Материалдар / Әлеуметтік педагогтың бақылау парағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлеуметтік педагогтың бақылау парағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагогка қажетті көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Тамыз 2024
587
2 рет жүктелген
1900 ₸
Бүгін алсаңыз
+95 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +95 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұнайлы ауданы бойынша «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі әлеуметтік педагогы Алпыс Ақмарал Керімтайқызының өткізген іс - шараларына

Анықтама

2023-2024 оқу жылы

2023 жылы «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі әлеуметтік педагогы Алпыс Ақмарал Керімтайқызы аз камтамасыз етілген, тұрмысы төмен отбасы балаларымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шараға директордын тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Атаниязов Нұрсұлтан, директордың статистика жөніндегі орынбасары Джанаева Мадина, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Құрақбаева Тамара, педагог-психолог Хабдирова Гулденай пікірлерін айтты.

«Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы жоғары денгейде өтті. «Мектепке жол акциясы» бойынша 38 балаға көмек көрсетілді.Оның ішінде Каиров Тажибай Каирович 3 отбасыға 30 000 тг барлығы 90 000 тг қаржылай көмек, демеуші атынан (атын атамауды сұрады) ата-ана қамқорлығынсыз қалған 1 балаға 20 000 тг қаржылай көмек, мектеп мұғалімі Базарбаева Камила Жиенбаевна атынан 3 қыз балаға 80 000 тг көлемінде оқу киімімен қамтамасыз етілді, Қарағұл Балниязов 1 балаға сөмке оқу құралдарымен көмек көрсетті. Акция мақсаты: аз қамтылған, көп балалы, сәтсіз отбасыларына көмек көрсету. Дүниеге келген жұмыр басты пенденің өмірі әр қыйлы. Игі қасиеттің ұшқыны ізгілікке, мейірімділікке ұласады. «Мектепке жол» акциясының жүзеге асуына үлесін қосып жүрген мейірімді жандардың көп болуы қуанышты. Биылғы оқу жылында оқушыларға оқу құралдарымен, киіммен және қаржылай қамтамасыз ету мақсатында демеушілік жасап жүрген ізгі жандарға алғыс айтамыз.

Пікір: «Мектепке жол» акциясы аясында мектебіміздің аз қамтылған отбасыларының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жасалған жұмыс оң нәтижесін беріп, оқушыларымыздың әлеуметтік жағдайы жақсы болса оқуға ынтасыда артатын еді. Осы игі шараны ұйымдастырушы Ақмарал Керімтайқызына және демеушілерімізге рахмет,алда тағы оқушылардың бір-біріне бей-жәй қарамауға бір-біріне жақсылық жасауға,мейірімділік сезімдерін ұялатып жақсылық жасауға үлгі болып отырсыздар.


Сабакка катыскандар:

Атаниязов Нұрсұлтан

Құрақбаева Тамара

Джанаева Мадина

Хабдирова Гулденай

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік – Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау.
2. Дамытушылық – Ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында әр түрлі тапсырмаларды орындату, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік - Дұрыс тамақтана білу мәдениетін тәрбиелеу. Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Түрі: сайыс сабақ
Құрал – жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, презентация, оқулық.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ойын, ой қозғау, сөзжұмбақ шешу.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу.
Оқушыларды сабаққа ынталандыру, сәттілік тілеу (оқушылар шеңбер құрайды)
- Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп, қолымыздан ұстап бір - бірімізге жақсы лебіз білдірейік.
(Жақсы баға алайық, көңіл күйлеріміз жақсы болсын, деңсаулығымыз мықты болсын, өмірде бақытты болайық,...)
- Бір - бірімізге не тілейміз?
- Сәттілік тілейміз.
Әр оқушы ұнаған түсті таңдап алып, орындарына отырады.(қызыл, сары)
Орындарымызға отырамыз.
- Бүгін балалар, сабақ сайыс түрінде өтеді. Сайыста біз әр түрлі, қызықты тапсырмаларды орындаймыз. Бүгінгі сайыстың кезеңдері мынадай.
Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру (дәрумендер өздерін таныстырады)
2. «Кім шапшаң?» (сұрақ - жауап)
3. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»
4. «Жағдаяттарды шешу»
5. «Тауып, көр!» (Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар)
6. «Ойлан, тап!» (денсаулыққа қатысты жұмбақтар шешу)
7. «Жалғасын тап» (мақал - мәтелдер)
І. Кіріспе бөлім.
Мұғалім:
- Балалар, сендерге Данышпан атай хат арқылы жұмбақ жіберіпті. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар, өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі сабақ сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)
Ендеше бүгінгі сайысымызды бастайық. Сайысымыздың бірінші кезеңінде әр топ өздерін таныстырады
І кезең
І топ: «А дәрумені»
ІІ топ: «С дәрумені»
Мұғалім:
Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.
Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.
Бүгінгі сабақта осылар туралы толығырақ білетін боламыз.
ІІ кезең «Кім шапшаң?»деп аталады. Бұл кезеңде әр бір топқа сұрақтар беріледі. Сол сұраққа жауап бересіздер.
1. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?
2. Тамақтанудың негізгі ережелерін ата?
3. Тамақтану ережесін бұзу қандай зардаптарға әкеп соғады?
4. Қандай тағам түрлерін білесіңдер?
«Ыстық орындық» ойын ойнату (тақырып бойынша өткен сөздерді қайталау)
Мұғалім: Артық болмас, білгенің...
Бірнеше жыл бұрын Чехияда, жоғары сынып оқушылары, қаттырған құлпынайы мен кілегейі бар балмұздақты жеп, эпидемия тіркелген болатын. Зертханалық сараптаманың нәтижесінде аталған кілегейдің орнында өзі емес, мұздалған А гепатиті болып шықты. Сондықтан да балмұздақ, газдалған сусындар, чипсы т/б зиянды тағамдардан бойымызды аулақ ұстаған жөн!
ІІІ кезең «Тапқыр болсаң, талас жоқ» деп аталады. Бұл кезеңде әр бір топқа мынадай тапсырмалар беріледі.
1 тапсырма - І топқа: дұрыс тамақтану ережелері
ІІ топқа: тиімді тамақтану туралы (Ауызша айтып беру)
2 тапсырма - І топқа: адам ағзасындағы пайдалы тағамдар
ІІ топқа: адам ағзасындағы зиянды тағамдар туралы (Жобаны қорғап шығу)
- Барлық топқа сәттілік!

Мұғалім:
Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.
•IV кезең «Жағдаяттарды шешу» деп аталады. Бұл кезеңде әрбір топқа бір жағдаят беріледі, Соның шешу жолын айтасыздар.
І топ:
Айгүл бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдына топ етіп алма түсті. Өзі қып - қызыл, үп - үлкен, Айгүл қуанып кетті. Қызығып қолына алды.
Дереу жемек боп аузына апара берді....
- Ал, сендер не істер едіңдер?
ІІ топ:
Әлия мен Сәуле сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Сәуле ағасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Әлия бұл ойға келіспеді.
- Сендер қалай ойлайсыңдар?
V кезең: «Дастархан басында сақталатын ырым - тыйымдар». Әрбір топ тыйым сөздердің мағынасын айту
1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.
3. Ас үстінен аттама. (Астан үлкен емессің)
4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
5. Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды.
6. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды.
7. Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
8. Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.
9. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламағандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.
10. Дастарханнан аттауға болмайды.
11. Өле жегенше,
Ағайынмен бөле же.
12. Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.
Мұғалім:
- Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан да халық дастарханды «Құтхананың берекесі» деп қасиет тұтады.
VI кезең «Ойлан, тап!» деп аталады. Бұл кезеңде жұмбақтардың шешімін табу керек.
- Іске сәт!
Жұмбақтарды шешу.
1. Одан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын)
2. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. (су)
3. Жуынып болғанда
Жүреді қолында. (орамал)
4. Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді өзіңе. (айна)
5. Қалтамда жатыр
Тістері бар батыр. (тарақ)
Бәтеңкесін, пальтосын
Өзі кие білмейді
Бұл баланы кім дейді? (жалқау)
Көзінен жас кетпейді
Балалардан шеттейді
Бұл баланы кім дейді? (жылауық)
Шықпай жатып көшеге
Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім дейді? (салақ)
VII кезең «Жалғасын тап» деп аталады. Бұл кезеңде денсаулыққа қатысты мақалдардың жалғасын табу.
Ет етке, сорпа бетке.
Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама!
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Өзі тоймастың көзі тоймас.
Өле жегенше бөле же.
Ауру астан,
Дау қарындастан.
Тәні саудың жаны сау.
Көзің ауырса, қолыңды тый.
Ішің ауырса, аузыңды тый.
Ауру азығымен.
Дидактикалық ойын: « Егер де...- не болар еді?»
- Егер де күн болмаса не болар еді?
- Үнемі қараңғы, қорқыныш болар еді.
- Егер де су болмаса не болар еді?
- Шөптер құрғайды, шөлдейміз.
- Егер де ауа болмаса не болар еді?
- Дем ала алмаймыз.
"Де Бонның алты қалпағы”
Берілген қалпақтардың біреуін таңдап және сұрақтарға жауап беруге болады
Сайысты қорытындылау
Дана халқымыз басты жеті байлықтың ең алғашқысы «Бірінші байлық – денсаулық» деп білген.
Денсаулықты сақтау үшін қажетті нәрселер: қоршаған ортаны таза ұстау, белсенді қозғалыста болу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, рухын таза сақтау, адам өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау.
Бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегін әділ бағасын беретін әділқазыларға береміз.























Мұнайлы ауданы бойынша «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі әлеуметтік педагогы

Алпыс Ақмарал Керімтайқызының өткізген іс - шараларына

Анықтама

2023-2024 оқу жылы


24.01.2024ж 9-11 сыныптар арасында «Мейірімділік- жүректе» атты тақырыбында қайырымдылық концерті өткізілді. Іс-шараға директордын тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Г.Калиева , директордың статистика жөніндегі орынбасары Джанаева Мадина, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Базарбаева Сапаркул пікірлерін айтты.

Ізгі шараның негізгі мақсаты қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсету, достық, бірлікті нығайту. Мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған концерттен жиналған қаражатты тиісті отбасыларға оқушылармен бірге ұйымдастырып, азық-түлікпен үш отбасы қамтылды. Көмек берілген бірінші отбасы шет мемлекеттен қоныс аударып келген, өз баспаналары жоқ, екінші отбасы жартылай жетім отбасы, үшінші отбасы жалғызбасты ана жалдамалы пәтерде тұратын отбасылар болды.Осы жәрмеңкені ұйымдастыру арқылы балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.

Пікір: «Мейірімділік-жүректе» атты қайырымдылық концерті жоғары дәрежеде өтті.Қатысушылар: мектеп оқушылары мен мұғалімдері аз қамтылған оқушылардың ата-аналары концерттен көтеріңкі көңіл күйде бағдарламаны тамашалады. Мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары барлығы бірдей ат салысып өз өнерлерін көрсетті. Шараға жиналған қаражат аз қамтылған оқушылардың үйіне азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Оқушыларымыздың осы шараны ұйымдастыру арқылы мейірімділік, қамқорлық, жақсылық жасау сияқты игі істерге ұмтылысы пайда болды.

Сабакка катыскандар: Калиева Г.

Джанаева М.

Базарбаева С.


















































Мұнайлы ауданы бойынша «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі әлеуметтік педагогы

Алпыс Ақмарал Керімтайқызының өткізген іс - шараларына

Анықтама

2023-2024 оқу жылы

2024 жылы әлеуметтік педагог Алпыс Ақмарал аз камтамасыз етілген, тұрмысы төмен отбасы балаларымен «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізді. Іс-шараға директордын тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Атаниязов Нұрсұлтан, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Басбаева Айнур , педагог-психолог Хабдирова Гулденай пікірлерін айтты.

Пікір: «Жүректен-жүрекке» атты қайырымдылық акциясы жоғары деңгейде өтті. Акцияға қатысушы оқушыларды топқа бөліп, себет ішінен өз қалаулары мен әртүрлі гүлдерді таңдап, гүлдер арқылы бір-біріне жақсы тілектерін айтып өтті. Оқушылар бір - біріне деген сүйіспеншілік орнатып,қарым-қатынаста болды. Қайырымдылық акциясына қатысушы оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп өтті. Гүлді таңдағандар-өмірде әркез гүлдей жайнап, кұлпырып,жан-жағынызға жақсы әсер қалдырып жүріңіз деп тілектерін білдірді.Жүрек таңдағандарыңыз-жүректеріңіз әркез мейрімге толы болып, жүректен шыққан жылы сөздеріңізді аямай, жайдары, жарқын болып жүріңіздер деген ыстық ықылас ниеттерін білдіріп өтті. Қатысушы оқушылар өз сөздерімен жаксы түсіндіріп, сөздік қорларын мол ерік жігерінің мықты екенін білдірді. Мұғалім мен оқушылардың арасында ынтымақтастық орнап, өзара сыйластық қалыптасты.Оқушылардың бойында ізгі адамгершілік жене мейірімділік қасиеттері қалыптасып, өмірге деген құштарлықтары оянды. Өмірде кездесетін түрлі жағдаяттардан шығуга болатыны, өмірлерінің жарқын әрі нұрлы болуына өздеріне байланысты екенін ұғынды. Алға қойған мақсатқа жетуте ұмтылыс бар екенін көрсете білді. Оқушылар жүректен шыққан жылы сөз жан жарасын емдейтініне көздері жеткендерін айтып өтті.

Жетістігі: «Жүректен-жүрекке» атты қайырымдылық іс-шарадан оқушылар жаксы әсер алып, жақсы көңіл күйде болды. Оқушылар өзін ұстай білуді, еркін сөйлеуді, бір-бірін қолдауға, үйренді. Өмірге кұштарлықтары оянып, мақсатқа жетуге ұмтылыс жасауды бойларына калыптастырды.

Сабакка катыскандар: Атаниязов Нұрсұлтан

Басбаева Айнур

Хабдирова Гулденай



Мұнайлы ауданы бойынша «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі әлеуметтік педагогы

Алпыс Ақмарал Керімтайқызының өткізген іс - шараларына

Анықтама

2023-2024 оқу жылы


2024 жылы Алпыс Ақмарал «Мейірім» атты мұғалімдер арасында қамқорлық акциясы өткізілді. Іс-шараға директордын тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Атаниязов Нұрсұлтан, директордың оқу жөніндегі орынбасары Мирзалиева Гулжанат , директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Құрақбаева Тамара, пікірлерін айтты.


Пікір: Басты мақсаты – тұрмысы төмен, көп балалы және жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау көрсету болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтік себептерге байланысты мектепке баруға мүмкіндігі болмай қалатын балаларды алдын -ала анықтап, оларға жәрдем беру.Мектебімізде қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, ол мектеп мұғалімдерінің қолдауымен өтті. Ұйымдастыру барысында жартылай жетім оқушылардың тұрмыс жағдайы тексеріліп жартылай жетім бір отбасыға, көп балалы бір отбасыға көмек көрсетілді. Бұл отбасылар көп балалы және жартылай жетім отбасылар. Мектепте өткізілген қайырымдылықтан жиналған қаражатқа жартылай жетім және көп балалы отбасылар азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Дүниеге келген жұмыр басты пенденің өмірі әр қили. Игі қасиеттің ұшқыны ізгілікке, мейірімділікке ұласады. «Мейірім» акциясының жүзеге асуына үлесін қосып жүрген мейірімді жандардың көп болуы қуанышты. Биылғы оқу жылында оқушыларға оқу құралдарымен, киіммен және қаржылай қамтамасыз ету мақсатында демеушілік жасап қолдау көрсеткен мектеп мұғалімдеріне алғыс айтамыз. Бұл игі шара мұғалімдердің оқушылардың өміріне бей-жәй қарамай әр оқушының әлеуметтік жағдайына қолдау көрету мақсатында ұйымдастырылған.Оқушыларға үлгі болады.


Сабакка катыскандар: Атаниязов Н.

Мирзалиева Г.

Құрақбаева Т.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!