400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

әлеуметік көмекпен қамтамассыз ету

Материал туралы қысқаша түсінік
әлеуметтік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады. Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Бірақ балалардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей. Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек.

Мектепке дейінгі балалармен оқу - тәрбие жұмысын жүргізу сапалы білімге, олардың сезімдеріне бағытталуы керек. Осы мақсатпен әртүрлі дидактикалық және рөлдік ойында қолдануға болады. Көп назарды балалардың сөйлеу қабілетін дамытуға, олардың сөздік қорын белсенді байытуға назар аудару керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта ырықты зейін мен ырықты есте сақтауды дамыту қажет. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.

Осы қиыншылықтардың себебі-баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің қалыптасқаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды. Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік-педагогикалык жағдайлардың ықпалынан, назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді.

Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек.

Қазіргі мектептерде балалардың есту, көру, қозғалыс анализаторларын дамытуға аз уақыт бөлінуде. Сондықтан практикалық интелекті балалар өз ерекшеліктерін көрсетіп, өз мүмкіндіктерін дамытуға, қоршаған ортаның назарына ие бола алмайды. Қазіргі мектептерде сөз-логикалық ойлауға үлкен талап қоюда. Ән, сурет, спорт пәндері арқылы көрнекі амалды, нақтылы-бейнелі және практикалық ойлауға сүйенуді талап ету оқудағы артта қалу мәселелерін шешудің бір жолы болып табылады.

Мұғалімдер балалардың қайсысы практиктерге жататынын анықтап, мұндай оқушылардың ерекшелігін ескеру керек. Сабақ үстінде көбірек көрнекіліктерді қолданып, тереңірек талдау жасауды қарастыру қажет.

Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады және оның алдын алуға, күресуге болады. Нашар бағаға әкеп соқтыратын оқушы үлгермеушілігінің себептері оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, мектепшілік бақылаудың мерзімді жүрмеуінде, санитарлық - гигиеналық нормалардың бұзылуында жатыр. Бұлардың ішіндегі негізгілері мыналар:

- жекелеген мұғалімдер сабақтарының сапасындағы, жаңа материалды
тиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін
есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі;

- үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және
тыңғылықты тексерудің болмауы;

- мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі;

-жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмауы;

- мектепте үлгермеушіліктің алдын алу жөнінде жүйелі жұмыстың
болмауы, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің, әлеуметтік ортақ
жұмыс жүргізбеуі;

- тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар
тәртібі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі, мектеп әкімшілігі
тарапынан тәртіп бұзушыларға уақтылы және тиісті шара қолданбауы;

- бағалаудағы біржақтылық ;

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
286
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі