400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлеуметтік орта Қоршаған орта. Тақырыбы: Жыл құстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың құстар туралы білімдерін жетілдіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:

Әлеуметтік орта

Бөлімі:

Қоршаған орта

Тақырыбы:

Жыл құстары

Мақсаты:

Суреттегі құстарды сипаттап айырмашылықтарын таба байланыстыра сөйлеуге үйрету. құстар туралы білімдерін жетілдіру, оларға қамқор болуға тәрбиелеу, сипаттық сөздер арқылы тілдерін дамыту

Баспадан құстардың сайраған дауысы шығады.

Балалар сендер ештеңе естімедіңдер ме?

Әлде бір дауыс шығатын сияқты.

Олар, қайдан шығып жатыр, қайдан келді деп ойлайсыңдар?

Естідік.

Құстардың дауыстары.

Даладан, жататын жақтан.

Ұйымдастыру

- іздестіру

Тақтада тұрған мазмұнды суретті аңғарады.

- Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?

- Ал, қазір бізде далада осы құстар бар ма, сендер көрдіңдер ме?

- Бұл құстар қайдан келді?

- Ия, олар жылыны жақсы көретін жыл құстары.

- Ал, енді күн жылынғанға дейін олар тоңып қалмау үшін не істеуге болады?

- Дұрыс, ендеше, біз қазір екі топқа бөлініп біріміз өнер орталығында құстарға ұя және жем сауытын жасайық, ал екінші топ театр орталығына барып қандай жыл құстары бар екенін қарастырайық.

(бірінші топта өнер орталығында үстел басында алдын-ала қиылып дайындалған жем сауыт пен ұяның қағаздары, желім,қайшы, қылқаламдар дайын жатады, ал екінші топ театр орталығына барып мазмұнды суретті талдаудан бастайды.

Суретте Көктемнің келген мезгілі және ең алғашқы келетін жыл құстары: Ұзақ қараға, қара торғай, қарлығаштар бұтақтар мен ағаштар отырғаны бейнеленген.Тәрбиеші бірнеше жетекші сұрақтар қояды.

Ал, енді балалар осы құстарды қатыстыра отыра әңгіме құрастырайық.

Тірек сызба қоса ұсыныла отыра әңгіме түйінделеді.

Сөздік жұмыс: Ұзақ қарға, қара торғай, жыл құсы, қамқорлық, жемсауыт, ұя.

Құстар туралы жұмбақтар жасыру.


Қара торғай:

С.Көбеевтің «Құстың ұясы» деген әңгімесін оқып беру.

Дыбыстық жаттығулар

-Ға- ға- ға- ұшып келді қарға

-Ғай -ғай –ғай- торғай

-Шық -шық –шық- шымшық

-Үй- үй- үй- үйрек

Дидактикалық ойын: «Құстарды құйрығынан тап»

Тәрбиеші балаларға ойын шартын түсіндіріп, келесі топ балаларына барады.

Өнер орталығының балалары үлгі суретке қарай отыра біреулері жем сауыт, ал келесілері ұяны желімдеп жатқанын айтады.


Сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық,

Қанатты біз жаяйық.

Орнымыздан тұрайық

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Осы құстар туралы қандай ертегі білесіңдер?

Ал, мына ертегіде олар шатасып кеткен тәрізді қане талдап көрейік

Дидактикалық ойын: «Шатасқан ертегі»

Театр орталығындағы балалар өнер орталығына барып балалардың жұмысын қарастырады да, топтар орындарымен ауысады.

Бақта отырған құстар.

Жоқ.

Басқа жылы жақтан.

Күту керек, тамақ беру керек, ұя жасау керек.

Балалар қалаулары бойынша екі топтқа бөлінеді.

Көктем.

Күннің көзі шығып тұр, ағаштарда бүршік атқан, және ағаштарда құстар отыр.

Балалар тірек сызбаны сүйемелге ала отыра әңгіме құрастырады.

Балалар сөздердің мағнасын өзара талдап, дәйектемелер келтіреді.

Балалар шешуін табады.

Балалар дене бітімдерін қарастыра отыра құстардың бір-бірінен ерекшіліктерін ажыратып көрсетеді.

Қимылдарын келтіре отыра өлең сөздерін бірге қайталайды.

Балалар ертегі эпизодтарының суреттерін қарап қандай ертегі бар екенін таба отыра, оларды еске түсіріп айтып береді.

Рефлексивті-түзетуші

Венн диаграммасы арқылы балардан құстарды салыстыра отыра сабақты талдап,қортындылайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Өз ойларын толық, анық байланыстыра жүйелі жеткізе біледі.

Нені игереді:

Жаңа сөздердің мағнасын игереді.

Нені біледі:

Құстарға қамқорлық жасай біледі.



 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
2549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі