Материалдар / Әлеуметтік педагогтың 2023 - 2024 оқу жылының Жылдық есебі.

Әлеуметтік педагогтың 2023 - 2024 оқу жылының Жылдық есебі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагогтың бір жыл бойы атқарылған жұмыстарының қысқаша есебі.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы

Әлеуметтік педагог Ильяшева У.Б. жылдық есебі


Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы бойынша жалпы – 764 бала оқиды.

Оқу жылының басында әлеуметтік педагогтың жұмысы бекітілген жоспар бойынша мектепте көпбалалы отбасылармен, азқамтылған отбасыларды анықтап, осы категориядағы отбасылардың қажетті құжаттары тексеріліп қабылданды. Статустағы оқушылардың құжаттарын реттеп, жаңа оқу жылына тізім жасалынды. Мектептің әлеуметтік төлқұжаты жасалады.

Әлеуметтік санаттар

Саны

%



Барлық оқушылар


764




Отбасы түрі бойынша:

571


1.

Толық отбасылар

688

87,6 %

2.

Толық емес отбасылар

64

12.3%

3.

Анасы жоқ балалар

4

0.56%

4.

Әкесі жоқ балалар

23

3.52%

5.

Көп балалы отбасы

300

31.8%

6.

Аз қамтамасыз етілген отбасы саны:

Аз қамтамасыз етілген бала саны

87

19.2%

24.9%

7.

Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

3

0.45%

8.

Мүгедек балалар, мүмкіндіктері шектеулі балалар

9

1.76%

9.

Азаматтығы жоқ білім алушылар

0

0

10.

Басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын білім алушылар

0

0

11.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде есепте тұрғандар

1

0

12.

Мектепішілік бақылау есебінде тұрғандар

0

0



Ата-аналарының білімі:



1.

Жоғары, жоғары білімнен кейінгі

395


2.

Техникалық және кәсіптік

385


3.

Орта

218


2023-2024 оқу жылы мектептің әлеуметтік паспорты мен таныстырып өтсек. Жалпы мектеп бойынша көп балалы отбасынан шыққан оқушылар саны – 300. Соның ішінде әлеуметтік педагогқа құжат тапсырып, жалпыға бірдей оқу қорынан көмек алған оқушылар саны және ай сайынғы жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылар – 208

Атаулы әлеуметтік көмек алатын (АСП) отбасылар саны – 16, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар саны- 3.


Қазақстан Республикасының Үкіметі 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін» бекітті. Осы қаулыны негізге ала отырып,ата-аналардың өтініштері негізінде материалдық көмек көрсетуге мұқтаж балалардың тізімі жасалынып көмек көрсетіледі.

Тамыз айында «Мектепке жол акциясы» бойынша атаулы әлеуметтік көмек алмайтын табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі төмен отбасынан шыққан Оқу жыл басында Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп гимназиясында жалпы оқушылардың отбасы жағдайымен танысу жұмыстары жүргізілді. Республикалык «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 1 – сыныпқа келген оқушыларға дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып келеді. Маңызды міндетіміз-қамқорлық жасау. Жоғарыда көрсетілген акцияға ««Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Мамандандырылған күзет қызметі департаменті» ММ полиция подполковнигі Сакенов Маратбек Сакенұлы 1 сынып 3 оқушыларына мектеп формалары мен кеңсе заттарымен қамтамассыз етті. Сонымен қатар «Береке банк басшысы Асель Садуовна Махмудова да 1 сынып оқушыларына кеңсе тауарлары мен портфельмен», және «Халық банк», «Самрұқ қазына» өз үлестерін қосты

Мектеп әкімшілігі аталған мамандарымен алдағы уақытта да белсене жұмыс жасайтын болады.

Shape1




11-12 қыркүйек 2023 жылы мектеп гимназияның 1-5, 6-11 сынып оқушыларының ата – аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде 2022 – 2023 оқу жылының қортындысы, мектеп формасына қойылатын талаптар, буллингке жол бермеу, мектептегі тегін тамақтануды ұйымдастыру үшін қандай құжаттарды тапсыру қажеттілігі туралы ақпарат берілді.



Мектебімізде атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс дегейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан, жетім және ата – ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар «Жалпыға міндетті оқу қоры» есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамассыз етілген.

Оқушы санаты

2020 – 2021

2021 – 2022

2022 – 2023

2023 – 2024

Тегін ыстық тамақпен қаматамасыз етілген жалпы оқушылар

186

173

219

208

Жетім және ата –ана қамқорлығынсыз қалған

3

3

4

3

Мектепте тегін ыстық тамақты ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы 10-

қосымшасының «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен

тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасын, «Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп – гимназиясы» 2023 жылдың №375 бұйрығын басшылыққа ала отырып мектепішілк бұйрық шығарылды. Мектепте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне сәйкес құжаттар жинақталып, журналға толтырылды. Сонымен қатар, мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар тізімі бекітіліп, құжаттар рәсімделіп, ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі бекітілді.

І тоқсан бойынша ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны 457-ны құрап отыр. Оқушылардың асханада көп шоғырлануын болдырмау мақсатында оқушылардың ыстық тамаққа баруы 5 уақытта ұйымдастырылды. Мысалы:

І ауысым

1- сынып оқушылар үшін – 9:45

6-7-8-9-10-11- сынып оқушылары үшін – 10:45

ІІ ауысым

2 - сынып оқушылары үшін – 15:40

3 - сынып оқушылары үшін – 14:50

4 – 5 сынып оқушылары үшін – 16:40

Оқушылардың ыстық тамаққа уақыты баруы тікелей сынып жетекші және кезекші әкімшілік назардан тыс қалдырмайды. Жыл соңында ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны 209- ды құрап отыр.

Сонымен қатар, оқушылардың ыстық тамаққа толық құрамда келуі, сабақтан қалған оқушылардың ыстық тамаққа келмеуін журналға уақытылы тіркеп отыру жұмыстарын әлеуметтік педагог, ал, асхананың және асхана қызметкерлерінің санитарлық- гигиеналық талаптарға сай болуы, тамақтың сапасына мониторининг жасау мектеп мейірбикесі бақылауда ұстайды.

Әлеуметтік педагогтің апталық жоспарына сәйкес, ыстық тамақтың сапасы, ас мәзіріне сай жасалуы, мөлшері, тамақ құрамында арттық заттардың болмауы, тамақ өнімдерінің бала денсаулығына пайдасын тигізуі, уақытында ыстық тамақтың берілуі және бөлме температурасында болуы күнделікті мектеп мейірбекесі, әлеуметтік педагог, әкімші кезекшілік және сынып жетекшілердің қатаң бақылауында.

Оқу жылы басталғаннан бастап мектеп асханасында тамақтануды сапалы ұйымдастыру мақсатында бракераждық және маниторингтік ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңесі, мектеп медбикесі, мектеп әкімшілігінен құралған комиссия жоспар бойынша тексеріп, тексеру нәтижелері жүйелі түрде мектеп сайтына күнделіті ас мәзірімен бірге жарияланып отырды.


2023-2024 оқу жылында сенім хатпен оқитын 14 оқушы тіркелді. 2022-2023 оқу жылымен салыстырғанда 15 балаға қысқартылды.

Сенімхатпен бала қабылданбайтыны туралы ата – аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Өгей ата – анамен тұратын 10 оқушы, Ф4 (яғни әкесі жоқ балалар) – 23 оқушы, толық емес отбасы – 64 отбасы, инклюзия – 11 оқушы бар, ата – ана қамқорлығынсыз қалған – 3 оқушы тіркелді

«27 қазан – Қамқоршылар күні» мерекесі өтуіне байланысты Красный Яр ауылының №3 мектеп гимназиясының ата – ана қамқорлығынсыз қалған 3 баланың Қамқоршылары қатысып 5 мың тенге көлемінде ақшалай сертификат алды.

Мектебіміздегі ата – ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар Искаков Нариман 8 «В» сыныпа, Кагиров Тамерлан 7 «В» сынып және Срыбный Ельнур 3 «В» сынып.

Оқушылардың жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан ыстық тамақпен

қамтылуы. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды, жанұя жағдайы төмен отбасы оқушыларының үйірме, секцияларға қатысуын қадағалау.

Кагиров Тамирлан 7 «Б» сынып оқушысы бокс үйірмесіне барады. «Әулет» МТЖО тәрбиеленушілер арасында облыстық матчтан 1 орын, ҚР Тәуелсіздік күніне арналған бокс турнирінде 1 орын иегері. Искаков Нариман 8 «В» сынып оқушысы қазақ күресіне қатысады. Нариман «Әулет» МТЖО тәрбиеленушілерінің спартакиадасы аясында қазақ күресінен 1 орын иегері.

Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар да белсенді түрде спорт үйірмелеріне қатысады.


Жаңа жыл - балаларға қуаныш сыйлайтын мерекелердің бірі. Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы аз қамтылған, көпбалалы отбасы және ата – анасының қамқорлығынан айырылған жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан тегін ыстық тамақпен қамтылған 208 оқушыға жаңа жылдық тәттілер сыйланды. Жаппай оқыту қорынан бөлінген 578240 ( бес жүз жетпіс сегіз мың екі жүз қырық) тенгеге жаңа жылдық тәттілер ЖШС «Астана сервис» компаниясымен бірлесе алынды.

Жаңа жыл - балаларға қуаныш сыйлайтын мерекелердің бірі. Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы аз қамтылған, көпбалалы отбасы және ата – анасының қамқорлығынан айырылған жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан тегін ыстық тамақпен қамтылған 208 оқушыға жаңа жылдық тәттілер сыйланды. Жаппай оқыту қорынан бөлінген 578240 ( бес жүз жетпіс сегіз мың екі жүз қырық) тенгеге жаңа жылдық тәттілер ЖШС «Астана сервис» компаниясымен бірлесе алынды.



Аталған мерекеге орай Қазақстан Республикасы Президентінің атынан дәстүрлі жаңа жылдық қойылым өтті. Ақмола облысының басты шыршасы Көкшетаудағы "Bolashaq sarayi" балалар мен жасөспірімдер сарайында жағылды. Аталған шыршаға көпбалалы отбасынан шыққан Красный Яр ауылының #3 көпсалалы мектеп гимназиясының 5"А" сынып оқушысы Жанатқызы Ақерке қатысты. Алдағы Жаңа жылмен Мемлекет басшысының атынан облыс әкімі Марат Ахметжанов балаларды құттықтады. Жаңа жылдық мерекелік бағдарлама театрландырылған қойылыммен және ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен шыршаны жағумен жалғасты. Мереке соңында мереке қонақтарына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан 100 мың теңге көлемінде ақшалай және тәтті сыйлықтар түріндегі жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.


Көкшетау каласы әкімдігі тарапынан да аз қамтылған, көпбалалы отбасы, ата – ана қамқорлығынан айырылған балалар қатысты. Мектебіміздің 3"Б" сынып оқушысы Срыбный Елнур мен 7"А" сынып оқушысы Ашимов Айбек аталған шыршаға қатысты. Балаларды жаңа жыл мерекесімен қалалық әкім атынан 50000 мың ақшалай және тәттілер жиынтығы берілді.


Красный Яр ауылы әкім шыршасы «Көкше» мәдениет үйінде өтті. Аталған шараға біздің мектептен 11 оқушы қатысты. Әкім атынан сыйлықтар алды, мерекелік іс – шарада шағын концерт көрді.



Үйде оқытуда бар балаларды, ата – ана қамқорлығынан қараусыз қалған балаларды аяз ата мен ақшақар Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Балаларға жақсы көңіл күй сыйлап, тәтті сыйлықтарды табыстады.



Балалардың көңілдері көтеріліп, алғыстарын білдірді.

Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп гимназия бойынша Көкшетау қаласы ПБ ЖПҚБ ювеналдық полиция бөлімшесінде үш отбасы жайсыз отбасы есебінде тұр. Олар: Акпаев Женис Турлыбекович 12.10.2023жыл, Минав Хасамхан 28.02.2024жыл, Нурғазы Даян 03.05.2024жылдан бастап есепке алынды.

Қыркүйек, қазан айында отбасыларының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру мақсатында жоспар бойынша мектеп инспекторы Жакупова Сәуле Еркинқызы және сынып жетекшілерімен бірге рейд жұмыстары жүргізілді.

Акпаев Женис Турлыбекович 12.10.2023жыл.

Минав Хасамхан - құрылысшы болып жұмыс жасайды. Красный ауылы, Достық көшесі 38 мекен-жайына үш (3 ) бөлмелі үйде тұрады. Үйдің жағдайы орташа, суды тасып ішеді. Санитарлық жағдайы орташа. Жолдасы Бақытжан Улжан үй шаруашылығында. Анасы баласы Минав Ақнур Хасамханқызы 24.04.2019жылы туған мүгедек бала «Дауна». Минав Назым Хасанханқызы 12.01.2018 жылы туған. Үйдің үлкені. Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп гимназиясының мектепалды дайындық «А» сыныбында оқиды. Минав Раяна Хасамханқызы 12.06.2020жылы туған, үйде. Үйге жөндеу қажет. Минав Хасамханның табысымен ғана өмір сүреді.

Даян Нургазы Хромтауда құрылысшы болып жұмыс жасайды. Красный Яр ауылы, Геологов 53 мекен-жайында 40 000 тг 2 бөлмелі үйді жалға алып тұрады. Жолдасы-Хахаар Мейрамгүл «Меруерт» кафесінде жұмысшы. Отбасында 7 кісі. Даян Елік 13.09.2007 жылы туылған, ККМГ№3 11 «А» гимназия сыныбында білім алады. 9 сыныты үздік аттестатпен аяқтаған. Елік «Жас құтқарушылар» , «Тоғызқұмалақ» үйірмелеріне қатысады. Белсенді оқушы. Даян Құлан 20.08.2009 жылы туылған ККМГ№3 9 «Ә» гимназия сыныбында білім алады. Сабақ үлгерімі жақсы. «Би» үйірмесіне қатысады. Даян Лейла 10.05.2011 жылы туылған ККМГ№3 7 «А» гимназия сыныбында білім алады. «Би» үйірмесіне қатысады. Даянұлы Қизатбек 08.12.2013 жылы туылған ККМГ№3 4 «Б» сынып оқушысы. «Асық» үйірмесіне қатысады. Алдағы уақытта басқада қызығушылығана қарай үйірмелерге жазу жоспарлануда. Даянқызы Лаула 13.02.2017 жылы туған, ККМГ№3 1 «А» сынып оқушысы. Мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылған. Оқушылардың сабақтарына жоспар бойынша әлеуметтік педагог және педагог-психологтар қатысып отырады. Ата-аналар тарапынан мектеп әкімшілігіне көмек сұрап өтініш түссе, мектеп ұжымы, сынып жетекшілері тарапынан көмек көрсетіледі. Қыркүйек айында оқушылар жаңа оқу жылына киім және оқуға қажетті оқу құралдарымен көмек көрсетті. Оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыстамыз. Мектепке шақыртылып әңгіме жүргізу арқылы кеңестер беріліп тұрады.

Отбасының тұрғылықты тұрмыстық жағдайын тексеру: Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп гимназия бойынша Көкшетау қаласы ПБ ЖПҚБ ювеналдық полиция бөлімшесінде 1 оқушы тұр, яғни Темирсаидов Бексеит Алтынбекұлы. ОЮП тізімінде тұрғандықтан және баланың тамақ ішетін, сабақ оқитын, демалатын орындары жайлылығын анықтау мақсатында рейд барысында отбасының тұрғылықты тұрмыстық жағдайын тексеру АКТ-сі жасалып отырады. Толық отбасы. 1 қабатты, 3 бөлмелі жеке меншік жер үйде тұрады. Үй іші жылы, балалардың жағдайлары жасалған. Балалар мектепте «Жалпыға міндетті оқу қоры» есебінен тегін тамақтанады.

Жыл соңына дейін 209 оқушы «Жалпыға міндетті оқу қоры» есебінен тегін тамақ ішті. 209 оқушының 10-ы 9-сыныптан кейін колледжге оқуға түсу жоспарлануда. Қалған оқушылар 11 сыныпты бітіреді. Шілде айында мектеп формасы мен оқуға қажетті құралдар алуға «Жалпыға міндетті оқу қоры» есебінен 209 оқушыға қаржылай көмек көрсету жоспарлануда.

Аз қамтылған, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың жағзы демалысын ұйымдастыру мақсатында мектепішілік лагерге 1 кезңіне 100 оқушы, 2 кезеңіне 100 оқушы, тегін ыстық тамақпен, және қала сыртындағы лагерге 22 оқушы, Красный Яр ауылы мектептеріне «Қазақстан халқына» «QH Жаздық жолдама» қайырымдылық қоры есебінен 16 оқушы, «Звездный» лагеріне 1 оқушы жіберіледі.




Әлеуметтік педагог: У.Б.Ильяшева





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ