Материалдар / Әлеуметтік педагогтың жасөспірімдермен жұмыс жүргізудегі негізгі ерекшеліктері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлеуметтік педагогтың жасөспірімдермен жұмыс жүргізудегі негізгі ерекшеліктері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагог жұмысындағы жасөспірімдермен жұмысының өзіндік ерекшеліктерін атап өту. Олардың жасөспірімдермен жұмыста, олардың іс-әрекет мәселелерін нақтылауда балаларға бағыт- бағдар беру, шешімдерін нақтылау. Олардың оқу және тәрбие жетістігі мәселесіне ден қояды, жасөспірімдердің өмірсүйгіштік, оптимистік, отансүйгіштік бағытта бола білу, әртүрлі сәтсіздіктерді алдын-ала білу қасиеттерін қалыптастыруға ата-аналармен бірлесе отырып жұыс жүргізуін қадағалау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2023
277
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әлеуметтік педагогтың жасөспірімдермен жұмыс жүргізудегі негізгі ерекшеліктері.

Жасөспірімдер қоршаған ортамен байланыстарының сипаты өзгеруі үшін оқу орындарының барлық түрлері шын мәнінде әлеуметтік  және мәдени тәрбие орындары ретінде танылып, оларда әлеуметтік педагогикаға лайықты  орын алуы қажет.

Ал енді қоғамға, әрбір бала мен оның отбасысына қажет болып отырған әлеуметтік педагог дегеніміз кім, ол қандай болуы керек?

       Әлеуметтік педагог - өзінің негізгі жұмыс бағытын балалардың сабақтан бос уақытын тиімді пайдалану мәселесімен айналысады. Олар ата-аналармен бірлесе отырып, тыс көптеген қызықты жұмыстар жүргізе алады. Студенттердің сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттері әлеуметтік педагогтың үлесіне тиеді.

Алдымен әлеуметтік педагог  әрбір өскелең жас адамға ақылшы, ұстаз,  ұйымдастырушы, психолог, тәрбиеші, үлестіруші-әдіскер, олардыың әлеуметтік құқықтарын қорғаушы болуға тиіс. Әлеуметтік педагог кәсіби психологиялық жағынан дербес жасампаз адамдарға, жоғары оқу орнында алған білімі мен машығы негізінде оқушы жастар мен олардың отбасыларының құқықтарын әлеуметтік жағынан қорғай алатын, жеке адамның әлеуметтік ортада,оқу барысында, еңбек қызметінде және бос уақытында жан-жақты жарасымды  дамуының мәселелерін пайымдап, іске асыра алатын әлеуметтік педагогтарға ғана тиесілі. Әлеуметтік педагогтың жұмыс объектілері оқушылар мен ата-аналар ғана емес, сонымен қатар, әртүрлі жастағы адамдар, клубтар, секциялар, топтар және қоғамдық бірлестіктер.Мұндай ортада барлығы өздерін еркін ұстайды, тәуелсіз сезінеді. Сондықтан да бұл ортада жұмыс істеп, оқушының бос уақыттағы тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру қиын да күрделі жұмыс.

Әлбетте, бұл міндеттерді іске асыру үшін әлеуметтік педагогтар мемлекеттік, кооперативтік, мәдениет мекемелері, спорт ұйымдары мен кітапханалар ұйымдарының, балаларды қорғаушы және оларға қамқоршы ұйымдардың, бірлестіктердің т.б. көмегін пайдаланады.

Біліктілігі жоғары маман ретінде әлеуметтік педагогтар, сондай-ақ баланы әлеуметке бейімдеудің жалпы, ауқымды мәселелерімен қатар тиісті мекемелерде балалар тамағына бөлінген қаржының дұрыс жұмсалуын бақылау, интернат типті тәрбие орындарында гуманитарлық көмекте әділ болуы, т.б. сияқты жеке мәселелерді де шешеді.

Қазіргі әлеуметтік педагогтың ең алдымен әлеуметтік педагогика, әлеуметтік психология, педагогикалық социология, жас шамасының психологиясы мен педагогиикасы, акмеология, жастар мәдениеті, отбасын тану, құқық тану, ортаны педагогикаландыру сияқты  салалардан арнайы білімі   болуы тиіс.

Бүгінгі таңда әлеуметтік педагогтар жасөспірімдермен тығыз байланыста жұмыс жасап отырғандығы мәлім. Әлеуметтік педагог  студенттердің жеке мәселелерін ғана емес білім процесіндегі ересектерге де дағдарыс жағдайынан және қиын ситуациялардан (бақытсыз жағдай, ұжым мен ата-аналармен, әкімшілікпен конфликт, аурулар және т.б.) шығу жолдарын көрсетеді.

Әлеуметтік педагог жұмысындағы  жасөспірімдермен жұмысының өзіндік ерекшелігі бар. Біріншіден, ол жасөспірімдермен жұмыста, олардың іс-әрекет мәселелерін нақтылауда  оқушының оқу және тәрбие жетістігі мәселесіне ден қояды, жасөспірімдердің өмірсүйгіштік, оптимистік, отансүйгіштік бағытта бола білу, әртүрлі сәтсіздіктерді алдын-ала білу қасиеттерін қалыптастыруға ата-аналармен бірлесе отырып жұыс жүргізеді.

Әлеуметтік педагогтың жұмысының негізгі мақсаты —  оқушылардың дамуын, тәрбиесін, білім алуын әлеуметтік тұрғыдан қорғау. Әлеуметтік педагогтың негізгі жұмысының басы алға мақсат қоюдан басталады. Өскелең ұрпаққа заман талабына сай тәрбиелеу, тұлғаның бойына жауапкершілікті, өз отанына деген міндет-борышын атқаруға, оның гүлденіп, өркендеуіне атсалысуына үйрету, өз тіліне, өзіне сүйіспеншілігін қалыптастыру, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор көрсету, табиғатты аялауға ықпал ету. Жалпы айтқанда осының бәрі ауыл жасөспірімдерінің өнегелі қасиеттерін қалыптастыру мен азаматтық тәрбиелердің негізінде жүріп отырады.

Міндеттері

  1. Баланың қажеттілігі мен қызығушылықтарын, мінезден ауытқушылығын, әлеуметтік ортаға бейімделу және әлеуметтік қорғалу деғңгейін анықтау.

  2. Балаға қажетті қолдау мен әлеуметтік көмекті өз уақытысында көрсету.

  3. Бала — жеке тұлға мен мекеменің, отбасы, орта, әлеуметтік қызмет мамандарын, әкімшілік орындарды тікелей байланыстырушы.

  4. Жеке тұлғаның бостандығы мен құқығын жүзеге асыруда, оқушыларды қолдау мен көмек көрсетуде т.б. әлеуметтік қорғау барысында шара қолдану.

  5. Әлеуметтік инициативаны дамытуа, әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған, мерекелік шаралар ұйымдастыру және оларды талдап, бекітуге қатысу.

  6.  Мекемеде, отбасыда, және қоршаған әлеуметтік ортада білім алушы жеке тұлғанның қауіпсіздігі мен психологиялық үйлесімділігіне жағдай туғызуына  ықпал ету.

  7.  Оқушының салауатты өмір салты үшін әлеуметтік ауытқушылық пен құқық бұзушылығының алдын алу.

  8. Оқушыларға көмек көрсету  үшін мұғалімдердің, ата-аналардың, әлеуметтік қызмет көрсету мамандарының, әкімшілік ұйым өкілдерінің өзара әрекетін үйлестіру.

Көрсетілген мақсат-міндеттерден әлеуметтік педагогтың төмендегідей жылдық жоспарын жасауға болады.

Ескерту. Әлеуметтік жұмыс жоспарын балдардың контингент ерекшелігіне байланысты құруына, өзгерістер енгізуіне, апталық жоспар жасап толықтыруына  болады.

Қазіргі жағдайда мектептің, отбасының және көпшіліктің өзара байланысын жақсартатын әлеуметтік педагогтар даярлаудың ауқымын кеңейту керектігі өте айқын сезілуде. Мұндай категориядағы кәсіби білікті мамандарды дайындауға және қайта даярлауғаерекше көңіл аударуы қажет. Міне, сонда ғана бала тәрбиесіндегі мектеп, отбасы және көпшілік ұйымдардың арасындағы байланысты жақсартатын мамандар саны көбейіп, сапасы артады. Мұны  өмір талап етіп отыр.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!