Материалдар / "Әлемнің жарығын сыйладың сен маған." (аналарға арналған мерекелік кеш)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Әлемнің жарығын сыйладың сен маған." (аналарға арналған мерекелік кеш)

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2018
472
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.

Сабақтың мақсаты: Адамға не қасиет болса да бәрі де күннің көзі мен ананың сүтінен жаралған. Сондықтан оқушыларға 8-наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, өздерінің, сүйікт іналарына деген балалық махаббатын ана еңбегін ақтап, есе ардақтап құрметтеуге, балалардың жүрегені «Ана» деген есімді мәңгі ұялату.

Қолдалынылатын әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, мәтінді мәнерлеп оқу, топпен жұмыс, кубизм.

Сабақтың көрнекілігі: «Алып – анадар туады» стенді суреттер, мақал – мәтелдер, гүлдер, жұмбақтар.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды сапқа тұрғызып, гимнді айтықызу.

ІІ. Кіріспе. Біздер мектепке қай мезгілде келдік?

  • Көктем мезгілі қай айдан басталады?

  • Көктем мезгіліне қандай айлар – жатады?

  • Наурыз айында қандай мерекелі күндер аталады?

Мұғалім: 8 наурыз – аналар мейрамы, адамзат мейрамы. Тарихқа көз жіберсек, 1910 жылы копенгагенде социалист әйелдердің халықаралық екінші конверенцияда Клара Цеткин халықаралық әйелдер күнін атап өтуде мәселе етіп көтерді. Содан бұл әйелдер мейрамына биыл 100 жыл толып отыр. Содан кейін 1911 жылы Германияда Австралияда және данияда, ал біздің елімізде 1913 жылы 8 наурызда Петербургте тұңғыш рет халықаралық әйелдер күні аталып өтілді. Содан бері жыл сайын біздің елімізде осы күн ерекше салтанатпен атап өтіледі. «Халқымызда жан қысылса, жақынын табады» деген сөз бар. Адам баласы қуанса да, қиналса да ауызға алар сөзі «ана». Ақын ананы ән жырына қосады, суретші оның бейнесін салып қалдырады, сәулетші оның мүсінін тастан қашап мүсіндейді. Ана-барлық адамның және бүкіл дүниенің тірегі. Ана баласын құрсағында көтеріп, оған өмір береді, өз өмірін де соған арнайды. Шырылдап жерге түскеннен-ақ әр адамның ең жақыны – анасы. Сондықтан анаға деген махаббат құндақта жатқан күнінен ақ басталады. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күнінің нұрынан және ананың сүтімен дарынған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қызғалдақ қыздарым бүгінгі «Ана-біздің күніміз», Біз –ананың гүліміз.атты ертеңгілілімізді сізджердің құрметтеріңізге арнаймыз. «Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмес» деген болатын атақты жазушы Ғабиден Мұстафин.

  • Балалар, бізге осы жарық дүниені сыйлаған жан кім? – Ол Ана.

Сондықтан аналарды құрметтеп, олардың алдында бас иейік.

  • Олай болса, балалар, барлығымыз бірдей аналарымызды құттықтап жіберейік.

Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың.

Құттықтаймыз, анашым!

  • Балалар, аналар сендерді жақсы көргенде қалай айналады.

  • Айым, күнім, жаным, ботам, қошақаным, балапаным т.б.

  • Ендеше, аналырың айналып, аялы алақанына салып отыр деп есептеңдер.

  • Енді, балалар біз екі топқа бөлінейік. Тобымызға сендердің аналарын айналатын сөздерді қояйық.

І – топ «Қошақандар»

ІІ – топ «Ботақандар» болсын.

  1. оқушы: Құрметті асыл аналар, қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтыйып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқысы болып Аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қардың астынан бүршік жарады. Біздің аналарымыз да нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді. Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын! «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты мерекелік тәрбие сағатын бастаймыз.

  2. Оқушы:

Сіздер өскен балалар –

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар

Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамға

Анаға айтар лебізі.

  1. оқушы:

Ана дейміз де бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алты қазық, алтын бақ

  1. оқушы:.

Адам баласы үшін ең аяулығ ең қастерлі сөз – Ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірімге толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік махаббатын бере білген аналар үшін жер – дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол – 8 наурыз мерекесі.

Мұғалім: Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық – демейші тойларыңыз құтты болсын аналар!

Ән: Ана әлдиі.

5 – оқушы:

Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен

Бұл жалғанда анамнан

Сүйікті адам бар ма екен?!

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым,

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңме құттықтаймың.

  1. оқушы:

Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтаған

Аман болшы, анашым

Өнерлі боп өсеміз

Өмір сырын шешеміз

Өсіріп ой – сананы,

Қуантамыз ананы.

  1. оқушы:

«Ана» сөзінің өзі ыстық. Егер барлық адамдар анадай болса, жауыздық жер бетінен өшер еді. Жер бетінде тыныштық болса екен деп, баламыз жақсы азамат болып оссек деген оймен аналарымыз тыным татпайды.

Ана десес шешек атып жанары

Өмірімнің бастау алар жаңа әні

Ана десем тіршілікке пана боп

Әр бір үйде жұлдыз болып жанады.

- Енді, балалар, біз «Қай топ көп біледі?» ойынын ойнаймыз. І топтағылар мақал – мәтелдер айтады, ІІ – топ жұмбақтар жасырады шешуін тез тауып, айтып отырайық. (әр оқушы білетін мақалдарын жұмбақтарын айтып шығады. Суреттерін көрсетеді).

8- оқушы:

Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық

  • Балалар, өмірде адамға ең жақын – кім?

  • Ананың баласы үшін қай жері ауырады? Жүрегі. Келесі би сіздерге арналады аналар.

Қазақ биін орындауды Жанайымға береміз.

«Мақал – құрастыру» ойынын ойнайық. Мақалды бастап айтамын, сендер жалғасын табасыңдар.

Күннең шуағы – жылы.

Ананың құшағы – жылы


Оқу – білім азығы

Білім – ырыс қазығы


Жақсыдан – үйрен

Жаманнан – жирен


Ананың көңілі – балада

Баланың көңілі – далада

Ананың сүті – бал

Баланың тілі – бал


Анасын қарап – қызын ал

Аяғын көріп асын іш

9- оқушы:

Мамам, маман, ақ мамам

Мен, де өзіңдей ақ балаң

Айтқан тілді аламын,

Жұмсағанда барамын

Ақ төсекке жатқызсаң

Көзімді жұма қаламын!

10- оқушы:

Аялаған анамыз

Саялаған панамыз

Шынары боп өсеміз

Шырағы боп жанамыз

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

11- оқушы:

Ана. Бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де бұл қасиетті сөз, нәзік, мейірімді жылы естіледі. Ана дегеніміз - әлемнін жан дүниесі. Ол тіршілік, үлкен тағдыр. «Ана» сөзі біздің елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды! Барлығы: Құтты болсын, ардақты ана

Асыл анам, меренең,

Ән: Анашым (бір топ оқушылар)

12- оқушы:

Алақаны ақ самал

Мәпелеген жан ана

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаңа

Айтсаң болды тіл алам

Әйбат анам, пәк анам

Сен керексің қайда да,

Айналайын, ақ анам.

«Ғажайып қоржын» ойыны. Балалар, қаржынының ішінде жақсы сыйлықтар, тапсырмалар бар, соны екі топтан кезектесіп шығып орындаймыз.

І – топ: ана туралы мақал айт.

ІІ-топ: ана туралы ән айт.

І-топ: Алаңа қалай көмектесесің?

ІІ топ: Анаңа қандай тілек, тілейсің?

Оқушылар екі топтан келіп, ойын ойнады. «Көз» байл-ды. Әртірлі ойыншықтарды сипаттап, оның не үшін пайдалану керектегін айтып береді.

13- оқушы:

Ананың балаға деген жақсылығын тілмен жеткізіп айту қиын. Аналар баламды жақсы азамат етіп тәрбиелесем екен, балам ештеңеден кем болмаса екен деп қандай қиын жұмыс болсы мойымай әр салада ер адамдармен бірдей еңбек етеді. Мысалы, құрылыста да, өнерде де, парламентте де т.б. салаларда да еңбек етуде. Олар нәзіктігіне қарамастан, барлық қиындық атаулыға төзімді. Сондықтан аналарды сыйлау, құрметтеу, аялау әр баланың міндеті.

«Ана» деген сөзді де

«Әке» деген сөзді де

«Тәте» деген сөзді де

«Аға» деген сөзді де

Барлығы: «Ойлап» тапқан балалар!

«Күнім», «жаным» дегенді

«Құлыншағым» дегенді

«Ботақаным» дегенді

«Қошақаным» дегенді

«Айналайын» дегенді

«Толған айым» дегенді

Бәрі: ойлап тапқан аналар!

Бізге білім нәрінн берген, тәрбие беретін ұстаз аналарға мың алғыс. Келесі ән сіздерге арналды «ұстаздар»!

Ән: мұғалім – ол біздің.

«Мамандықтың бәрі жақсы» демекші «Алып – анадан туады» стендідегі суреттермен жұмыстанайың. Суреттегі аналарымыз. Қандай мамандық иелері бола алады екен? Әртүрлі мамандық туралы әңгімелесу.

14- оқушы:

Әлпештеген баласын

Ана – бақыт, ана күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын?

15- оқушы:

Ана деген не деген

Ақ тілеулі жан еді

Алғысын алып оның мен

Бақыт тапқым келеді.

  • Балалар, кім өз аналары жайында айтып, оқып береді. «Менің анам» атты жазған шығармаларын оқып береді.

Барлығы: Әлпештеген анамыз,

Біз бақытты баламыз

Оқып – білім аламыз,

Жұлдыз болыр жанамыз

Ана мерекесінде нағыз, анаға деген сыйлық ол сендердің уәделерің. Анаға қандай уәде бересіңдер?

  • Біз тәртіпті, білімді, еңбекқор бала боламыз.

Қорытындылау. Анамыз қандай болады? Қалай ойлайсыңдар?






Жаңашыл

DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1 Мейірімді

Сүйкімді

DrawObject5


DrawObject6 кішіпейім Қадірлі


DrawObject7

DrawObject9 DrawObject8 Тірегім әдемі

DrawObject11 DrawObject10

жақсы жылысың

жұмсақ


«Ана» деген ұлы есім. Оны толқымай, тебіренбей айта алмаймыз. Сондықтан да барлық уақыта анамызды сыйлап, айтқанын орындап тіл алып, әрқашанда оларды құрметтейік балалар.

Аналарымызға тілек тілеп, әнмен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Ән: Әрқашан күн сөнбесін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!