Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / «Әлемнің құрылысы. Күн жүйесінің пайда болуы» ашық сабақ
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
«Физика» пәнінен «Әлемнің
құрылысы. Күн жүйесінің пайда болуы»
тақырыбында
өткен
ашық сабақтың
материалдары
Сабақтың технологиялық
картасы (жоспары)
Топ
Күні
1 нег
ФО-1
Пән:Физика.
Курс
тақырыбы:Асторономиядан жалпы
мәліметтер
Сабақ
тақырыбы:Әлемнің құрылысы. Күн
жүйесінің пайда болуы.
Сабақтың
типі:дәріс
Сабақтың
түрі:дәріс, сайыс
сабақ
Оқушылардың дайындық
деңгейіне қойылатын талаптар
Базалық
құзыреттілік
аспаптармен және қазіргі
заманфизикалық зертханасының құрал-
жабдығымен жұмыс істеуге;
ақпараттың мәнін және
мағынасын түсінуге;
қажетті ақпаратты
таңдауға.
Кәсіптік
құзыреттілік
дүниенің физикалық бейнесінің
негіздерін білуге;
қазіргі замандағы
жаратылыстану ғылымдарының рөлін түсінуге.
Сабақ
мақсаттары
оқытушылық
Топ оқушыларына асторономиядан
жалпы мәліметтер және әлемнің құрылысы, күн жүйесінің пайда болуы
туралы мағлұмат беру.
тәрбиелік
Топ оқушыларын ғылыми тілде
сөйлеуге үйрету,бір-бірінің ойын тыңдауға, ойларын құрметтеуге
тәрбиелеу.
дамытушылық
Тақырыпты толығымен меңгере
отырып,есте сақтау қабілеттерін, ойлау қабілеттерін, ғылыми
көзқарастарын жетілдіру.
Пәнаралық байланыс
Қамтамасыз
ететің
Физика және
астрономия
Қамтамасыз
етілітін
Физика
Сабақтың
жабдықталуы
Көрнекілік
құралдар
Пән бойынша
оқулықтар
Таратпа
материалдар
Карта
Оқытудың техникалық
құралдары
ТСО
Әдебиет:
негізгі
Р.Башарұлы Г. Байжасарова У.
Тоқбергенова «Физика» Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11 сынып
оқулығы.
С. Тұяқбаев, Ш. Насохова. Б.
Кронгарт, В. Кем, В. Загайнова. Жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 11 сынып оқулығы.
Қосымша
Ж.Абдулаев Физика
курсы
Сабақ
мазмұны
Эле-мент№
Сабақ элементі, қарастырылатың
сұрақтар,
оқытудың әдістері мен
тәсілдері
Қосымшалар,
өзгерістер
1.
Ұйымдастырушылық
сәт:
-
амандасу
- аудиторияның сабаққа
дайындығын тексеру (таза тақта, бос тұрған орындықтардың түп-түзу
тұруы, еденге арналған және тақта сүртуге арналған шүберектің
суланып салынуы) және оқушылардың (оқушылардың сыртқы киім
киістерін, оқу құралдарының түгел бар болуы) сабаққа дайындығын
тексеру;
- мәлімдеме бойынша сабақта
бар оқушылардың түгел бар болуын тексеру;
- оқу сабақтарының журналына
бүгінгі күнді, «жоқ» белгісін қойып, сабақтың тақырыбын
жазу;
- сабақтың жұмыс жоспарын
хабарлау.
3 мин
2.
Сабақтың мақсаты мен
міндеттерін хабарлау
2 мин
3
Жаңа сабақ
:
Асторономиядан жалпы
мәліметтер
Әлемнің
құрылысы
Күн жүйесінің пайда болуы
туралы
30
мин
4
Үй тапсырмасын
сұрау
Сайыс
түрінде
20
мин
5.
Сабақты
пысықтау:
Жаңа өткен материалды жоспар
бойынша әрбір сұрақты қарастыру барысында бекіту және оқушылардың
қосымша қойған сұрақтарына жауап беру.
Галактика деген
не?
Әлемнің құрылыс деген
не?
Астрономия ғылымы нені
зерттейді?
Күн жүйесінің пайда болуы
туралы не айта аласың?
Жұлдыздар деген
не?
Гелиоцентрлік жүйе дегеніміз
не?
Хаббл заңын
айтыңыз
Күннің ішкі құрылысы туралы не
білесің?
Жарқыраудың негізгі кластарын
ата
Әлемнің құрылысын зерттеген
қай ғалымдарды білесің?
5 мин
6
Үй
тапсырмасы:
Р.Башарұлы Г. Байжасарова У.
Тоқбергенова «Физика» Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11 сынып
оқулығы 185-192 беттер
2 мин
7.
Сабақты
қорытындылау.
1) сабақтың қорытындысын
айту;
2) белсенді оқушыларды
айту;
3) белсенді түрде сабаққа қатыспайтын
оқушыларға ұсынымдар жасау.
3 мин
Пән:Физика.
Курс
тақырыбы:Асторономиядан жалпы
мәліметтер
Сабақ
тақырыбы:Әлемнің құрылысы. Күн
жүйесінің пайда болуы.
Асторономиядан жалпы
мәліметтер
Әлемнің
құрылысы
Күн жүйесінің пайда болуы
туралы
Күн жүйесі – Күннен, оны
айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан
(Меркурий, Шолпан,Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және Нептун ), планета
серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен
1011 кометадан және толып жатқан
метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең
алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а.б.
немесе 6 млрд. км-ге тең.
Күн – Күн жүйесіндегі орталық
дене болып саналады, оның массасы Күн жүйесіндегі барлық денелердің
жиынтық массасынан 750 есе артық. Сондықтан Күн жүйесінің массалар
орталығы Күн қойнауында орналасқан. Барлық 9 үлкен планета Күнді
айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта қозғалады.
Олардың орбиталарының бір-біріне қатысты көлбеулігі өте аз.
Планеталардың Күннен қашықтығы белгілі бір заңдылыққа бағынған,
яғни көршілес орбиталардың ара қашықтығы Күннен алыстаған сайын
арта түседі. Планеталар қозғалысының физикалық қасиеттеріне
байланысты Күн жүйесінің үйлесімді екі топқа бөлінуі ғарыштық
денелердің кездейсоқ жиынтық емес екендігін көрсетеді. Барлық кіші
планеталар да үлкен планеталар қозғалған бағытта Күнді айнала
қозғалады, бірақ олардың орбиталары едәуір созылыңқы және эклиптика
жазықтығына көлбеу орналасады. Кометалардың көпшілігі параболаға
жақын өте созылыңқы орбита бойымен қозғалады. Айналу периоды
миллиондаған жылға жетеді. Мұндай комета орбиталарының эклиптика
жазықтығына көлбеулігі алуан түрлі, олар Күнді айнала тура және
кері бағытта да қозғалады.
Шолпан мен Ураннан басқа
планеталардың барлығының өз осінен айналу бағыты Күнді айналу
бағытымен сәйкес келеді. Уран планетасының осі орбита жазықтығына
98° көлбеу орналасқан, сондықтан оның айналысы сырттай қарағанда
кері болып көрінеді. Шолпан планетасы кері бағытта өте баяу
айналады. Күн мен планеталар арасындағы қозғалыс мөлшерінің таралуы
маңызды космогониялық сипаттама болып есептеледі. Күн жүйесінің
орталық денесі Күн – жұлдыз, яғни қызған газды шар. Ол өзінің
қойнауынан үздіксіз энергия бөліп шығарады. Күн бетінің күшті сәуле
таратуына қарамастан, ол өзінің жоғары температурасын сақтап
қалады. Күн жүйесінің қалған денелері – салқын денелер. Олардың
бетінің температурасы Күн сәулесінің қыздыруына байланысты
анықталады. Планеталар массасына, химиялық құрамына, айналу
жылдамдығына, серіктерінің санына қарай екі топқа
бөлінеді.
Күн жүйесінің төрт ішкері
планетасы (Жер тобындағы планеталар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс)
аса үлкен емес, олар тығыз тасты заттар мен металдардан
құралған.
Алып планеталар – Юпитер,
Сатурн, Уран, Нептун және Плутон әлдеқайда көлемдірек, олар
негізінен жеңіл заттардан (сутек, гелий, метан, т.б.) құралған, сондықтан
олардың орташа тығыздығы қойнауындағы зор қысымға қарамай аз
болады. Планеталардың екі тобының аралығында орналасқан кіші
планеталардың химиялық құрамы Жер тектес планеталардың құрамына
жақын. Біршама тар аймақта қозғалатын кіші планеталар бір-бірімен
соқтығысып, өте майда сынықтарға ыдырайды. Осындай майда сынықтар
метеорлық денелердің соққысынан да бөлінеді. Ал өте майда тозаңдар
қосылғанда, зодиактік жарық құбылысы байқалады. Метеориттердің
жасын өлшеу (құрамындағы радиоактивті элементтерге және олардың
ыдырау өнімдері бойынша) Күн жүйесінің шамамен 4,6 млрд. жыл бұрын
пайда болғанын анықтады.
Күн жүйесінің
шегі
XX
ғасырдыңсоңғы жылдарынан бастап
планеталарды және Күн жүйесін қызу зерттеу дәуірінде өмір сүріп
жатырмыз. Біз басқа жұлдыздардан планеталар жүйелерін тапқымыз
келеді. Күн жүйесінің ішкі құрылымын зерттеп, түсінгіміз, жерді
басқа планеталармен салыстырғымыз келеді. Бұл біздер үшін өте
маңызды мәселе. Біздің бәрімізді толғандыратын сұрақтар: "Осының
бәрі қалай пайда болды? Жерде тіршілік қалай пайда болды? Ол канша
уақытқа созылады? Біздің болашағымыз
қандай?
XVIII
ғасырданбастап Күн жүйесінің шегі
үнемі ұлғайып келеді. Әрине Күн жүйесінің айқын шегі болуы
неғайбыл. Орта бұлтының орбитасынан әрі шамамен 100 000 а.б.
қашықтықта Күн жүйесінің планетааралық заттары шашырап,
жұлдызаралық заттарға алмасады.
Күн жүйесінің
перийферийі(шеткі
аймағы)туралы біздің мәліметіміз өте
мардымсыз. Ғарыштық зерттеулер бұл білімді елеулі түрде толықтыруға
көмектеседі.
Астрономия грекше астрон –
жұлдыз, номос – заң деген ұғымды береді. Астрономия да физика
сияқты – табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына
ертедегі адамдардың тұрмыс – тіршілігіне байланысты қажеттілік
себеп болды. Ол кезе уақытты, бағыт – бағдарды дәл көрсететін
құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан адамдар Күн мен Айға,
аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын
болған. Сөйтіп практикалық қажеттілік астрономия ғылымының
тууына ең басты түрткі болды. Қазіргі астрономияның басты
мақсаты – аспан денелерінің қозғалысы мен даму заңдарын тағайындау
болып табылады. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде
немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан
денелеріне: галактикалар, жұлдыздар, планеталар, олардың серіктері,
астероидтар мен кометалар, метеориттер мен шаң – тозаңдардан
тұратын бұлттар жатады. Тұңғыш рет аспан денелерін жай көзбен емес,
арнайы құрал – үлкейткіш оптикалық түтіктің жәрдемімен зерттеген
италиян оқымыстысы Г.Галилей болды. 1608 жылы Голландияда денені
үлкейтетін дүрбі жасалғанын біліп, онымен түнгі аспанды бақылап
көрейін деп шешті. Ол өзі де бар болғаны кішісі -3 есе, үлкені 32
есе ғана үлкейтетін оптикалық түтіктерді құрастырып, ұлы жаңалықтар
ашты.
Сабақтың жүру
барысы.
Сәлемдесу
рәсімі.
Жорға.
Білім
аукцион.
Сайыс оқытушының сигналымен
басталады. Оқытушы топтарға арналған сұрақтарды кезек кезек оқып,
оладың жауабын алады. Жауаптардың дұрыстығын және баллды беруді
әділқазылар алқасы шешеді.
Сайысты қорытындылау:
Әділқазылар алқасы топтардың жинаған балдарын есептеп, ең көп балл
жинаған топқа бірінші орынды, әр қарай балл бойынша екінші және
үшінші орынды береді.Оқытушы топтың қатысушыларын олардың
қатысқанына, алған орнына байланысты
бағалайды.
1-тур Командалардың
сәлемдесу рәсімі.
Мұнда әрбір команда өздерін
таныстырып, әділ қазыларға,
көрермендерге
және қарсыластарына сәлем
береді.Ал енді сөз кезегін
ойыншыларымызға
берейік. Ең жоғарғы ұпай -
15.
2-тур.
«Жорға»
Әр командаға сұрақтар
оқылады,әрбір дұрыс жауап үшін бес
ұпайдан
беріледі.Сонымен команда
капитандары шығып сұрақтарды таңдап
алсын.
1 – сұрақтар
тобы
1.Энергияның дененің көбірек
қозған бөлігінен азырақ қозған бөлігіне қарай таралуы.
–Жылу
өткізгіштік
2.Заттың сұйық күйден қатты
күйге ауысуы –Қатаю,
кристалдану.
3.Тұтас алғанда бүкіл атом
заряды-Бейтарап
4.Тізбектегі ток күшін
өлшейтін құрал-Амперметер
5.Ток тудыратын электр өрісін
сипаттайтын шама.-Кернеу.
6.Қуат
бірлігі-Ватт
(Вт)
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз