400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлеуметтік желілер: тәуелділік немесе даму құралы?

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қоғам дерті - әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянын көрсете отырып, жауапкершілік, реттілік дағдысын арттыру; Өз өміріне жауапты болып,уақытын дұрыс пайдалануға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:


Әлеуметтік желілер: тәуелділік немесе даму құралы?


Мұғалімнің аты-жөні: Кудияров Тимур


Өтетін күні:

Сыныбы: 12

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға қоғам дерті - әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянын көрсете отырып, жауапкершілік, реттілік дағдысын арттыру;

Өз өміріне жауапты болып,уақытын дұрыс пайдалануға үйрету

Күтілетін нәтиже

Әлеуметтік желінің зиянын біледі;

NIS құндылақтары іс-әрекетте:

Денсаулық пен әл-ауқат, Адалдық, Отбасы құндылықтары мен дәстүрлері

Пәнаралық байланыс:

Физика, химия, биология

АКТ-ны қолдану:


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Ой қозғау. «Интернет-аддикция» тақырыбында бейнематериал көрсетіледі.

Бейнематериалды көріп, ондағы айтылған мәселелерге өз пікірлерін білдіреді.

«2 факт» әдісі бойынша әр топтан 1 оқушы бейнебаяннан 2 факт атайды.

https://www.youtube.com/watch?v=gUEh6VXtAHI


Сабақтың ортасы

3.Топтастыру

Топтық тапсырмалар:

1.XXI ғасыр жетістігі: әлеуметтік желі және пайдалы сайттар (постер)

2.Әлеуметтік желінің оқушыға зияны (рөлдік ойын)

Рөлдік ойын: «Уақыт қайда жоғалды?»

Мақсаты

Әлеуметтік желіні шамадан тыс қолданудың оқу үлгеріміне, денсаулыққа және қарым-қатынасқа әсерін түсіндіру.

Қатысушылар

– Оқушы

– Ана/әке

– Дос

– Мұғалім

– Баяндаушы (қалауыңызша)

Сюжет

Баяндаушы:

Оқушы әлеуметтік желіде көп уақыт өткізеді. Бұл оның күн тәртібіне әсер ете бастайды.

1-көрініс — Үйде

Ана: Сабақтарыңды орындадың ба?

Оқушы: Қазір… тек бір видео қарап алайын.

(Телефоннан бас алмайды)

Ана: Кеш болып кетті, демалуың керек.

Оқушы: Уақыт қалай өткенін байқамаппын…

2-көрініс — Мектепте

Мұғалім: Үй тапсырмасы қайда?

Оқушы: Үлгермедім…

Мұғалім: Сабаққа көңіл бөлуің керек.

3-көрініс — Достар арасында

Дос: Ойынға шығайық!

Оқушы: Мен бос емеспін, онлайн отырмын.

Дос: Сен бізбен сирек араласатын болдың.

4-көрініс — Түсіну сәті

Оқушы: Мен уақытымды бос өткізіп жүр екенмін…

Телефонды шектеп, сабағыма және достарыма уақыт бөлемін.

Талқылау сұрақтары

– Әлеуметтік желі қандай зиян келтірді?

– Уақытты қалай дұрыс жоспарлауға болады?

– Пайдалы қолдану жолдары қандай?


3. Тірек сөздер арқылы әңгіме құрастыру)

Тақырыпқа қатысты сөйлемдер сөз тіркесіне бөлініп беріледі. Бір сөйлемді құрастырған оқушылар бір топқа топтасады.

Топтық тапсырмалар

1.Тақырып аясында әлеуметтік желінің адам өміріндегі оң әсері мен пайдалы сайттар туралы постер қорғайды.

2.Әлеуметтік желінің зияны туралы рөлдік ойын көрсетеді.

3.Әңгіме құрастыру

4.Интернет көмегімен электронды таныстырылым


Сабақтың соңы

Рефлексия

«Инстаграм» әдісі


Тақтаға инстаграм желісіндегі сынып суреті ілініп, оқушылар «лайк» басып, сабақ туралы пікірлерін жазады.

Талдау үшін қосымша ақпарат

Дифференциация арқылы оқыту. Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау.

Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

NIS құндылақтары іс-әрекетте (тәрбие элементі).




Рефлексия.

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциация сәтті жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
20
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі