жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әлеуметтік жоба:"Қуаныш-жан шуағы"
Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы
Облыстық Әлеуметтік жоба байқауы: «Қызмет жасау қуанышы»
Тақырыбы: «Қуаныш-жан шуағы»
Авторлары: Байқоңыр қаласы, №273 орта мектебінің
7 «Ә» сынып оқушысы Елубаева Гаухар.
Байқоңыр қаласы, №273 орта мектептің
7 «Ә»сынып оқушысы Абдирашова Шұғыла.
Жетекшісі: Байқоңыр қаласы, №273 орта мектебінің
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Есиркеева Жанагуль Махамбетияровна
2019жыл
Мазмұны
I.Кіріспе
1.Теориялық түсінік
II.Зерттеу бөлімі
1.Біздің болашақтағы мектебіміз
2.Жоба жұмысының жасалу барысы
III.Қорытынды
1.Жетекші пікірі
2.Ұсыныс
3.Қолданылған дерек көздері
Кіріспе
Мектеп. «Мектеп» деген сөзбен өмір жолы қиылыспаған адам кемде кем. Адамның ең ыстық шағы, балалық шағы мектеп өмірімен байланысты. Қазақстан Республикасының әр азаматының жеке тұлға ретінде қалыптасуы осы мектептің сусындатқан білімінің арқасы.
Білім адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке адам болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Біліммен ғана басқалардан озады. Ұлы суреткер жазушымыз М.Әуезов «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім» деп тегін айтпаған. Біз үнемі айтып жүретін, ойшылдық, көрегендік, адамгершілік, парасаттылық деген ұғымдардың — бәрі де біліммен тікелей байланысты. Адам бойында болатын тапқырлық, шығармашылық қасиеттері біліммен ғана кемелденеді. Білімсіз адамның бойынан бұл қасиеттердің бірін де табуға болмайды, болған күйде де жартыкеш, жансар күйде кездеседі. Бір ұлттың, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі — білім ғана. Осындайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы халықтарына арнаған жолдауында «ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» деген, үлкен парасаттылықпен айтылған көреген пікірі еске түседі. Ұлттың білім қорының, біліктілік сапасының қандай екенін мектебінен көруге болады. Мектеп даналардың түлеп ұшар тұғыры, талантын шыңдар білім ордасы. Ұлттың рухани байлығы білімінде, ұстанар бағыты тәрбиесінде, осы білім мен тәрбиенің сарқылмас кәусар бұлағының көзі мектепте.
Көптеген жылдар бойы сыннан өткен, жағымды нәтиже берген шетелдік мектептеріндегі озық оқыту мен оқу әдістері қазіргі таңда өз елімізде қолданысқа енгізілуде. Дүние жүзінің көптеген елдеріндегі сияқты, Қазақстан Республикасында да қазіргі кезде білім беру жүйесін реформалау жүзеге асырылуда.
Келешегіміздің кілті - бүгінгі шәкірттердің қолында, ал шәкірттердің тағдыры ұстаздардың қолында», - деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ұлағатты сөзін ескере отырып «Болашақтың тағдырын шешетін - білім ордасы» дегенді өзіміздің осы жобамызбен айтқымыз келеді. Сондықтан біздің жобамыздың негізгі символы «Білім ордасы» болып табылады. Білімнің арқасында барлығына қол жеткізуге болады. Осы білімнің арқасында біз қазір көлікпен жүреміз, әуеде ұшамыз, кемеде жүземіз, ұялы телефонды қолданамыз, жаңа инновациялық жетістіктерге қолымызды жеткіздік және білім жолында әлі де кереметке қол жеткіземіз. Осының барлығының бастауы білім. Білімсіз ел дамымайды. Біз осы жобамен өз ойымызды халықымызға жеткізгіміз келеді.
Лифт.
Арнайы мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арнап әр мектепке лифт салынса,балалар өздерін толыққанды сезіне отырып, білімдерін жетілдіреді.
Сонымен қатар,мектеп жаңалықтары мен қызықтарынан қалыс қалмас еді.
Кітапхана.
Мектеп оқушыларына арналған үлкен оқу залы болса, онда оқулықтармен қатар интернет желісі арқылы сабақтарына дайындалуларына үлкен мүмкіндік болар еді.
Бассейн.
Су қауіпсіздігін ойлай отырып,мектебімізде бассейн болса, оқушылар сабақтан тыс уақыттарында келіп жаттықтырушы көмегімен жүзуді үйренер еді.Бассейн тағы да жазғы сауықтыру лагерлерінде үлкен көмегін тигізеді.Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға да пайдасы зор.
Сурет салу кабинеті.
Бұл кабинетте әрбір оқушыға жеке мальберт дайындалған.Оқушылардың сурет салуға деген шығармашылық мүмкіндіктері артып, қызығушылықтары басым бола түсер еді.
Ойын залдары.
Мектепте даярлық топтары және бірінші сынып оқушылары үшін ойын залдары қажет.Бұл залдарда балалар түрлі құрастыратын ойындармен ойнап уақыттарын қызықты әрі тиімді өткізсе,баланың мектепке деген қызығушылығы артып,ойлау қабілеттері дамиды.
Жетекші пікірі
Оқушылар жобаның қосымша деректері арқылы тақырыптың мағынасын ашып қарастыра алған. Жоба барысында оқушылар өз бетімен жұмыс жасап, жақсы белсенділікпен қызығушылық танытты. Жобаның жаңалығы мен дербестігі жобаны оқу барысында айқындалып тұр. Тәжірибеде қолдану жағынан да көш ілгерілік байқалады. Берілген тапсырманы орындауда өмірді сүю, ізгілікті істер жасау, мейірімділік т.б қасиеттермен жақсы байланыстыра білді. Жоба оқушының жас ерекшелігін ескере келе маңызы бар дүние деп бағалаймын.
Жалпы айтқанда, бұл жобаны зерттеуші оқушылар өз мақсатына жете біліп, міндеттерін дұрыс айғақтап, жоспарын реттілікпен ұсына білген. Зерттеу материалдары өте ұқыптылықпен реттеліп, жинақылық тұжырымы көрініп тұр. Берілген тапсырманы жан –жақты өмірді сүю, ізгілікті істер жасауға, мейірімділік т.б қасиеттермен жақсы байланыстыра айқын орындай білген.
Ұсыныс
1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың мектепте оқып,білмді толықанды алуларына жағдай жасалса.
2. «Нұр Отан»партиясы қолдау көрсетсе
3. Мектепте оқушылардың денсаулықтарын және білімдерін,шығармашылықтарын жақсартатын мүмкіндіктер көп болса.
4.Қазақстан елінің жас ұрпақтары осындай дамыған мүмкіндіктері өте жоғары мектептерде білім алса.
Қорытынды
Егеменді еліміздің келешегі білімді
жастар. Елбасының халқына жолдауында
ел болашағы білімді ұрпақтың қолында
екені жақсы айтылған.Жас ұрпақты білімге
бағыттау бүгінде аса маңызды.Қай елдің
болсын ұлттық ерекшелігі сақталып,дамуына
жағдай жасайтын және оны ертеңімен
жалғастырар алтын көпір-мектеп. Егемен
еліміздің тәуелсіз мемлекет тәрбиесін
алып, жан-жақты дамыған парасатты адам
етіп тәрбиелейтін осы алтын ұя мектебіміз
екенін айта отырып біздің болашақтағы
мектебіміз өте әдемі болады деп сеніммен
айта аламыз. Мектеп бес қабатты, лифт
жұмыс істейді. Оқушыларды сабаққа
арнайы автобус тасымалдайды. Әр оқушының
киім қоятын жеке шкафы болып, ол
кілттенеді.Сонымен қатар арнайы
жабдықталған медицина бөлмесінде
бірнеше біліктілігі жоғары медицина
қызметкерлері жұмыс жасайды.Әр түрлі
үйірме жұмыстары өткізілетін сыныптар
сапалы жиһаздармен жабдықталып,ауласында
жылыжай,бассейіні болады. Мектепте
оқушылар үш тілде еркін сөйлейтін
болады. Егемендік алып, елдік қасиет,
дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан
қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың,
туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді
қай кездегіден де жиі айтатын болдық.
Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық
болмайды.Сондықтанда біз армандаған
мектепте мемлекеттік тілді дәріптеу
алдыңғы қатарда болады. Елін, жерін
сүйетін білімді адам туған топырағының
кешегісін –бүгінімен , бүгінгісін
ертеңімен жалғастыра алады. Бойында
ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар
адам өз еліне адал қызмет етіп, оның
жарқын болашағына сенеді. Отанын
қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің
мүддесіне, игілігіне жұмсайды.Біздің
болашақтағы мектебімізде тек осындай
оқушылар ғана оқитын болады.
.
Қолданылған дерек көздер:
1. Н.Ә Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналы, — Алматы, «Атамұра», баспасы, 2003ж — 48-49бет
2. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. — Алматы, «Жібек жолы» баспа үйі, 2010. — 232 бет.
3. Өзін –өзі тану / Әкімбаева Ж.Ж.,Бақаш Е.Б., Нұркеева С.С.,Мұратханова Р. – Алматы, 2017ж. 12-19 бет
4. Өзін – өзі тану /К.Оралбекова , Р.О. Ізғұттынова, Б.Ш. Алиев, Г.Ө. Көшкеева – Алматы, 2017ж.56-65
5. «Baribar» жүктеу сайты/12 мг/bilimland.kz.ru
6. Дереккөз: «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген