жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әлеуметтік жұмыстың жастар ортасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуы
Құрметті студенттер! Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетімізде қабылданған Ата – заңның 1 – бабында «ҚР –сы өзін демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, құқықтық мемлекет деп таниды, оның ең қымбат қазынасы адам, адамның өмірі және құқықтарымен бостандықтары» деп көрсетілген
Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы қылмыстық құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан,бүгінгі кездесуіміздің тақырыбы: «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» деп аталады.
Осы ұйымдастырып отырған кездесуімізге
1.Ақтөбе қаласы Алматы ауданы №3 Қалалық полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы полиция лейтенанты Жолмуратов Амангали Кенжегалиевич
2.Колледжіміздің тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Тәжібаева Самал Мусақызы
3. «Емдеу ісі» бөлім меңгерушісі Жунусова Ляззат Сейтқасымовна қатысып отыр.
Қазақстан Республикасының Конституциясында —
Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтыраты-ны аталған. Бұл еліміз
үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ,
Қазақстан Республикасы-ның Конституциясының 1 –
бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы
– адам және адамның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары», — деп баян етілген.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің
қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың
құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру,
әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының
мәдениеті. Адам құқықтары туралы ақ-паратпен
жүйелі қамтамасыз етудің қажеттілігі маңызды
екенін ескерсек, онда бұл сал-ада адам құқығы
мәдениетін
қалыптастыруда маңызды құралдың бірі-білім беру ұжым-дары
десек қателеспейміз.
Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі –
қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі
таңда барлық деңгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау
органдары қызметкерлері, ұстаздар мен
ата-аналар, азаматтар да
түсінуде.
Құқық бұзушылық
жөнінде «Құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемле-кетке
немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы
жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі»,
— деп көрсетілген. Қоғамда тәртіп орнама-са, ол құлдырайды,
яғни келешегі болмайды. Бұл бәрімізге белгілі және оны жақсы
түсі-неміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға
бейім азаматтар да кездеседі және бұл — құқық
бұзушылықтың орын алуына әкеп соқтырады,сондықтан құқық
бұзушылық қо-ғам өміріне тән қауіпті дерт. Құқық
бұзушылықтың себептеріне қатысты ықылым за-маннан осы
күнге дейін әр түрлі пікірлер айтылып келеді.
Солардың ішінде құқық-тық
нормаларды бұзуына ең алдымен
әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әс-ер
ететінін байқауға болады.
Жастар арасында құқық бұзушылықтың
алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды
жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын,
атсалысатын субъектілердің бірі — оқу орындары болып
табылады. Оқу орнында жасөспірімнің азаматтық, патриоттық,
адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық
т.б. қасиеттерін дамы-ту және қалыптастыру процесі
жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне үлкен
жауап-кершілік пен міндет жүктейді.
Құқық бұзушылық пен келеңсіз
жағдайларды барынша болдырмау және алдын
алу,оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде —
өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру,оның мақсат
– міндеттерін дұрыс түсіндірудің маңызы ерекше.
Құқықтық тәрбие беру жан — жақты тәрбиелеудің маңызды
бір саласы. «Құқықтық тәрбие мақсаты – оқу-шыларда құқықтық
мәдениет пен құқықтық әрекет – қылық қалыптастырып, оларды
құ-қықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу»,
— деп анықталған.
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу –
олардың қылмысқа ұрынбауына, өзді-гінен өмірдегі мәселелерді
шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз
жағ-дайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен
шұғылдануларына жәрдемдеседі.Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті
нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік, патриоттық, азаматтық
тәрбие беру біздің баршамызға міндет екенін
өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Құқықтық тәр-биені ұстаздар
қауымы ата – аналармен, құқық қорғау
органдары қызметкерлерімен, салауаттылық және денсаулық сақтау
мекемелерімен, спорттық
ұйымдармен, қоғам-дық бірлестіктермен
бірлесіп, тәрбиенің өзге түрлерімен
байланыстырып жүйелі жүр-гізер болса,
нәтижелі болмақ.Оқу орны мен отбасында балалар
әлеуметтік іс-әрекеттің алғашқы дағдыларын қалыптастырып
адамгершілік, әдеп,заңды мінез-құлық, орынды әрекетқылық,
құқықтық нормаларды меңгере бастайды. Әлеуметтік нормалардың
негізгі маңызды түрі болып табылатын әдептік нормалардың құқытық
сипаты болмағанымен, оның ережелеріне сусындап өскен
бала әрине қоғамға зиян келтірмейді, керісінше,
өмір-дегі өзінің орнын тауып, елжанды, саналы азамат болып
қалыптасады. Әдептік нормалар құқықтық нормаларға негіз,
арқау болып, белгілі бір дәрежеде адамның ар-ұятын, намы-сын
қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті сақтауға ұйтқы болады.
«Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр
алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқық-тық нормаларға
әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттілік,
адамгер-шілік мәні жоғары болады»
Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың
бойына жоға-ры идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты
дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың
тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына
терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және
орын-дау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне
құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не
екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылық-тарды туғызады.
Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу,
жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына
айналдыру үшін күресу құ-қықтық тәрбиенің міндеті болып
табылады.
Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Оқушылардың тәртіп
бұзуының бір жа-ғы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы:
маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс -керістен көз ашпайтын,
басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін
от-басылары бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке
қалай қарайтыны өз-өзі-нен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында
тербиеленген бала өзімшіл болады, қылмыс жа-сауға бір табан жақын
тұрады.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген