15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әлеуметтік педагог мамандығының ерекшеліктері
Әлеуметтік педагог мамандығының ерекшеліктері
Әлеуметтік педагогиканың қоғамдық мәні - қиын, қайғылы жағдайларға душар болған адамдарға - отбасыларына, балаларға көмек көрсету; оларға өмірден өз орнын табуға, өз мүмкіндіктері мен қабілет-ынтасы негізінде одан әрі дамуына жәрдем ету.
Әлеуметтік педагогикада ең алдымен «әлеуметтік орта» ұғымын анықтап алу қажет. Бұл біріншіден, кең ұғымдағы әлеуметтік болмыс, яғни, қоғам, мемлекет; екіншіден, баланың қалыптасуына тікелей әсер ететін өзіндік қоршаған ортасы.
Әлеуметтік жұмыс ұғымы - белгілі бір адамға, топқа оның әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында көмек көрсетудегі кәсіби қызметті білдіреді. Енді осы ұзақ та қиын процестің теориясын, әлеуметтік педагогика, яғни, ғалым В.Д.Семеновтың сөзімен айтсақ, «Әлеуметтік ортаның тәрбиелік ықпалы жөніндегі ғылым» ұсынады.
Ғылыми әдебиеттерде тұтастай алғанда педагогика және оның ішінде әлеуметтік педагогика философиялық білімнің шеңберінде дамыды. Дәл осы ғылым әлеуметтік педагогиканың теориялық негіздерінің әдіснамалық базасы болды.
Әлеуметтік педагогика - педагогиканың әлеуметтік, тәрбиелік және білім берушілік тұрғыдан өзіндік ерекше әдістері бар дербес саласы. Әлеуметтік педагогиканың әдістері тұлғаның өзін-өзі жетілуіне, өзін-өзі тәрбиелеуі мен дамуына бағытталған. Бала тәрбиелеу жүйесінің маңызды элементтерінің бірі - бала үшін маңызды мәселелерді шешуге әлеуметтік педагог тарапынан көмек көрсету. Бала тұлғасының дамуына педагогикалық ықпал етуі жетістікке әкелу үшін, педагог проблемалық жағдайды дұрыс шешуге және дер кезінде байқай алу қабілетін иелену керек.
Әлеуметтік педагог проблеманың не екендігі, оның шешілуіне қандай шарттардың әсер ететіні, тәрбиеленушілерге қалай педагогикалық көмек көрсету жайында хабардар болуы және педагог әрекеті балалардың проблемалық жағдайларын нәтижелі шешуіне ықпал етуі тиіс.
Әлеуметтік педагогқа қойылатын негізгі талап - баланы жақсы көру, қайырымдылық, коммуникативтілік, өз көзқарасын қорғай алу және т.б. Ол қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік талаптарын меңгеріп, оларды қолданысқа ендіре алады.
Әлеуметтік педагогикалық қызмет - баланың, жасөспірімнің отбасында, мектепте, қоғамда қалыпты қарым-қатынасқа түсуі үшін өзін-өзі ұйымдастыра білуі, сондай-ақ психологиялық ұстамдылық, сабырлылық сақтай алу үшін көмек көрсетуге бағытталған педагогикалық қызметті де қамтитын әлеуметтік жұмыс.
Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің пайда болуы мен дамуының нақты сипаттамасының негізінде жалпы адамзаттық қажеттілік жатыр. Ұрпақтың жалғасуы мен сақталуы, атадан балаға әлеуметтік-құнды тәжірибені беру және соңғыларын осының негізінде өз бетімен еңбек етуге дайындау. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс «саналы адамның» қалыптасуының, оның әлеуметтік ырықсыз сезімдері (қарым-қатынас қажеттілігі, өзін-өзі көрсетуге талпыну, жасампаздық қасиеттері т.б.) дамуының қайнар көзі.
Әлеуметтік педагогиканың тағы да бір қызметінің ерекшелігі: ересектердің балаларды қоғамдық қарым-қатынас жүйесіне ену үдерісіне көмектесу, оған бейімделуі болып табылады. Тәрбие мен әлеуметтену тұтастай алғанда, жас ұрпақты қоғамдық және өндірістік өмірге дайындау қажеттілігінен туған. Ол арқылы ұрпақ жалғасын тауып, ілгері дамиды да, адамзат қоғамының өркениеттілігі қамтамасыз етіледі.
Бір жағынан, әлеуметтік педагогика адамның табиғатына тән адамгер шілікті мінез-құлықты басшылыққа алады. Сонымен, адам қайырымдылық жасау арқылы өзінің адамдық қасиетін жоғарылатады.
Соңғы жылдары Қазақстанда балалар мен отбасылардың әлеуметтік денсаулығының, қиын жеткіншек жастағы балалардың әлеуметтік реабилита циясы проблемаларын шешу орталықтары құрылған. Сонымен қатар балалар мен жеткіншектерге психологиялық-педагогикалық кеңес орталықтарының, жоғары оқу орындарында «әлеуметтік педагог» мамандығының ашылуы әлеуметтік педагогика саласының дамып келе жатқандығын көрсете алады.
Әлеуметтік педагогика өз қызметінде отбасылық, ұлттық, діни ерекшелік терді және қоғамдық тәрбиені есепке алады. Бұл ерекшеліктерді білу - әрбір әлеуметтік қызметкердің міндеті.
Әлеуметтік педагогика болашақ мамандар мен педагогтардың алдына мынадай мақсаттарды қояды:
1. Таңдап алған кәсібі бойынша теориялық және практикалық білімді меңгеру;
2. Әлеуметтік тәрбиенің меселелерін көре білу, сезіну, түйсіну және шешу жолдарын қарастыру;
3. Баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және кедергілерді жоя білуге баулу;
4. Баланың ізгілікті сезімдерін ояту, бауырмалдык, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін калыптастыру;
5. Тосын жағдайлардан өз алдына шығуға ұмтылуға, тура шешімін табуға, тартынбай іс-қимылға кірісуге үйрету;
6. Адамдармен қарым-қатынас, байланыс орнатып, мәміле түзе білуге, топта, не болмаса ірі ұжымда өзін-өзі басқаруға үйрету;
7. Қоршаған ортаның әсерін талдай білу және әлеуметтендіру "құрбандығы", шығындары туралы түсінік беру және көмектесе білуге үйрету.
Осы мақсаттарды орындау барысында Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің саласы - жалпы білім беретін ұйымдарда, арнайы (түзетуші) білім ұйымдарында, пеницитарлық типтегі мекемелерде, сауықтыру орталықтарында балалар мен оқушы жастарды әлеуметтендіру және тұлғалық дамыту процесі болып табылады.
Ал әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет нысаны: мемлекеттік құрылымдар (ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау Комитеті), әлеуметтік бағыттағы мекемелер (әлеуметтік қамтамасыздандыру, жұмыссыздарға, жағдайы төмендерге, еңбекке жарамсыздарға, еңбек ету мүмкіндігі шектеулілерге, қарттарға қолдау көрсету мен көмектесу ұйымдары); мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелері (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, балалар үйі, интернаттар, арнайы білім беру мекемелері); қоғамдық ортада өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен дамыту проблемаларымен айналысатын мекемелер (түземе және ақтау орталықтары, арнайы мектептер, колониялар); балалардың бос уақыттарын ұйымдастырумен және балалар шығармашылығын қолдаумен, өскелең ұрпақтың толыққанды әлеуметтенуімен және тұлғалық дамуымен айналысатын мекемелер (қоғамдық ұйымдар, балалар клубы, студиялар, сауықтыру лагері) болып табылады.
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің мазмұны: балалардың, жеткіншектер мен жастардың толыққанды әлеуметтенуі мен тұлғалық дамуына бағытталған әр түрлі типтегі білім беру-тәрбиелеу мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық қызмет; қоғамда әлеуметтік жауапкершілік және халыққа қызмет ету құндылықтарының қалыптасуына септігін тигізу [1].
Балалар, жасөспірімдер, олардың тәрбиешілері өмірінің қиын кезеңінде әлеуметтік педагогтан көмек сұрайды. Өмірден түңілген, үмітін жоғалтқан, қиындықты басынан кешірген және проблеманы өздігінен шеше алмаған олар түсіністікті, тілектестікті, адамгершілік қолдауды және нақты көмекті күтеді. Оларға сөзбен және іспен көмектесу, олардың өзіне сенуіне, өзінің құндылықтарын қайта қарауына және кемелденуіне ықпал ету - әлеуметтік педагогтың басты міндеті. Балалар мен жасөспірімдердің жанын түсіну және аялау - әлеуметтік педагогтың негізгі миссиясы.
Дүние жүзіндегі өркениетті мемлекеттерде тәрбиенің теориясы мен практикасындағы жетекші тенденция - әлеуметтік педагогика рөлінің артып отыратындығын көрсетіп отыр. Қоғамдық өмірдің жан-жақты демократиялан дырылуы мен гуманизациялау процесінде, сонымен қатар, Қазақстан Республи касының білім жүйесінде адами-тұлғалық қатынастың атмосферасын объективті тұрғыдан жасалуын талап етеді. Бұл өз кезегінде кәсіби мемлекеттік-қоғамдық тәрбиелеу құрылымдарының өмірден, отбасынан, әлеуметтік-мәдени ортадан алшақтауын жою арқылы балалар мен жастарды әлеуметтік тәрбиелеу жүйесін өзгерту жолдарын іздестіруді қажет етеді.
1991 жылы біздің елімізде әлеуметтік педагог қызметі енгізілді. Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі - маңызды мәселе. Білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуі, бүгінгі таңдағы оқушылардың қоғамда әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге, зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал етуге қажеттіліктерінен туындап отыр.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген