелер – ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған және онымен түрлі әрекеттер жасауды және оны енгізуді қамтамасыз етуші, сонымен бірге түрлі белгілері бойынша іздеу салушы, есеп жасаушы жүйелер.
Ақпараттық жүйе жобасы деп – нақты бір программалық ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану бойынша жобалық шешімдердін сипаттамасы бар жобалық-конструкторлық және технологиялық құжаттаманы айтамыз.
Сонымен ақпараттық жүйе (АЖ) дегеніміз - қандай да бір нысанды басқаруға қажетті қойылған қоғамдық мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, «дәстүр және персоналдардың өзара байланысқан жиыны.
Бағыныңқы жүйе дегеніміз – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйенің бөлігі.
Ақпараттық қамтамасыз ету – АЖ мен ақпараттық технологияға қажетті элементерінің бірі басқарыталын нысанның күйін және басқару шешімін сипаттайтын ақпаратты бейнелейді.
Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйенің жұмыс жасауға арналған техникалық жабдықтар кешені. 
Математикалық қамтамасыз ету – Аж-нің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер және программалар жинытығы,сонымен қатар, ол техникалық құралдар кешенінің қалыпты қызметіне жағдай жасайды.
Программалық қамтамасыз ету – есептеу техникасын қолдану арқылы, ақпарат жүйесіндегі мақсаттар мен есептерді жүзеге асыруды қолдайтын программалар жиыны.
Оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып, берілген сұрақтарға өз бетінше жауап береді

Қолдану 1-тапсырма.

Карточкамен жұмыс


Ұяшықтағы сөздерді орындарына қойыңыз 


2-тапсырма

Талдау
Венн диаграммасы арқылы ортақ қасиетін табу

Ұқсастығын тауып жазады


Бағалау
Бағалау критериясы


№ Сұрақтар балл


1 Мен ақпарат туралы білемін 1


2 Ақпараттық жүйе мен ақпараттық технологияның айырмашылығын білемін 3


3 Бағыныңқы жүйе туралы айта аламын 2


4 Ақпаратты тарату және қабылдау тәсілдерін білемін 4


5 Ақпараттық бейне қандай бөліктерден тұратынын білемін 3


3-6=3
6-11=4
11-13=5

Үй тапсырмасы:


Ә. 1, 11 б..



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
954
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі