400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бибіхан Сыздықова,

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

47 М.В.Ломоносов атындағы орта мектеп.


Сабақтың тақырыбы: Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.

Сабақтың мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: әндер,тақпақтар, суреттер, ойынға қатысты көрнекіліктер,интерактивті тақтада жасалынған слайдтар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды орналастыру

Мұғалім сөзі:

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Әрбір үйдің шамшырағын жағып тұратын,құшағы күн нұрынан да ыстық,отбасының берекесі,шаңырақтың сәні,ақ сүтімен бойыңы жақсылықтың дәнін себетін ана. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді.Біз мұңайсақ сүйеу болатын,қуансақ-балаша шаттанатын абзал жан. Ананы сыйлау,құрметтеу әр қайсымыздың парызымыз.

1 - жүргізуші: Құрметті асыл аналар, ұстаздар мен қыздар!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын

8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.


2 - жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!

Десек те уақытпенен жарыспайды,

Қияға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп

Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе ортаға 5«Б» оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. «Ана туралы жыр» әні.

2 - жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнап әкелген өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

1-оқушы. Анам менің – аялаған ақ гүлім

Анам менің – бақытым мен шаттығым

Анашым” – деп балаң жырын арнаған

Неге ғана естімеген тәтті үнін

Анам менің – өмірдегі тірегім

Анам менің – кеудемдегі жүрегім

Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

2-оқушы. Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген-бәйтерегі өмірдің.

Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.

Ана деген- асыл жандар болаттай

Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.

3-оқушы О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,

Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.

4-оқушы Осынау дөңгелеңген дүниеде,

Жан анам, кім бар сендей қымбат маған?!

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

5-оқушы. Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.

6-оқушы. Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

2 - жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.

1 - жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз.

2жүргізуші:

Ана деген асыл жандар болаттай,

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

КВН

1жүргізуші:

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

«Ана» монолог оқу.

2-жұргізуші: Сынып оқушыларының өлең шумақтарын қабыл алыңыздар

7-оқушы Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

8-оқушы:Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

9- оқушы: Ана деген — асыл жандар болаттай,

Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

10-оқушы: Сан мың шэкірт өзіңнен тэлім алды.

Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.

Әр күн сайын атыңды қайталаймын.

Еске алғандай таң сайын эн ұранды.

11-оқушы Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік эр қадамды.

12-оқушыАнашым алдыңызда қарыздармын

Өтеуден оны ешқашан қарыздармын

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы

13-оқушы Анам менің аялап, әлдилеген

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы

Қалайша ұмытамын бал татыған

2 - жүргізуші:

Ойын «Жылы сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.

1 - жүргізуші:

Ана ол біздің елде ардақты адам,

Кішісі де, үлкені де ардақтаған.

Өзінің аяулысы да Отанын да,

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған, – деп кезекті

Ғалым-жазушы Мырзагелді Кемел «Анаға хат» әңгімесі жөнінде ой бөлісу

2-жүргізуші:

Мереке құтты болсын, аналарым,

Мәпелеп,еркелеттің,аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым!

«Ана романс» әні

1 - жүргізуші: Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!

2-жүгізуші:

Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,

Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.

Аман-сау болайықшы көріскенше

Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі