ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ (ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ (ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу тәрбиесінде және қарым-қатынасында қиыншылығы бар оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Оқушылардың өзіндік «менін» қалыптастыра отырып, тұлғалық мінез-құлық ерекшеліктерін педагогикалық - психологиялық түзету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іле ауданы, Жәпек батыр ауылы

«№36 ОРТА МЕКТЕП» МКМ










ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ

(ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ)




Авторы: әлеуметтік педгог М.Рахметова
























2025-2026 оқу жылы


ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ

(ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ)

ТҮСІНІК ХАТ

Әлеуметтік педагогика — әлеуметтік ортаның нақты жағдайларын ескерумен тұлғаны тәрбиелеу бойынша шаралар жүйесін құру ғылымы мен тәжірибесі болып табылады. Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие тұжырымдамасын іске асыратын лауазымды тұлғалардың арасында әлеуметтік педагогтың да алатын орны зор.Әлеуметтік қызмет жүйесі тәрбие тұжырымдамасында белгіленген басым бағыттармен қатар әлеуметтік-психологиялық қолдауға мұқтаж балалардың мәселелері, өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мәселелері, балаларды тұрмыстық зорлық -зомбылықтан қорғау, жүйелі әлеуметтік-психологиялық көмек ұйымдастыру, қайырымдылық акцияларын өткізу сияқты сан-салалы міндеттер мектептердегі әлеуметтік педагогтердің атқарар жұмысының ауқымын көрсетіп тұр.

       Әлеуметтік педагог-ол тәрбиеші емес, сынып жетекшісі, тәлімгер емес, ол белгілі бір нормадағы қызметті үйлестіруші. Негізгі қызметі – адамды өмірге, қоғамға бейімдеу. Мектептегі әлеуметтік педагогтің басты мақсаты – оқушының әлеуметпен жан-жақты қарым-қатынас ортасын құру. Әлеуметтік педагогтардың негігі жұмыс нысаны балалар мен жасөспрімдер болып табылады. Ол-әртүрлі әлеуметтік-мәдени орталардағы балалармен тәрбие  жұмысын  ұйымдастыратын маман, жеке тұлғамен оны қоршаған шағын ортаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді, оқушылармен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен мұқтаждықтарын, мінез құлқындағы ауытқушылықтарын, шиеленісті жағдайларды анықтайды және уақтылы көмек көрсетеді, жеке тұлға мен білім беру мекемесінің, отбасының, ортаның билік органының арасында делдал ретінде әрекет етеді; оқушылардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуына ыңғайлы және қауіпсіз жағдай құрады; олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, жалпыға білім берудің орындалуына, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі; балалардың таланттарын дамыту үшін оларға жағдай жасайды.

Мақсаты: Оқу тәрбиесінде және қарым-қатынасында қиыншылығы бар оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Оқушылардың өзіндік «менін» қалыптастыра отырып, тұлғалық мінез-құлық ерекшеліктерін педагогикалық - психологиялық түзету.

Міндеттері:

  • Білім мекемесіндегі балаларға жоспарлы түрде  материалдық және рухани көмек ұйымдастыру;

  • Оқу тәрбиесінде және қарым-қатынасында қиыншылығы бар оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық көмекпен қамтамасыз ету;

  • Оқушының отбасылық тәрбие жағдайын анықтап, жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетуді ұйымдастырып, баланың жеке дамуындағы ауытқуларының алдын алып түзету жұмыстарын жүргізу.

Жүргізілетін жұмыс түрлері: топтық жұмыс, сұхбат, жеке жұмыс, тренингтер.

Әдістемелік құрал — бұл мұғалімдерге, оқытушыларға немесе оқушыларға арналған оқу процесін тиімді ұйымдастыру үшін жасалған нұсқаулық сипатындағы материал. Ол белгілі бір пән, тақырып немесе дағдыны оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, тапсырмалар мен ұсыныстарды қамтиды.Өз ойын – пікірін жеткізе білетін, қоғамда орны бар, әлеуметтік жағдайы жақсы, сөздік қоры бай, логикалық ойлау қабілеті дамыған, жан – жақты білімді, іскер тұлға қалыптастыру.

Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогтың көптеген қызметінің бір саласы – отбасымен жұмыс болып табылады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті отбасындағы немесе тәлім-тәрбие мекемелеріндегі көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталған. Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс істеу барысында «жеке тұлға-отбасы-қоғам» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастарды реттеп отырады.
Осы қағидалар отбасы мен балаларға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Әр баланың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын терең зерттеу оларды келешек қорғап, қамқорлыққа алуға септігін тигізеді. Сондықтан мектепте аз қамтылған отбасы оқушыларының әлеуметтік картасы жасалады.
Осы карта бойынша аз қамтылған, көп балалы отбасы, жетім, толық емес отбасы, жұмыссыз отбасы есепке алынады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі мүгедек оқушылар да назардан тыс қалмауы керек.
Оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету, олардың бейімделуіне көмектесу бағытында жоспарлы жұмыс жүргізіледі. Тәуекел тобындағы балалармен ата-аналармен тығыз байланыс болу қажет.

Әлеуметтік педагогтың тұлғалық дамыту жұмыстары – оқушылардың жеке қасиеттерін, әлеуетін, қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі, тәрбиелік және психологиялық-педагогикалық жұмыстар кешені. Бұл жұмыстар баланың қоғамда өзін-өзі табуына, бейімделуіне, өмірлік дағдыларды меңгеруіне ықпал етеді.

Негізгі бағыттары:

1. Өзін-өзі тану және бағалау дағдыларын қалыптастыру

тренингтер, әңгімелер, рефлексия жүргізу.

2. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту

рөлдік ойындар, топтық жұмыс, пікірталастар ұйымдастыру.

3. Мотивация және көшбасшылықты дамыту

мотивациялық кездесулер, белсенділікке тарту.

4. Стресті жеңу және эмоцияны басқару

арт-терапия, тыныс алу жаттығулары, психологиялық қолдау.

5. Әлеуметтік бейімделу

отбасымен, мұғалімдермен, құрдастарымен.

Әлеуметтік педагогтің жұмысын ұйымдастыру жолдары

Әлеуметтік педагог мектепте негізгі бағыттарда жұмыс жасайды:

1.Диагностикалық қызмет;

2.Өз қызметінде көмекті қажет ететін балаларды анықтау;

3.Кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру;

4. «Қиын» оқушылармен жұмыс

5.Сынып жетекшілері, медициналық қызметкерлер, ата-аналар комитетімен, пән мұғалімдерімен қарым-қатынасты үйлестіру.

Әлеуметтік педагогтің құжаттары:

1.Тәжірибелік жұмыс жоспары;

1 жылға құрастырылған жұмыс жоспары;

Диагностикалық жұмыстар

Құқықтық тәрбие

Отбасымен жұмыс

Сынып жетекшілермен жұмыс

Ағарту іс шаралары

Ерекше назардағы баламен жұмыс

Оқушылардың тізімі:

Мектепішілік бақылауда тұратын

Көп балалы және аз қамтылған отбасылар

Сәтсіз отбасылар

Мүгедек балалар;

Оралман балалардың тізімі

Патронаттық отбасы тәрбиесіндегі балалардың жеке іс қағаздары     Атқарылған жұмыстардың жылдық есебі. 

Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары:

 ҚР Конституциясы

"Білім туралы" Заңы

Бала құқығы туралы Конвенция\

Бала құқығын қорғау Заңы

Неке және отбасы туралы Заң

Әдеп кодексі

Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық қолдау туралы нормативтік актілер

Қиын баламен жұмыс жүргізу

Нақты есебін алу

Мінездеме жазу

 Арнайы бақылау дәптерін  жүргізу

Ата-анасымен байланыс дәптері

Жүргізілген іс-шараларға қатысуын бақылау

Маңызды нәтижесі бар сана-сезімге әсер ететін тәрбие сағаттар өткізу

Сабақтан тыс үйірме, секцияларға қатысуын қадағалау

Психологиялық, педагогикалық зерттеулер жүргізу.


- отбасына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;

- отбасы мен балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық кеңес беру;

- балаларды күйзелтетін даулы мәселелерді шешуге көмектесу;

- мінезінде ауытқушылығы бар адамдарға психологиялық және диагностикалық коррекция жасау;

- профилактикалық шаралар ұйымдастыру.

Әлеуметтік педагогтың көңіл аударатын басты объектісі – бала өмірінің әлеуметтік проблемалары. Әлеуметтік педагогтың «Тәуекел тобы» оқушылармен жүргізетін жұмысының мақсаты: проблемалық қауіпті өмір жағдайындағы баланың әлеуметтік тұрақтануы үшін кедергі-қиындықтарды жеңу және оған жағдай жасау немесе проблеманы шешу, сонымен қатар әлеуметтік ортаның педагогикалық мақсатты, қолайлы жағдайын жасау.

Қорытынды. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет — бұл әлеуметтік педагогтың жыл бойы (немесе белгілі бір мерзімде) атқарған жұмыстарының нәтижесін сипаттайтын ресми құжат. Ол оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен жүргізілген жұмыстарды, жеткен жетістіктерді және кездескен қиындықтарды көрсетеді. Бала мен әлеуметтік қоршаған орта өзінің әрбір даму кезеңдерінде жаңа әлеуметтік жағдайы мен бұрынғы қалыптасып қалған өлшемдер, талаптар аралығындағы туындаған қайшылықтарды тез сезініп отырады. Баланың әлеуметтік өмірдегі дамуына қажетті қолайлы жағдай жасалмаса өмірлік маңызды шешімге келу кезеңінде кедергілер, яғни «өмірдің проблемалық жағдайы» пайда болады. Әлеуметтік педгогтың білім беру саласындағы әлеуметтік қолдау шараларын дұрыс ұйымдастыруға көмегін тигізіп, білім алушыларға жеке тұлға ретінде қоғамда қалыптасуы ерекше орын алады.



6


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.00.2025
36
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі