Материалдар / Әлеуметтік жағдай
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әлеуметтік жағдай

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамдардың әлеуметтік жағдайы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
814
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



 Әлеуметтік педагогтың Құқық бұзышылықтың алдын алуда профилактикалық жұмысы

 Что такое трудные дети ?Вечный вопрос и больной, как нарыв.Вот он сидит перед нами , взгляните !Сжался пружиной , отчаялся он.С миром оборваны тонкие нитиСловно стена без дверей и оконВот они главные истины этиПоздно заметили.поздно учли.Нет не рождаются трудные дети.Просто им вовремя не помогли !Мен өз баяндамамды бекер орыс тілінде бастаған жоқпын, себебі: қазақ халқында «қиын бала» ұғым түсінігі болмағаны рас. Бір кездерде ондай сөз де қолданылмайтын. Ендеше, «қиын балалар» деген қайдан шықты, оның түсініксіздеу болатыны және құлаққа да тосандау естілетіні неліктен? Оның жауабы былай болса керек «бала» қазақ тілінде сөйлейтін барлық адамға түсінікті, ал «қиын бала» дегенде тосылатын себебі біз қазақ тілінде мұндай сөз де, ұғым – түсінік те болмағандығын, болса да, өмірге сіңіспендігін байқатады.Бұл сөз орыс тілінде жарық көрген педагогикалық әдебиеттердегі « трудные дети» дейтін сөзден қиналыссыз аударыла салған. «Трудные дети» сөзі қайдан шықса, ерекше тәрбие ні қажет ететін қыныр, бұзақы балалар да сол арадан шығып, сондай атауға ие болған, қоғамдық жат құбылыс ретінде өрістеп, қиын да күрделі тәрбие мектебін дүниеге әкелген.Қазір жеке ел болғанымызбен, демократияны дұрыс-танып–біліп өспеген жас ұрпақтың аздаған бір бөлігі еркіндік деген осы екен деп теріс жаққа лағып, өтірік айтатын, ұрлық істейтін, өзгелердің тынышын алатын, керек болса кісі өлтіретін азғындаған келеңсіздер байқалып жүр.Егер өз ұлтымыздың, бүкіл еліміздің, тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын болашағын ойлайтын болсақ, оның келешек иесі-қазіргі жас ұрпаққа жақсы тәрбие, тиянақты білім беруіміз керек. Себебі: әрбір сәби шыр етіп дүниеге келгенде ол бұзақы болып туылмайды. Жүре келе, көре келе отбасынан, өмір сүрген ортасынан жақсылықты да, жамандықты да, жұқтырады, бойына дарытады, дағдыға айналдырады.Ал әр бала қандай социумда тұр, әлеуметтік жағдайы қалай екен, бүгінгі күнде өзіне басқаға сенімі бар ма, жоқ па дейтін сұрақтарды зерттейтін, көмек көрсететін де мектеп ұстаздары және әлеуметтік ұстаз.Мұғалімдік іс-тәжірибеде ата-аналардан үнемі балам бір түрлі болып жүр, бір орында тыныш отыра алмайды , немесе сыныпта тақтаның алдында жауап беруге қорқады, не істеу керек - деген сұрақтар жиі қойылады. Ал мұғалімдер қауымнан оқушыларымыз өзгеше қиын болып кеткен,- деген лебіздер естиіміз. Бұл проблеманы мектеп мұғалімі, психолог, дәрігер, ата-ана, мектеп полиция инспекторы, әлеуметтік ұстаз бірлескен іс-әрекет негізін ғана шеше аламыз.Халық «Адамды табиғат жаратқанмен, оны өсіріп, тәрбиелейтін-қоғам»,- деп орынды айтқан. Қоғам дегеніміз - ол баланың қоршаған ортасы, кез келген баланың социумы.Құқық бұзышылықтың алдын алу профилактикалық іс-әрекетінің негізінің ұйымдастыру үшін біз әлеуметтік-педагогикалық диагностикадан бастадық. Мектепте «Әлеуметтік педагогикалық қызметінің» жұмысы жүйленген. Оқушығата-анаға, мұғалімге арналған маңызды ақпарат беріледі, және де кез келген оқушы өзінің ойын, пікірін, сырын білдіретін «Сенім» деген қобдишасы бар.Оқушылардың әлеуметтік жағдайын білу үшін әлеуметтік карта жасалынды, сынып жетекшілер әр сыныптын картасын құрып, мектептің әлеуметтік төлқұжаты құрылды.Әр оқушының әлеуметтік орта қарым қатынасын зерттей отырып, отбасындағы тұрмыс жағдайын, ата-аналардың әлеуметтік статусын анықтап сыныптың әлеуметтік картасын шығаруға болады. Ол 5 бөлімнен тұрады. 1. Жанұялар: оған қысқаша мінездеме толық, толық емес, аз қамтамасыз етілген не тұрмысы жақсы отбасы,қолайсыз жағдайдағы отбасы2. Тұрғын үй жағдайлары: жеке меншік жер үйде тұратыны, жеке меншік пәтерде тұрады, жатақханада, пәтер немесе үй жалдап түратындар3. Ата-аналардың жұмыс орны: өнеркәсіп орындарында жұмыс істейтін; мемлекеттік қызметте, жеке меншік кәсіпкер, базардағы саудада, жұмыссыз, тұрақты жұмыста, уақытша жұмыс істегендер 4. Ата-аналардың білімдері: жоғары білімді, аяқталмаған жоғары білім, орта білімді, арнаулы орта білімді,арнаулы орта білімді;5. Жануяда тәрбиелейтін бала саны, және қайда оқиды, жұмыс істейді; Сыныптын картасын шығару үшін сауалнама өткізіп, әр баланың жеке отбасының әлеуметтік материалдық тұрмысымен танысып жануяның әлеуметтік статусын іріктеп алуға болады.Ал әлеуметтік тәрбие мінездемесін анықтау үшін әр жануяның түрін реттеп алдық. Олар:-адамгершілігі жоғары денгейдегі отбасы,-тұрмысы жақсы отбасы,-сырт көзге тұрмысы жақсы отбасы,-жиі жанжал болатын отбасы /ерекше бақылауға алынатын отбасы/. Және де әр оқушының әлеуметтік материалдық тұрмыс жағдайын зерттеу актісі толтырылды.Онын ішінде: міндетті түрде бала кіммен тұрады, үйдің санитарлық жағдайы, сабақ қарайтын орны, жануяның қаражат көзі, қарым-қатынастары, тамақтануы, киім-кешегі бар ма, жыл мезгіліне сай ма, отбасындағы проблеманы толтырып, жұмыс жүргізудеміз.Тәртібі ауытқы балаларға жүргізілетін қадағалау картасын жасадым. Ол:1. Жасөспірім туралы жалпы мәлімет.2. Жасөспірім мектепте, отбасында т.б. әртүрлі орындарғы бейнесі.3. Көзқарасы.4. Мінездеме.Осы карта бойынша құқық бұзышылықтын болмауы, тәртіпсіздіктің алдын алу мақсатымен жұмыс жоспарланды. Халық «Бір отбасында нешеу болсан,бір – біріне қонақсын бірінді сыйласан жан семіреді»,деп қайырымдылық қасиеті ұрпақтарын, бір өнеге етіп, қадыр тұтып,қастерлеп келгенін еш уақытта естен шығармауымыз керек. Сондықтан, мектепте жетім балаларға, азқамтылған оқушыларғаөп балалы жанұяға, оралмандарға,тоылқ емес отбасыны, жатаханада тұратын оқушыларға жылы көзбен қарап жаппай оқыту қорынан және «Қайырымдылық» акция бойынша үнемі киім кешек, кеңсе тауарлары, ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отырылады.Салауатты өмір сүру насихаттауын мақсатында тубвиражды өтетін балаларды анықтап, олар ыстық тамақпен қамтылудаҚұқықбұзышылықтың болмауы ,тәртіпсіздіктің алдың алу мақсатында тәртіпсіздіктің алдын алу кеңесі өткізіледі. Бұл кенесте оқушылардың сырт келбеттері, сабаққа кешігіп келуі, себепсіз сабақты босатуы, тәртіпсіз іс-әрекеттері қарастырылады. Оқушылардың қаңғыру, қайыр сұрау ,сабақ үрдісі кезінде компьютер залында болмауын және кеш уақытта бос жүрмегенің үшін рейд өткізу жөнінде ата-аналармен бірлесіп кезекшілік ұйымдастырылады.«Қарға баласын аппағым депті» дегендей, іштен шыққан «шұбар жылан»-«жаман» да болса өз ұрпағымыз , әлгі қиын балаларға қол ұшын беріп, қайта тәрбиелеп қатарға қосып адамдықтын белгісі ғой, Сондықтан, қазіргі танда мектепте өскелең ұрпакқты қазіргі заманға сай әлеуметтік қоғамда өмір сүруге үйрету, тұлғаның әлеметтенуінің жағдайын жасау, салуатты өмір салтына ықпал жасау, өз құқығын қорғау білу, әлеуметтік проблеманы шешуге баулу біздің нақты мақсатымыз.Бұл баяндаманы өз еңбегімдегі басшылыққа алған ұлы Абайдың қара сөздерімен аяқтағым келеді, «Мен егерде заң қуаты бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім».















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!