400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған

Материал туралы қысқаша түсінік
ана туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Тәрбие сағаты

Сыныбы:

4

Уақыты:


Шараның тақырыбы:

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған..............

Құзіреттілікке жеткізетін шараның мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық:


ә) коммуникативтік:


б) проблеманы шешу:



Ақпарат көздері арқылы оқушыларға өткен ана құдіретін, оның өмірдегі алатын орнын айта отырып, аналарға алғыс айту керек екендігіміздіә меңгерту

Халқымыздың ата-бабадан келе жатқан асыл салты ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау т.б. үлгі-өнеге, жасы үлкенді сыйлау, парсатты мейірімді болуға үйрету.

Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық т.б. жақсы қасиеттерді қалыптастыру

Шараның типі:

Аралас сабақ

Шарада қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ынтымақтастық.

Шараның әдісі:

Көрнекілік, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттік оқу, бейнелеу

Оқыту құралдары:

Көрнекіліктер, плакат

Шараның

бөлімдері

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру

бөлімі

А) Амандасу

ә) Түгендеу

б) Сабаққа әзірліктерін тексеру.

а) Амандасады, танысады.

ә) Кезекшілік қызметтерін атқарады.

б) Назарларын аударады.

Сабаққа даярлықты ұйымдастырып, оқу-шылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Негізгі бөлім

- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз қалай аталады?

- Тәрбие сағаты кімдерге арналады деп ойлайсыздар?

- Дұрыс айтасыздар, тәрбие сағатымыз барлық аналарға және Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның мерей жасқа толу құрметіне мектебімізде өтіп жатқан апталыққа орай өтуде. Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол-Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтын да Ана. Бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар, жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Біз қазақ деген қасиетті халықтың қызымыз. Қыз Жібек пен Баян Сұлудың, Мәншүк пен Әлияның сіңлілеріміз. Қазақ қыздарын әлемге әйгілі еткен бұлбұл әншіміз Күлаш Байсейтованы, Роза Бағланованы, атақты күйші Дина Нүрпейсованы, сахнаның сәні Әмина Өмірзақованы, ақын қыздарымыз Фариза Оңғарсынова мен Ақұштап Бақтыгерейованы, елдің анасы, жетімдерді желеп-жебеп жүрген, солардың қуанышына бөленген Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваны әрқашан үлгі тұтып мақтан етеміз. Сара Алпысқызы жетімдерге арнап «Бөбек» қорын құрып, оларды өз қамқорлығына алып отыр. Сонымен қатар біз оқып отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуді көздейді.

Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай,-деп ақын жырлағандай, әйел тек аяулы ана, нәзік қыз ғана емес, сонымен қатар белсенді қызметкер.

«Ат биеден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әншіде, мың бұралған бишіде анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

Ендеше балалар кезекті сыныбымыздың әншілеріне береміз.

Ән: «Анашым» ор:..................................


-Балалар, үйдегі алтын қазық кімдер деп ойлайсыздар?

-Өте дұрыс балалар, үйдегі алтын қазық-ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана-ақылшың, әке-қамқоршың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейрімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.

Ана дейміз бәріміз аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген-алтын қазық, алтын бақ.

Ана десем, сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бір адамға берсе ана мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

  • Ендеше, балалар барлығымыз хормен ән салайық.

  • Жарайсыңдар, балалар! Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту-таралғының, бақыттың керегі жоқ.

Балалар енді топтастыру әдісі бойынша «Ана» сөзін топтастырамыз.


Ана деген - адамзаттың данасы,

Ана деген – сәбилердің панасы.

Ана деген – жарық жұлдыз шырағың.

Ана деген – қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген - өмірдегі қамқоршың,

Ана деген – сүйінерің жан құрбың – дей келе кезекті сынбымыздың ақындарына береміз.

.....................................................................

  • Әлемнің жараығын сыйладың сен маған

  • Аналарға





  • Назар салып тыңдайды










































  • Ән тыңдайды


  • Ана






  • Оқушылар өздері білетін ана туралы өлеңдерін оқиды.









Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»


Ұстаз перзент тәрбиелеуші қызметкер


Ана


Зейнеткер ғалым ақылшы







- Оқушылар өз жандарынан шығарған өлеңдерін оқиды.









Жаңа ақпаратпен білімдерін толықтырады.


















Ақпарат көздері арқылы қазақ халқының ару аналары жайында мағұлмат алып, түсініктері қалыптасады



































Оқушылардың ойлау қабіллеті дамиды.






ІІІ. Қорытынды бөлім

Ақ сүті оның өтеусіз жай қалама,

Борышты оған небір дархан далада.

Тірлік сеуіп, келе жатқан дүниеге,

Ей адамдар, жол беріңдер анаға!

Ана – адамзат мекен ететін жер шарының әр түпкірінеде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам. Ендеше осы аналарымыз аман болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

- Сау болыңыздар!


  • Өз ойларын ортаға салады








- Сау болыңыз!

Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттерді орындай отырып шара өз мақсатына жетеді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
623
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі