Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ материалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАЛДӘУРЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ

МИНИСТРЛІГІ ОРТАЛЫҒЫ ФИЛИАЛЫ





ОҚУ БӨЛІМІ


Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: қазақ тілі

Мектеп: «Балдәурен» РОСО филиалы

Күні: 19.01.2021 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Тұрғынбек Н.Н.


Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Қатысқандар саны:16

Қатыспағандар саны:0


Сынып: 7 ә

Сабаққа негізделген оқу мақсаты


7.О5.Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру

7.ӘТН4.1.Шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар: мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, комментарий жасай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: мәтіннен қажетті ақпаратты іріктейді, жүйелі комментарий жасайды.

Кейбір оқушылар: мәтіндегі проблемалар бойынша комментарий жасайды, зерттейді, пікірін білдіреді.

Бағалау критерийлері

  • Оқылым бойынша комментарий жасай алады.

  • Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктейді

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Әлеуметтік желі терминдері: инстаграмм, фейсбук, вконтакте т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Әлеуметтік желілер дегеніміз не?

Әлеуметтік желінің адам өміріне тигізер пайдасы қандай?


Жазылым бойынша ұсыныстар: мәселені бірлесіп шешудің амалын табады; жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды ұсынады және пікір алмасады; бірлесіп және өз бетінше тапсырмалар орындайды; сұрақтар қояды және жауап береді.

Құндылықтарды

дарыту


  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

  • Ынтымақтастық;

  • Жауапты азаматтық позиция;

  • Достарына деген құрмет.

Пәнаралық байланыстар

информатика

Осыған дейін меңгерілген білім

Ғаламтор және әлеуметтік желілер


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурс


Басталуы










Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу;

2.» «Мозайка» әдісі арқылы оқушыларды үш топқа бөлу.
1-топ.
Instagram

2-топ.TikTok

3-топ.WhatsApp

3. Өткен тақырып бойынша білімдерін

«еркін микрофон» әдісі арқылы тексеру.

  1. Қазақ тілінде шақтың неше түрі бар?

  2. Кезінде адам қалада өмір сүретін, енді ғаламторда... деген сөзді қалай түсінесіңдер?

3.Ғаламтор – әлемдегі ең үлкен кітапхана деген пікірмен келісесіз бе?

Мақсаты: өткен сабақтағы білімдерін тексеру.

Нәтиже:сұрақтарға жылдам әрі тез жауап береді.

Дескриптор: мұғалім қойған сұрақтарға жылдам жауап береді.











Ортасы










































Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту.

«Тақырыпты болжау» әдісі

1.Суреттегі шартты белгілер нені білдіреді?

2.Олар қандай ақпарат береді?

3.Бұл желілерді кімдер қолданады?



Тақырыптық бейнеролик көрсету.

1.Әлеуметтік желілер дегеніміз не?

2. Қандай әлеуметтік желілерде тіркелгенсіздер?

3. Әлеуметтік желіде қанша уақытыңды өткізесіздер?

4. Әлеуметтік желінің адам өміріне тигізер пайдасы қандай?

5. Әр күндеріңізді әлеуметтік желісіз елестете аласыздар ма?

Тілдік бағдар

Бұрынғы өткен шақ

Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылға барыпты. Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.

  1. Бұрынғы өткен шақ –ған/-ген, -қан/-кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады: мен бар-ған-мын, сен кел-ген-сің, ол айт-қан.

2.Бұрынғы өткен шақ –ып/-іп/-п тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуінен жасалады: мен бар-ып-пын, сен кел-іп-сің, ол кел-іп-ті.

Бұрынғы өткен шақ –ған (-ген,-қан,-кен) тұлғалы есімшеге немесе –ып (-іп, -п) тұлғалы көсемшеге е (еді) көмекші етістігі тіркесуі арқылы да жасалады: оқыған едім, жазған едім, жазып еді, айтып еді. Есімше түрінде е көмекші етістігі екен түрінде де тіркеседі: жазған екен, айтқан екен.


Топтық жұмыс

«Постер» әдісі

Үш топқа әлееуметтік желінің пайдасы мен зияны жайлы 3 түрлі мәтін беріледі.Мәтін мазмұны бойынша постер қорғайды.


Дескриптор:

1. топпен бірге мәтінді талдайды;

2.постер қорғайды.


Оқулықпен жұмыс

2-тапсырма. Көсемшенің, есімшенің жұрнақтарын қойып, қай сөйлем бұрынғы өткен шақта тұрғанын анықтаңдар.

Ұялы телефонның зияны жайында көп айтыл... . Жиі қолданатын адамды ми ісігіне ұшыратуы мүмкін деген сияқты қорқынышты мәліметтерді ғалымдар алға тарт... баст.. ды. Ал ғаламтордан келетін қауіп одан да қорқынышты. Қазіргі таңда ғаламтор жастардың басты ермегіне айнал... . Әлеуметтік желілерде байланыс орнатудың түрі көбей... сайын оған қызыға түскендердің қатары арт... .

Дескриптор:

  1. көсемшенің, есімшенің жұрнақтарын қойып жазады;

  2. бұрынғы өткен шақта тұрғанын анықтайды.






Презентация



































































Аяқталуы


«Планшет» әдісі

  1. Бұрынғы өткен шақ дегеніміз не?

  2. Әлеуметтік желіні қалай игілікті пайдалану керек?

  3. Бүгінгі сабақтан не білдіңіз?

Бағалау.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2021
2163
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі