Әлеуметтік жұмыс - жүрекке жақын мамандық
Әлеуметтік жұмыс мамандығы – қоғамның ең нәзік тұстарымен жұмыс істейтін, өзгелердің өміріне шынайы жанашырлықпен қарайтын кәсіп. Бұл жай ғана мамандық емес, бұл – адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған жауапты миссия. Әлеуметтік жұмыс арқылы қоғамдағы теңсіздікті жоюға, адамдардың құқықтарын қорғауға және әрбір адамның лайықты өмір сүруіне ықпал етуге болады.
Бұл мамандықтың мәнін алғаш түсінген сәтімді ешқашан ұмытпаймын. Шынын айтсам, мен әлеуметтік жұмыс мамандығына кездейсоқ түстім. Мектепте мен психолог болуды армандадым. Алайда ҰБТ нәтижесінде балым арманымдағы мамандыққа жетпей, грантқа түсуге мүмкіндік бар салалар тізімін жаздым. Бар мақсатым – Астанадан Алматыға көшу еді. Осылайша, әлеуметтік жұмыс мамандығына тап болдым. Алғашында оның маңызын толық түсінбедім, бірақ уақыт өте келе бұл салаға деген қызығушылығым артты.
Алғашқы лекцияларды тыңдаған
сайын, мен өзімді жаңа қырымнан тани бастадым. Әлеуметтік
әділеттілік, қоғамның осал топтарына қолдау көрсету, адамдардың
өмір сапасын арттыру сынды тақырыптар маған мүлде жаңа көзқарас
берді. Әрбір дәрісте бұл мамандықтың тек көмектесу емес, қоғамды
жақсартуға бағытталғанын ұқтым. Осы салада жұмыс істеу арқылы мен
адамдардың өміріне үміт пен сенім сыйлай алатынымды түсіндім.
Қазір, екінші курс студенті ретінде, менің бұл мамандыққа деген
сүйіспеншілігім арта түсті. Әлеуметтік жұмыс тек кәсіби тәжірибе
жинау ғана емес, ол – адамдармен жан дүниеңді бөлісу, олардың
мәселелерін шешуге шынайы ықыласпен атсалысу.
Әлеуметтік жұмыс маманы болу –
өзіңнің адамгершілік қасиеттеріңді шыңдап, әрбір кездескен адамның
өміріне өзгеріс әкелу деген сөз.
Мен болашақта осы салада жаңа әдістерді үйреніп, еліміздің
әлеуметтік мәселелерін шешуде өз үлесімді қосуды қалаймын.
Әлеуметтік жұмыс – бұл тек көмек көрсету емес, адамдардың өмірін
жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беру. Осы мамандықты кездейсоқ
таңдаған болсам да, мен өз орнымды таптым деп сенімді түрде айта
аламын. Әлеуметтік жұмыс – қоғамды жақсырақ, мейірімдірек
ететін мамандық.
Жетекші: Сарыбаева Индира Сарыбайқызы
Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық Университеті
Әлеуметтік жұмыс мамандығы
2 курс студенті
Құтжан Гүлдана Серікқызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әлеуметтік жұмыс- жүрекке жақын мамандық
Әлеуметтік жұмыс- жүрекке жақын мамандық
Әлеуметтік жұмыс - жүрекке жақын мамандық
Әлеуметтік жұмыс мамандығы – қоғамның ең нәзік тұстарымен жұмыс істейтін, өзгелердің өміріне шынайы жанашырлықпен қарайтын кәсіп. Бұл жай ғана мамандық емес, бұл – адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған жауапты миссия. Әлеуметтік жұмыс арқылы қоғамдағы теңсіздікті жоюға, адамдардың құқықтарын қорғауға және әрбір адамның лайықты өмір сүруіне ықпал етуге болады.
Бұл мамандықтың мәнін алғаш түсінген сәтімді ешқашан ұмытпаймын. Шынын айтсам, мен әлеуметтік жұмыс мамандығына кездейсоқ түстім. Мектепте мен психолог болуды армандадым. Алайда ҰБТ нәтижесінде балым арманымдағы мамандыққа жетпей, грантқа түсуге мүмкіндік бар салалар тізімін жаздым. Бар мақсатым – Астанадан Алматыға көшу еді. Осылайша, әлеуметтік жұмыс мамандығына тап болдым. Алғашында оның маңызын толық түсінбедім, бірақ уақыт өте келе бұл салаға деген қызығушылығым артты.
Алғашқы лекцияларды тыңдаған
сайын, мен өзімді жаңа қырымнан тани бастадым. Әлеуметтік
әділеттілік, қоғамның осал топтарына қолдау көрсету, адамдардың
өмір сапасын арттыру сынды тақырыптар маған мүлде жаңа көзқарас
берді. Әрбір дәрісте бұл мамандықтың тек көмектесу емес, қоғамды
жақсартуға бағытталғанын ұқтым. Осы салада жұмыс істеу арқылы мен
адамдардың өміріне үміт пен сенім сыйлай алатынымды түсіндім.
Қазір, екінші курс студенті ретінде, менің бұл мамандыққа деген
сүйіспеншілігім арта түсті. Әлеуметтік жұмыс тек кәсіби тәжірибе
жинау ғана емес, ол – адамдармен жан дүниеңді бөлісу, олардың
мәселелерін шешуге шынайы ықыласпен атсалысу.
Әлеуметтік жұмыс маманы болу –
өзіңнің адамгершілік қасиеттеріңді шыңдап, әрбір кездескен адамның
өміріне өзгеріс әкелу деген сөз.
Мен болашақта осы салада жаңа әдістерді үйреніп, еліміздің
әлеуметтік мәселелерін шешуде өз үлесімді қосуды қалаймын.
Әлеуметтік жұмыс – бұл тек көмек көрсету емес, адамдардың өмірін
жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беру. Осы мамандықты кездейсоқ
таңдаған болсам да, мен өз орнымды таптым деп сенімді түрде айта
аламын. Әлеуметтік жұмыс – қоғамды жақсырақ, мейірімдірек
ететін мамандық.
Жетекші: Сарыбаева Индира Сарыбайқызы
Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық Университеті
Әлеуметтік жұмыс мамандығы
2 курс студенті
Құтжан Гүлдана Серікқызы
шағым қалдыра аласыз













