«
Қарымсақ орта мектебі »КММ
Чотбай
Ақмөлдір Мұратқызы
Әлеуметтік
педагог
«Әлеуметтік
педагог және оның мектептегі рөлі»
Әлеуметтік
педагог деген кім? Оның қоғамдағы маңызы
қандай? Бұл мамандықты таңдамас бұрын
осындай сұрақтарды өзіме қойдым.
Нәтижесінде сұрағымның жауабын таптым.
Бұл мамандықтың қазіргі жасампаз ұрпаққа
берер пайдасын орасан зор екен. Әлеуметтік
педагог деген - әртүрлі
әлеуметтік-мәдени ортада балалармен
тәрбие жұмысын ұйымдастырушы маман.
Әлеуметтік педагог жеке тұлғаның
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
мен оның қызығушылықтары мен
қажеттіліктерін, мінез-құлығындағы
ауытқуды анықтай отырып, балаға уақытында
әлеуметтік көмек пен қолдау көрсететін
тұлға.
Бала
- өміріміздің мәні. Бала өмірі үшін
әрбіріміз жауаптымыз. Қазақстан
Республикасындағы Бала құқықтары туралы
заңына сәйкес баланың құқықтары сақталып,
қорғалады. Баланың ең басты құқығы оның
дүниеге келіп өмір сүруінен, оқып, білім
алып, денсаулығын күту мен қатар баланың
әлеуметтік қамтамасыз етілуі заңды
шарт. Баланың әлеуметтік қамтылуына
ата-аналары толық жауапты. Баланың
әлеуметтік – тұрмыстық қамтамасыз
етілуін қадағалап, тексеру, оқушылардың
құқық бұзушылығының алдын-алу шараларын
ұйымдастыру мектепте білім алатын
оқушымен де тығыз жұмыстар жүргізіп
отыру мектеп әкімшілігі, соның ішінде
мектептің әлеуметтік педагогының ең
жауапты ісі. Қарымсақ ауылы «Қарымсақ
орта мектебі» КММ-де баланың әлеуметтік
– тұрмыстық жағдайын тексеру жұмысы
тыңғылықты жүріп отырады.
Оқу
жылының басында Бала құқықтарына сәйкес
әрбір мектепке дейінгі және мектеп
жасындағы баланың мектеп қабырғасында
білім алу құқығын сақтай отырып, әрбір
баланың оқу – біліммен қамтылуын басты
назарға алып, тексеру жұмыстары бойынша
рейд жасалады. Ата-аналарға кеңес беру
жұмыстары жүргізіліп, бала өміріне
жауапсыз қараған ата-аналармен тығыз
байланыста жұмыстар жүргізіледі.
Жыл
сайын мектебімізде «Мектепке жол» және
«Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылады.
Акция барысында мектеп ұжымы және
демеушілер көмегімен аз қамтылған,
көпбалалы отбасының балаларына көмек
көрсетілді (киім-кешектер, аяқ киімдер).
Осы акцияның негізгі мақсаты - мектепке
балаларды жинау тәжірибесі бойынша
балалардың оқумен толық қамтамасыз
етілуін анықтау, балалардың мектепке
себепсіз келмеуінің алдын алу, аз
қамтылған, көпбалалы отбасыларға көмек
көрсету болып табылады. Жоспарға сәйкес
мектептегі әрбір отбасымен төмендегідей
жұмыстар: сабаққа келмеген оқушыларды
күнделікті бақылау, әңгімелесу жұмыстарын
жүргізу, үй аралау, ішімдік, нашақорлыққа
байланысты сынып сағаттары, сауалнамалар,
тесттер, психологиялық тренингтер, рейд
жұмысы жүргізіледі. Рейд (үй аралау)
жұмысының негізігі мақсаты: оқушылардың
үйлерін аралау, олардың отбасы жағдайымен,
материалдық әл-ауқатымен танысу,
отбасындағы қарым-қатынасты бақылау
болып табылады. Рейдке сынып жетекшісі,
әлеуметтік педагог және мектеп психологы
қатысады. Олар рейд барысында ата-аналарға
балалардың тәртібі мен кешкі мезгілде
көшеде жүруге тыйым салынатынын, баланың
кешкі мезгілде ата-ана қадағалауында
болу керектігін, балалардың құқық
бұзушылығының алдын алу бойынша
түсіндірме, әңгімелесу жұмыстарын
жүргізеді.
Жыл
бойы аз қамтылған, көпбалалы
отбасының оқушыларына әлеуметтік
көмек көрсетіліп, тұрмыстық және
материалдық жағынан жағдай жасалынады.Жалпы
мектебіміз бойынша әлеуметтік педагогтың
аз қамтылған, көпбалалы отбасылардағы
оқушыларымен жүргізген жұмысы өз
нәтижесін беруде.
Сөзімді Мария
Монтессоридің сөзімен қорытындылай
келе «Бала
дүниеге келгеннен бастап өзін-өзі
дамытуға және жеке адам ретінде
қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан
дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің
міндеті сол энергияның жұмсалуына
жағдай жасау.» - демекші, толыққанды,
саналы ұрпақты тәрбиелеу әрбіріміздің
міндетіміз.