400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлеуметтік педагог қызметі – оқушының әлеуметтенуіндегі басты тірек

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік педагог қызметінің мазмұны мен ерекшелігі қарастырылады. Әлеуметтік педагог – мектеп, отбасы және қоғам арасындағы дәнекер тұлға. Оның негізгі міндеттері – баланың құқықтарын қорғау, дамуына қолайлы орта қалыптастыру, әлеуметтік тәжірибе беру, отбасымен жұмыс жүргізу, қоғамға бейімдеу және қиын жағдайдағы балаларға көмек көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ильясова Айна Сайлаубаевна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Жанкелдин ауданы білім бөлімінің "Қаражан Топаев атындағы жалпы білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік педагогі





Әлеуметтік педагог қызметі – оқушының әлеуметтенуіндегі басты тірек

Қазіргі білім беру жүйесінде әлеуметтік педагогтың орны ерекше. Ол – тек қана тәрбиеші немесе сынып жетекшісі емес, қоғам мен мектеп, отбасы мен бала арасындағы алтын көпір, үйлестіруші тұлға. Оның басты қызметі – баланы өмірге, қоғамға бейімдеу, әлеуметтік тәжірибе қалыптастыру, құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Әлеуметтік педагог – социумдағы педагогикалық қолдау қызметін жүзеге асыратын маман. Ол төмендегідей міндеттерді орындайды:

  • балалардың құқықтарын қорғау;

  • баланың жан-жақты дамуы үшін қолайлы орта құру;

  • мектеп пен отбасы арасында серіктестік қарым-қатынас орнату;

  • оқушының әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыру, өмірлік қиындықтарды шешуге үйрету;

  • қоғамда толерантты көзқарас орнықтыру;

  • жағымсыз құбылыстардың алдын алу және көмек көрсету.

Осы міндеттердің барлығы оқушыны социумға бейімдеуге, қоғамдағы орнын табуға бағытталған.

Әлеуметтік педагог көбінесе мынадай проблемаларды шешуге араласады:

  • баланың қоғамдағы өзгерістерге бейімделмеуі;

  • бала мен қоғам арасындағы үйлесімсіздік;

  • ата-аналардың тәрбиелік дәрменсіздігі;

  • этникааралық шиеленістер, мәдениет пен білім деңгейінің төмендігі;

  • отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуы;

  • жастардың инфантилизмін еңсеру.

Мұндай мәселелерді дер кезінде анықтау және дұрыс шешім қабылдау – әлеуметтік педагог жұмысының тиімділігін арттырады.

Әлеуметтік педагог баланың мәселесін тек сырттай бақылап қоймай, оның мән-жайын анықтап, себебін түсіндіруге көмектеседі. Бұл – баланың әлеуметтік бейімделуіне, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін маңызды қызмет. Сонымен бірге, әлеуметтік педагог жұмысының негізін халық мәдениетінің құндылықтары мен ұлттық тәжірибе құрайды. Ол білім беру мекемесінде оқушының адамгершілік, рухани құндылықтарын дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз орта құруға ерекше мән береді.

Әлеуметтік педагог қызметінің бір саласы – отбасымен жұмыс.

Ол «жеке тұлға – отбасы – қоғам» жүйесіндегі өзара қарым-қатынасты реттеп, көмекке мұқтаж отбасыларды қамқорлыққа алады. Мектепте әлеуметтік карталар жасалып, аз қамтылған, көпбалалы, жетім немесе толық емес отбасылардың балалары есепке алынады. Мұндай балаларға материалдық және рухани көмек ұйымдастыру, қайырымдылық акцияларын өткізу – әлеуметтік педагогтың негізгі іс-әрекетінің бірі. «Мектепке жол», «Жүректен жүрекке» сияқты акциялар арқылы балаларға қамқорлық көрсетіледі, олардың қоғамнан тыс қалмағанын сезінуіне жағдай жасалады.

Әлеуметтік педагог гуманист, жоғары мәдениетті, баланың дамуына жанашыр маман болуы шарт. Ол құқықтық құжаттарды жетік білуі тиіс. Негізгі нормативтік негіздерге мыналар жатады:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  • «Білім туралы» Заң;

  • «Бала құқығы туралы» Конвенция;

  • «Бала құқығын қорғау» Заңы;

  • «Неке және отбасы туралы» Заң;

  • Әдеп кодексі;

  • Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға арналған нормативтік актілер.

Қазіргі қоғамда әлеуметтік педагогтың рөлі күннен күнге артып келеді. Өйткені ол – тек балаға қолдау көрсетуші емес, оның өмірлік жолын дұрыс таңдауға бағыт беруші, отбасы мен мектеп арасындағы сенімді дәнекер. Әлеуметтік педагогтың кәсіби құзыреттілігі, ұйымдастырушылық қабілеті, адамгершілік ұстанымы оқушылардың әлеуметтенуіне, қоғамда өз орнын табуына зор ықпал етеді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
1 қазан
51
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі