Материалдар / «Әлеуметтік педагог ғылым жүйесінде»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Әлеуметтік педагог ғылым жүйесінде»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагог —- өзінің негізгі жұмыс бағытын оқушылардың сабақтан бос уақытын тиімді пайдалану мәселесімен айналысады. Олар ата-аналармен бірлесе отырып, мектептен тыс көптеген қызықты жұмыстар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
731
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

№27Дихан орта мектебі









Эссе:«Әлеуметтік педагог ғылым жүйесінде»







Дайындаған: Абдрахманова Айнұр









«Ақыл – парасат адамның ойлауына , пайымдауына , ғылым мен өнердің қыр – сырын ұғуына , жақсылық пен жаман қылықтың аражігін ашуына көмектесетін күш»

Әбу насыр әл – Фараби Әлеуметтік педагог —- өзінің негізгі жұмыс бағытын оқушылардың сабақтан бос уақытын тиімді пайдалану мәселесімен айналысады. Олар ата-аналармен бірлесе отырып, мектептен тыс көптеген қызықты жұмыстар жүргізе алады. Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттері әлеуметтік педагогтың үлесіне тиеді.Алдымен әлеуметтік педагог әрбір өскелең жас адамға ақылшы, ұстаз, ұйымдастырушы, психолог, тәрбиеші, үлестіруші-әдіскер, олардың әлеуметтік құқықтарын қорғаушы болуға тиіс. Әлеуметтік педагог кәсіби психологиялық жағынан дербес жасампаз адамдарға, жоғары оқу орнында алған білімі негізінде оқушы жастар мен олардың отбасыларының құқықтарын әлеуметтік жағынан қорғай алатын, жеке адамның әлеуметтік ортада,оқу барысында, еңбек қызметінде және бос уақытында жан-жақты жарасымды дамуының мәселелерін пайымдап, іске асыра алатын әлеуметтік педагогтарға ғана тиесілі. Әлеуметтік педагогтың жұмыс объектілері оқушылар мен ата-аналар ғана емес, сонымен қатар, әртүрлі жастағы адамдар, клубтар, секциялар, топтар және қоғамдық бірлестіктер.Мұндай ортада барлығы өздерін еркін ұстайды, тәуелсіз сезінеді. Сондықтан да бұл ортада жұмыс істеп, оқушының бос уақыттағы тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру қиын да күрделі жұмыс.Әлбетте, бұл міндеттерді іске асыру үшін әлеуметтік педагогтар мәдениет мекемелері, спорт ұйымдары мен кітапханалар ұйымдарының, балаларды қорғаушы және оларға қамқоршы ұйымдардың, бірлестіктердің т.б. көмегін пайдаланады. Біліктілігі жоғары маман ретінде әлеуметтік педагогтар, сондай-ақ баланы әлеуметке бейімдеудің жалпы, ауқымды мәселелерімен қатар тиісті мекемелерде балалар тамағына бөлінген қаржының дұрыс жұмсалуын бақылау, интернат типті тәрбие орындарында гуманитарлық көмекте әділ болуы, т.б. сияқты жеке мәселелерді де шешеді Қазіргі әлеуметтік педагогтың ең алдымен әлеуметтік педагогика, әлеуметтік психология, педагогикалық социология, жас шамасының психологиясы мен педагогиикасы, жастар мәдениеті, отбасын тану, құқық тану, ортаны педагогикаландыру сияқты салалардан арнайы білімі болуы тиіс.Бүгінгі таңда ауыл мектептерінде әлеуметтік педагогтардың аса қажеттілігі туындап отырғандығы мәлім. Әлеуметтік педагог ауыл мектептерінде тек мектеп оқушыларымен ғана емес, білім процесіндегі ересектерге де дағдарыс жағдайынан және қиын ситуациялардан (бақытсыз жағдай, ұжым мен ата-аналармен, әкімшілікпен конфликт, аурулар және т.б.) шығу жолдарын көрсетеді.Әлеуметтік педагог жұмысындағы жасөспірімдермен жұмысының өзіндік ерекшелігі бар. Біріншіден, ол жасөспірімдермен жұмыста, олардың іс-әрекет мәселелерін нақтылауда оқушының оқу және тәрбие жетістігі мәселесіне ден қояды, жасөспірімдердің өмірсүйгіштік, оптимистік, отансүйгіштік бағытта бола білу, әртүрлі сәтсіздіктерді алдын-ала білу қасиеттерін қалыптастыруға ата-аналармен бірлесе отырып жұыс жүргізеді. Әлеуметтік педагогтың жұмысының негізгі мақсаты — оқушылардың дамуын, тәрбиесін, білім алуын әлеуметтік тұрғыдан қорғау. Әлеуметтік педагогтың негізгі жұмысының басы алға мақсат қоюдан басталады. Өскелең ұрпаққа заман талабына сай тәрбиелеу, тұлғаның бойына жауапкершілікті, өз отанына деген міндет-борышын атқаруға, оның гүлденіп, өркендеуіне атсалысуына үйрету, өз тіліне, өзіне сүйіспеншілігін қалыптастыру, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор көрсету, табиғатты аялауға ықпал ету керек.Олай болса, білім мен тәрбиені бір арнаға құю үшін мектеп мұғалімдері , ата-аналар, меткептен тыс мекеме педагогтары баланың бос уақытын тиімді өткізуге қолдау көрсетсе нұр үстіне нұр болар еді. Ел ертеңі бүгінгі және келешек ұрпақ үшін нақты да нәтижелі, сапалы да саналы жұмыстар атқару – біздің мүдделі мұратымыз.











№27Дихан орта мектебі







:Әлеуметтік педагогтың шығармашылық есебі









Дайындаған: Абдрахманова Айнұр





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!