Әлеуметтік желідегі стримингтік платформалардың жұмсақ күштегі көрінісі(Netflix және Қазақстан)
Уразбаева Жанел Назаровна
"Тұран" университеті
Гуманитарлы-заң факультеті
"Аймақтану" мамандығының студенті
Ғылыми жетекшісі:Тулекова Гулжан
Алматы қаласы
Аңдатпа:Бұл мақалада әлеуметтік желідегі стримингтік платформалардың,дәлірек айтқанда Netflix-тің, жұмсақ күштегі көрінісі қарастырылады.Қазақстан негізінде стримингтік платформалар міндеттерінің мәдени байланысқа әсері қарастырылып,жаңа бағыттың пайда болуы көрсетіледі.
Кілт сөздер:стримингтік платформа,жұмсақ күш,мәдени
саясат,Netflix
Социальные медиа и проявление «мягкой силы» стриминговых платформ (Netflix и Казахстан)
Аннотация:В данной статье говорится роль стриминговых платформ в виртуальных сетях,конкретно Netflix, как элемент мягкой силы.На основе Казахстана изучается задача стриминговых платформ на культурный обмен и формирование нового развитие.
Ключевые слова:стриминговая платформа,мягкая
сила,культурная политика,Netflix
The Role of Streaming Platforms in Soft Power on Social Media (Netflix and Kazakhstan)
Annotation:This article explores the role of streaming platforms on social media,particular Netflix, as a means of soft power.In the instance of Kazakhstan,it examinations the influence of streaming platforms on cultural exchange and the formation of new trend.
Key words:streaming platform,soft power,cultural policy,Netflix
Кіріспе
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы әлемдік мәдени процестер үлкен өзгерістерге ұшырауда.Әлеуметтік желілер мен стримингтік
платформалар мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың дамуының жаңа құралына айналып,жұмсақ кушті жүзеге асыруда.Осындай платформалардың бірі — Netflix, ол тек ойын-сауық индустриясында қызмет ұсынбайды,оған қоса мәдени саясат пен жаңа бағыттың пайда болуының үлгісі ретінде танылады.
Қазақстанда соңғы жылдары Netflix-тің кеңінен танылып, қазақстандық көрермендердің мәдени талғамына сай келуде. Сонымен қатар,стримингтік платформалар шетелдік мәдениетті елге таратумен қатар,жергілікті контенттің де дамуына әсер ете бастады.Осы өзгерістер халықаралық қатынастардағы жұмсақ күш құрылымының заманауи үлгісін көрсетеді. Бұл мақалада әлеуметтік желідегі стримингтік платформалардың, әсіресе Netflix-тің, мәдени қарым-қатынасқа және жаңа мәдени үрдістердің пайда болуының ықпалы қарастырылады.
Стримингтік платформалардың жұмсақ күш құралы ретінде рөлі
Стримингтік платформалар,атап айтқанда Netflix, мәдени құндылықтарды таратуда және мәдени ықпал етуде жаңа мүмкіндіктер ашты. Жұмсақ күш теориясы бойынша, мемлекеттер өздерінің мәдениетін, құндылықтарын және идеологиясын күш қолданбай, бейбіт жолмен таратады. Стримингтік платформалар осы жұмсақ күш құралдарының біріне айналды десек артық етпес, өйткені олар көрермендерге әлемнің әртүрлі мәдениеттерімен танысуға,оларды тереңінен зерттеуге мүмкіндік беру үстінде. Netflix сияқты платформалар түрлі елдердің фильмдері мен сериалдарын көрсетіп, сол арқылы халықаралық мәдени алмасу мен серіктестікті арттырады.Осы платформа ұсынатын контент әлемнің әр түрлі түкпірінен келген адамдардың көзқарастары мен мәдениеттерін таратуда маңызды рөл атқарады,яғни біз осы платформа арқылы әлемнің әр жерінен өзіміз сияқты бірдей көзқарастағы адамдарды таба аламыз.
Netflix-тің мәдени саясаттағы рөлі тек қана мәдени құндылықтармен алмасумен шектелмейді.Ол қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелерді қозғай отыра, мәдени және саяси тұрғыда жаңаша ойлар мен пікірлерді қалыптастырады. Мысалы, Netflix-тің көптеген сериалдары, фильмдері мен деректі фильмдері әлемдегі саясат пен әлеуметтік мәселелерге қатысты пікірталастарды туындатып, халықаралық қатынастардың бағытына әсер етеді.Және де айта кететін болсақ Netflix платформасы ауқымды,әлеуметтік мәселелерді қоса алғанда,әлемдік қақтығыстарды,зорлық-зомбылық туралы фильм жәнне сериалдар арқылы бізге жаңа ой мен көзқарас сыйлады.Осылайша адамдар әлемге немесе белгілі бір өмірлік жағдайларға жаңаша заманауи көзқараспен қарайды.Менің айтқым келгені бұл қоғамға,көрермендерге тәрбиелік мән-мағына әкелетін платформа.
Әлеуметтік желілер арқылы мәдени ықпал ету
Әлеуметтік желілер мен стримингтік платформалар қазіргі таңда қарқынды даму үстінде.Netflix,қазіргі уақытта,әлеуметтік желілер арасында өз контентің белсенді түрде дамытып,жарнамалау үстінде.Бәріміз білетіндей осы уақытта әлеуметтік желілер арқылы кез-келген затты жарнамалай аламыз,дәл солай бұл платформа да көп жағдайда әлеуметтік желілерде қызу талқыға салынып,кеңінен таралып,осылайша өзіңе аудитория жинауда.Мысалға келтіретін болсақ белгілі бір уақытта Netflix-те жаңа жоба пайда болғанда,әлеуметтік желідегі талқылану мен пікірталастардың арқасында ол жобаның танымалдылығы арта түсіп,көрермен саны өсе тұра,әлемдік мәдени ықпалы артады.
Әлеуметтік желілерде талқыланатын Netflix-тің жаңа жобалары көптеген елдерде қоғамның саяси,мәдени және әлеуметтік мәселелерге деген көзқарастарын өзгертіп,жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Өзіміздің Қазақстанда оның айқын бейнесі,себебі, Netflix-тің танымалдығы мен әлеуметтік желілерде белсенді түрде қызу талқыға түсуі Қазақстандық мәдениеттің халықаралық деңгейге көтерілуіне жол ашады. Мысалға,қазіргі таңда жас ұрпақ әлеуметтік желілерде қазақ тілінде контент жасаудың қаншалықты маңызды екені жайлы пікірталастар жиіленіп,қоғамдағы мәдени өзгерістердің негізін қалады.
Қазақстандағы Netflix-тің дамуы мен ықпалы
Қазақстанда Netflix-тің танымалдылығы айтарлықтай дамыды десек болады.Соңғы жылдары Қазақстанның басым бөлігі осы платформаны қолдана отырып,әлемнің киноиндустриясындағы ең үздіік туындыларын түпнұсқа түрінде тамашалай алады.Netflix платформасы тек Қазақстанмен ғана шектелмей Орталық Азия елдер арасында қарқынды даму үстінде.Және де Netflix платформасы арқылы біз отандық туындыларымызды әлемдік нарыққа шығара отырып оны мойындауын ала аламыз,және де ең бастысы әлемдік аудиторияға қазақ мәдениетің танытатын мүмкіндікке ие боламыз.
Сонымен қатар,Netflix-тің ықпалы Қазақстанның мәдениеті мен киноиндустриясына дамуына әсер етіп,жаңа жобалардың пайда болуына ынталандыруда.Және де айтып өтетін жағдай ол Қазақ киноиндустриясының өкілдері яғни айтқанда режиссерларымыз осы Netflix-тің контентіне ерекше назар аударып,мәдениетаралық байланысты арттыру үшін бұл платформаны пайдалану жолдарын қарастыруда.
Талдау
Netflix және жұмсақ күш:Қазақстандағы ықпалы
Netflix стримингтік платформасы — қазіргі күнде жұмсақ күшті жүзеге асырудың маңызды эдементіне айналды. Джозеф Найдың пікіріне сүйенсек "жұмсақ күш — қалаған нәрсеге күштеу немесе ақша төлемей, тартымдылық арқылы қол жеткізу қабілеті" (Nye, 2004)[1]. Осы тұрғыдан қарасақ, Netflix мәдени құндылықтарды жаһандық деңгейде тарата отырып, елдердің имиджін қалыптастырып олардың мәдени ықпалын арттырады.
Қазақстанда соңғы үш жылда Netflix-тің ықпалы мынадай бағыттарда байқалды:
Қазақстандық контенттің халықаралық деңгейге шығуы
2021 жылы Netflix Қазақстандық кинематографияны қолдауға алғашқы қадамдарын жасады. Мысал ретінде, «Ертең теңіз» деректі фильмі[2] фильмінің Netflix платформасында көрсетілуін айтуға болады.Қазақстандық режиссер Катерина Суворованың бұл толықметражды деректі фильмі Арал теңізінің жағалауында тұратын тұрғындардың өмірі туралы баяндайды. Фильм Netflix платформасында көрсетіледі. Бұл фильм Netflix арқылы АҚШ пен Еуропада көрермен жинап, қазақстандық мәдениет пен өмір салты туралы ақпаратты халықаралық аудиторияға жеткізді.
Netflix-тегі мәдени әртүрлілік пен Қазақстандағы реакция
2023 жылы Netflix-те ұсынылған сериалдар мен фильмдер арасында мәдени әртүрлілікті дәріптейтін жобалардың артуы байқалды. Мысалы, әлемдік деңгейде сәтті шыққан "1899"[3] сияқты көптілді сериалдар Қазақстандағы көрермендерге әлемнің әртүрлі мәдениеттерін көрсетіп, олардың мәдени қабылдау көкжиегін кеңейтті.
Қазақстандық БАҚ-та және әлеуметтік желілерде бұл сериалдар жайлы пікірталастар көбейіп, Netflix арқылы әртүрлі мәдениеттерге деген қызығушылық артқаны байқалады. Бұл жағдай мәдени дипломатияның жаңа бір деңгейі секілді қарастырылуда.
Қазақстандағы аудиторияның талғамының өзгеруі
Netflix контентінің арқасында Қазақстандағы аудиторияның сериалдар мен фильмдерге деген талғамы өзгерді.Әлеуметтік желілердегі тілдік бейім: 2024 жылғы зерттеуге сәйкес, Қазақстанның әлеуметтік желілерінің белсенді аудиториясының арасында қазақ, орыс және басқа тілдерде жазатын пайдаланушылар бар. Бұл дерек жалпы тілдік бейімділікті көрсетеді[4]
Және де осы зерттеулер нәтижесінде біз мынадай затты байқай аламыз Қазақстандық тұрғындардың әлемдік мәдениетке бет бұрып талғамның өзгеруін оған қоса осы мақалада талқыланған жұмсақ күштің әсері көрінеді.Netflix арқылы Қазақстан халықаралық яғни әлемдік кеңістікке белсенді,табиғи түрде сіңісіп жатқанын байқамыз.Бұл дегеніміз жұмсақ күштің дамып,бізге өз әсерін бере тұра, Қазақстанның сыртқы мәдени саясаты өзіңе жаңа бағыттарды ашуын көреміз.
Netflix фильмдерінің қазақ тіліне дубляж жасалуы
Қазіргі таңда Netflix платформасында қазақ тілінде дубляждалған шетелдің фильмдер мен сериалдарының саны шектеулі болып келеді.Негізінде Netflix Қазақстанда 2016 жылдан бастап қолжетімді болған,алайда бастапқы кезеңде тек орыс тіліндегі дубляждар ұсынылған болатын.
Дегенменмоған қарамастан соңғы жылдары байқасақ қазақ тіліндегі дубляждар саны едәуір артып келеді. Мысалы, «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен және «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Өзіңнен баста» жобасы аясында бірнеше голливудтық фильмдер қазақ тіліне дубляждалды. Бұл фильмдердің қатарында «Малефисента: Түнек әміршісі», «Көліктер 2», «Кек алушылар: Альтрон дәуірі», «Батыл жүрек», «Коко құпиясы», «Моана», «Аладдин», «Ойыншықтар хикаясы - 4» және басқа да туындылар бар.[5]сияқты әлемге танымал сериалдардың және "Inside Out" ("Ойжұмбақ 2")[6]анимациялық фильмінің қазақша аудармасы қазіргі таңда қолжетімді болғанын білеміз. Атап айтатын болсам, "Головоломка" мультфильмі қазақ тіліне сапалы дубляждалып, балалар мен жасөспірімдердің ана тілінде әлемдік мәдени шығарылымдарды тұтынуымызға мүмкіндік алдық. Бұл қадам — біз үшін қазақ тілінің халықаралық мәдени ортаға енуіне және ұлттық мәдениетімізді қолдауға бағытталғаны анық бейнеленуде.
Бұл біз үшін неге маңызды?
-
Ана тіліміздегі контент көрермендердің өз тілінде шетелдік мәдени шығарылымдарды тамашалауға мүмкіндігін арттырады.
-
Тіл арқылы ұлттық мәдениетімізді қолдап, ұлттың жұмсақ күшін нығайту үстіндеміз.
Қазақстан туралы контент сұранысының өсуі
2023 жылы Netflix платформасында Қазақстанның табиғаты мен мәдениеті туралы бірнеше деректі фильмге сұраныс артқан болатын.Мысалы, "Our Planet II" [7]документалдық сериясында Қазақстанның құнарлы табиғаты туралы арнайы бөлім түсірілген болатын. Бұл бізгеҚазақстанның халықаралық имиджін әлемдік нарықта нығайтуға және экотуризмнің дамуына әсер еткенін көре аламыз.
Қорытынды
Қазіргі жаһандану дәуірінде стримингтік платформалар, оның ішінде мен талдаған Netflix, мәдени саясат пен жұмсақ күшті жүргізудің маңызды элементіне айналған болатын. Netflix арқылы кеңінен таралған мәдени шығарылымдар әртүрлі елдердің құндылықтары мен өмір салтын кеңінен насихаттайды деп айта аламыз.Елімізде Netflix-тің қазақ тіліндегі контентің дамытуымыз ұлттық мәдениетімізді сақтап,әрі оны дәріптеп халықаралық деңгейге көтере отырып,әлемге танытуға мүмкіндік аламыз.Қазақ тіліне дубляждалған фильмдер мен сериалдар арқылы қазақстандық көрермендер әлемдік мәдени үрдістерге өз тілінде еркін қосылып отыра алады.
Сонымен қатар,айтып кететін болсақ бұл жүйе жастар арасында ұлттық ана тілімізді қолдауға, ана тіліне деген құрмет пен қызығушылықты арттыруға ықпал етуге зор ықпалын тигізуде. Netflix сияқты әлемдік деңгейдегі платформалардың қолдауымен қазақ тілі мен оның мәдениеті әлемдік аудиторияға жету мүмкіндігіне ие болып, еліміздің мәдени дипломатиясы күшейе түседі. Бұл өз кезегінде Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арта түсіп, мәдени жұмсақ күш арқылы сыртқы саясаттың жаңа бағыттарын дамытуға жол ашады.
Демек,біз мынадай түйіндемеге келеміз стримингтік платформалар тек ойын-сауық құралы болып саналмайды,сонымен қатар ұлттық болмысымыздың әлемдік деңгейге танытатын, мәдени байланыстарымызды нығайтатын және жұмсақ күшті жүзеге асыра алатын стратегиялық құралға айнала алатынын байқап,көре аламыз.
ӘДЕБИЕТ
[1] Nye, J. S. Soft Power: The Means to Success in World Politics. – New York: Public Affairs, 2004.
[2] JJTV. «Ертең теңіз» деректі фильмі Netflix платформасында көрсетіледі [Электрондық ресурс]. – Қолжетімді: https://jjtv.kz/kk/kazakstandyk-derekti-film-netflix-platformasynda-korsetiledi – 2023.
[3] IMDb. 1899 сериалы туралы сипаттама [Электрондық ресурс]. – Қолжетімді: https://www.imdb.com/title/tt9319668/ – 2022.
[4] Brand Analytics. Social Media in Kazakhstan - Summer 2024 [Электрондық ресурс]. – Қолжетімді: https://brandanalytics.kz/blog/kz/social-media-kazakhstan-summer-2024_kz – 2024.
[5] [Kazinform]. Қазақ тіліне дубляждалған 32-ші Голливуд фильмі прокатқа шықты [Электрондық ресурс]. – Қолжетімді: https://kaz.inform.kz/news/kazak-tiline-dublyazhdalgan-32-shi-gollivud-fil-mi-prokatka-shykty_a3576450/ – 2023.
[6] Мәдениет порталы. Биыл алғаш рет Disney мен Pixar студиялары бірнеше анимациялық фильмдерін өз қаражатына қазақ тіліне аударды – министр [Электрондық ресурс]. – Қолжетімді: https://cmn.kz/ojzhұmbaқ-ili-golovolomka-pochemu-disney-reshil-finansirovat-kazahskij-dublyazh/ – 2024.
[7] Netflix. (2023). Our Planet II | Behind the Scenes | Netflix [Видеофайл]. Still Watching Netflix YouTube арнасы. Қолжетімді: https://youtu.be/5FsIFBY_cZM
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз