Материалдар / әлеуметтік педагогтың мектеп әкімшілігімен жүргізетін жұмыс жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

әлеуметтік педагогтың мектеп әкімшілігімен жүргізетін жұмыс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагогтарға көмек құралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
1010
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін

Мектеп директорының міндетін

қоса атқарушы_________________Омаров Ж.М







Shape1









Әлеуметтік педагог:Керимбекова Н.С








2018-2019 оқу жыл





Кіріспе


Бүгінде өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге қатыстыру, жеке тұлғалық қасиетін дамыту және оны қоғамда толық мәнді өмір сүруге дайындау қазіргі кезде тәрбиеге қойылатын талаптардың бірі болып табылады.

Оқушыларға дұрыс бағытта тәрбие беруге және олардың қоғамдық өмірде бейімделуіне жалпы білім беру мекемелерінде басшылардан бастап қарапайым қызметкерге дейін қосар үлесі мол. Сонымен қатар, мектептерде әлеуметтік педагог пен сынып жетекшінің маңызы зор.

Әлеуметтік педагог жұмысының негізгі мақсаты – оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес, проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру.

Ал, сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және сапалы құрылысшылары етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуының, адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген сүйіспеншілігін, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.

Сынып жетекшісі жұмысының қай саласын алсақ та, соның бәрінде табысқа жетудің негізгі шарты – оқушыларды жан-жақты білуі.

Сынып жетекшісі өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата – аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, олардың балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.

Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда, олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет.Ол үшін, оларды ұстамдылыққа, кемшілікке төзбеушілікке, сенімділікке тәрбиелеу керек.

Оқушының жеке басын танып білуде, оның оқуға деген ынтасын, психикалық үрдісін және әлеуметтік тұрмыс жағдайын сынып жетекшісі сабақтар жүйесіне қатысу арқылы анықтайды және оларға берілетін әлеуметтік көмектерді әлеуметтік педагогпен бірлесе ұйымдастырады.



















Әлеуметтік педагог 2018-2019 оқу жылында атқарылатын жылдық

жұмыс жоспары

Мектептерде әлеуметтік педагог пен сынып жетекшісінің оқу жылы басталар уақытта бірлесе жылдық жоспар құрады. Жоспардың мақсаты – оқушылардың қоғамдық өмірде бейімделуі, олардың тұрмыстық жағдайының анықталуы және әлеуметтік көмектердің дұрыс ұйымдастырылуы болып табылады.


Іс-шаралар мазмұны

Мерзімі

Жауапты

Сынып жетекшілерімен бірлескен жұмыс жоспары

1

Мектепке келген оқушыларға әлеуметтік диагностика жасау;

-сынып жетекшілерден оқушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайларын зерттеу жөнінде мәліметтер жинау;

-әлеуметтік қамқорлықтағы оқушылардың оқулықпен қамтылуын қадағалау

-тегін тамақпен қамтылатын оқушыларды анықтау;

-мектеп оқушылардың әлеуметтік картасын, картотекасын жасау;

-Тұл жетім, жартылай жетім балалар тізімі;

-оралман, үйде оқитын оқушылар тізімі;

-Аз қамтамыз етілген отбасы балардың тізімі; осы оқушылардың тізімін бірлесе жасап АББ-не тапсыру

Жылдың басында

Әлеуметтік педагог

Сн.жетекшілер

2.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың жеке іс-қағаздарын реттеу, оқушылардың жеке қызығушылығын бақылау, есепке алу.

Жүйелі түрде

Әлеуметтік педагог

Сн.жетекшілер

3.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың құжаттарын жинау, ай сайын сыныптың әлеуметтік қозғалысы туралы есеп алып отыру

Ай сайын

Әлеуметтік педагог

Сн.жетекшілер

4.

Сынып жетекшілермен бірлесе, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру, әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға үлестіру, бірлескен іс-шаралар жүргізу

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог

Сн.жетекшілер

5.

Сынып жетекшілермен бірлесе жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қорғаншыларынан мәлімет алу, сонымен қатар әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың ата-аналарының материалдық жағдайын анықтау. Ата-аналарының ата-аналар жиналысына келетіндігін бақылау, ата-аналар жиналысына қатысу.

Жүйелі түрде

Әлеуметтік педагог

Сн.жетекшілер

6.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың кітаппен және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог

Сн.жетекшілер

7.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік тұрмыс үй жағдайынмен танысу, тұрғын-жай актісін жүргізу

Жылына 1 рет

Әлеуметтік педагог

Сн.жетекшілер

8.

Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға және қиын және құқық бұзуға бейім оқушылардың отбасымен және тұрғын жайымен танысу, акт жүргізу

Жылына 1 рет

Әлеуметтік педагог

Сн.жетекшілер

9.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға «Қамқорлық» атты қайырымдылық акциясы кезінде сыйлықтар ұйымдастыру, әлеуметтік-материалдық көмектер көрсету

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог

Сн.жетекшілер

10.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың үй-мүлкінің сақталуын қадағалау

Жүйелі түрде

Әлеуметтік педагог

Сн.жетекшілер

11

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың жазғы лагерге баруын қамтамасыз ету

Маусым, шілде, тамыз

Әлеуметтік педагог

Сн.жетекшілер

Отбасымен бірлескен жұмыс жоспары

12

Әлеуметтік қорғалымдағы оқушылардың үйіне барып тұрғын үй актісін жасау

Үнемі бақылау жасау

Әлеуметтік педагог

Сн.жетекшілер

13

Ата-аналар жиналыстарына қатысу

14

Ата-аналарды жеке қабылдап қажеттіліктерін қанағаттандыру

15

Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен байланыста болу

16

Жағдай төмен оқушыларға материалдық көмек көрсету;

Жаңа жылдық шыршаға әлеуметтік қорғалымдағы оқушыларды сыйлықпен қамту

Психологтармен бірлескен жұмыс жоспары


Әлеуметтік педагог пен психолог әлеуметтік қорғалымдағы отбасына және сынып жетекшілеріне кеңестер беру;

Оқушылармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жүргізу және кеңестер беру;

Үйде оқытылатын оқушылардың ата-аналарымен кезесу және әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жүргізу


Әлеуметтік педагог

Психолог

Сн.жетекшілер

Медбикемен бірлескен жұмыс жоспары


-Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың денсаулығын профилактикалық-медициналық бақылаудан өткізу;

-Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың денсаулық жағдайын қадағалауда болу;

-Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға уақытылы егу жұмыстарын жүргізілгендігін қадағалау;


Әлеуметтік педагог

Медбике

Сн.жетекшілер

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен ИДН бірлескен жұмыс жоспары


-Тәрбие орынбасарымен бірлесе отырып түрлі қайрымдылық акцияларын ұйымдастыру;

-мектептегі қиын және құқық бұзуға бейім оқушыларды анықтау, есепке алу, қолайсыз отбасыларды анықтау;

-тәрбиесі қиын, сабақты бос жіберетін, сабақтан қашатын оқушыларды анықтау, педагогикалы, құқықтық жұмыстар жүргізу;

-тәрбиесінде ауытқуы бар оқушылардың тұрған үй жайын анықтап, акт жасау, ата-аналарымен байланыста болу

Үнемі


Тәрбие орынбасары

Әлеуметтік педагог

ИДН

Сынып жетекшілірі










Сондықтан да, мектептерде әлеуметтік педагог пен сынып жетекшісінің баланың әлеуметтік жағдайына көмек көрсетуде бірлесе байланысудың мәні зор болып табылады.

Әлеуметтік педагог: Керимбекова Н.С



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!