Материалдар / "ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ МЕКТЕПТЕГІ ІС ӘРЕКЕТІ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ МЕКТЕПТЕГІ ІС ӘРЕКЕТІ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың алдында үлкен де, күрделі міндеттер тұр. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі мектеп психологы мен әлеуметтік педагогтың ролі ерекше деп атауға болады. Өйткені, олардың бірігіп атқарған жұмысының нәтижесінде болашақ жеке адамның дұрыс, жан-жақты жетік қалыптасуына кең жол ашылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
768
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әлеуметтік педагогтың мектептегі іс-әрекеті

1991 жылдың мамыр айының 20-да КСРО халыққа Білім беру жөніндегі Мемлекеттік комитеті «Әлеуметтік педагог» мамандығын бекітті. Мектептегі әлеуметтік педагогтың білім беру жүйесіндегі алатын орны ерекші. Әлеуметтік педагог-ол тәрбиеші емес, сынып жетекшісі, тәлімгер емес, ол белгілі бір нормадағы қызметті үйлестіруші.
Негізгі қызметі – адамды өмірге, қоғамға бейімдеу. Мектептегі әлеуметтік педагогтың басты мақсаты – оқушының әлеуметпен жан-жақты қарым-қатынас ортасын құру. Әлеуметтік педагогтардың негігі жұмыс нысаны балалар мен жасөспрімдер болып табылады. Ол-әртүрлі әлеуметтік-мәдени орталардағы балалармен тәрбие  жұмысын  ұйымдастыратын маман, жеке тұлғамен оны қоршаған шағын ортаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді, оқушылармен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен мұқтаждықтарын, мінез құлқындағы ауытқушылықтарын, шиеленісті жағдайларды анықтайды және уақтылы көмек көрсетеді, жеке тұлға мен білім беру мекемесінің, отбасының, ортаның билік органының арасында делдал ретінде әрекет етеді; оқушылардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуына ыңғайлы және қауіпсіз жағдай құрады; олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, жалпыға білім берудің орындалуына, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі; балалардың таланттарын дамыту үшін оларға жағдай жасайды.

В.А.Сластенин әлеуметтік педагогқа қойылатын талап ретінде төмендегіні көрсетеді: өзінің жұмыс нысаны болып табылатын тұлғаның жеке құндылығын, оның қайталанбас ерекшелігі мен шығармашылық мыңыздылығын түсіну; таңдалған мамандықты саналы түрде сезініп қабылдау; көптеген жүйкелік және психикалық шыңындардың болуын ескерту; өзімен тұрақты жұмыс істеуді талап ететін кәсіби қызметініңшығармашылық табиғатын ұғыну қажет.
Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогтың көптеген қызметінің бір саласы – отбасымен жұмыс болып табылады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті отбасындағы немесе тәлім-тәрбие мекемелеріндегі көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталған. Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс істеу барысында «жеке тұлға-отбасы-қоғам» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастарды реттеп отырады.
Осы қағидалар отбасы мен балаларға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Әр баланың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын терең зерттеу оларды келекшек қорғап, қамқорлыққа алуға септігін тигізеді. Сондықтан мектепте аз қамтылған отбасы оқушыларының әлеуметтік картасы жасалады.
Осы карта бойынша аз қамтылған, көп балалы отбасы, жетм, толық емес отбасы, жұмыссыз отбасы есепке алынады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі мүгедек оқушылар да назардан тыс қалмауы керек. Білім мекемесіндегі әлеуметтік педагог мұндай балаларға жоспарлы түрде  материалдық және рухани көмек ұйымдастырады.
Оқу тәрбиесінде және қарым-қатынасында қиыншылығы бар оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Сондай-ақ, оқушының отбасылық тәрбие жағдайын анықтап, жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетуді ұйымдастырып, баланың жеке дамуындағы ауытқуларының алдын алып түзету жұмыстарын жүргізеді.
Әлеуметтік педагогтың жұмыс бағыттары:

Жоғарыда әлеуметтік педагогтың бірлесе жұмыс атқаратын субъектілері көрсетілген, егер осы бірлескен жұмыс жүйелі жолға қойылса мектептегі оқушыларды әлеуметтендіру жұмысы жоғары деңгейге ие болады.
Бүгінгі мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың алдында үлкен де, күрделі міндеттер тұр. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі мектеп психологы мен әлеуметтік педагогтың ролі ерекше деп атауға болады. Өйткені, олардың бірігіп атқарған жұмысының нәтижесінде болашақ жеке адамның дұрыс, жан-жақты жетік қалыптасуына кең жол ашылады. Баланың интеллектуалдық, шығармашылық, әлеуметтік қалыптасуына негіз беріледі.
Білім беру мекемесінде әлеуметтік педагог жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды жәрдемақылық, зейнетақылық және тұрғын үй жағдайын қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Қазіргі кезде елімізде экономикалық және әлеуметтік қиындықтар орын алғаны бәрімізге белгілі. Халықтың басым көпшілігі жұмыссыз болғандықтан әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың саны аз емес. Әлеуметтік тұрмыс жағдайы баланың білім мен тәрбие алуына ықпалын тигізеді. Мектептегі әлеуметтік педагог баланың өскен ортасы, жанұясы, қарым-қатынаста болатын жолдастары, сыныптастары туралы сараптап оқу жылына жоспарын жасайды. Жоспар жасауда көптген талапқа сай құжаттар басшылыққа алынады. Сонымен қатар оқу жылында мектептің әлеуметтік паспорты жасалынады.  
 Әлеуметтік тұрмысы нашар отбасына жұртшылық назарын аудару мақсатында «Мектепке жол» рсепубликалық акциясын кең көлемде өткізіп, аз қамтылған, жетім, көп балалы отбасыларына киім-кешектер мен оқу құралдарын алып беруді әлеуметтік педагог ұйымдастырып отырады. «Мектепке жол» республиалық акциясы біздің мектебімізде де өткізіліп отырады, «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру барысында жоспар құрылады, мөлтек ауданға рейдтер жасалады. Биылғы оқу жылында мектебімізде 501 оқушы болса оның 201-і әлеуметтік аз қамтылған оқушылар санатына жатады. Осы санаттағы оқушылардың барлығын назардан тыс қалдырмау мақсатында акция аясында көптеген шаралар, яғни «Қайырымды сынып»  жәрмеңкесі жоғары және бастауыш сыныптарда өткізілсе, «Қайырымдылық жәшігі» мектеп ғимаратында орналастырылып, барлық ұжым мүшелері ат салысты, сонымен қатар кәсіпкерлер мен меценаттарға шақыру билеттері таратылды, «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Акция қорытындысында мектеп ұжымының, оқушылардың, кәсіпкерлер мен демеушілердің көмек беруімен  137 әлеуметтік аз қамтылған оқушыларға киімдер, оқу-құралдары алып берілді. Әлеуметтік педагогтың осындай ұйымдастырған шаралары әрқашанда әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы әр балаға шаттық сыйлатыны баршамызға белгілі. Осы арқылы біз оқушыларымызға әрқашан қоғамнан тыс қалмағанын, әрдайым қолдау көрсетілетіндігін, қиын жағдайда қасынан табылатындығын дәлелдейміз және де осындай жылылыққа бөленген оқушы да болашақта жақсылыққа ұмтылуға бейімделетінін көреміз.
Әлеуметтік педагог мамандығының  иесі гуманист, биік рухани және жоғарғы деңгейдегі мәдениетті педагог, психолог, баланың блім алуына, тәрбиесіне, дамуына байланысты, оны қорғауға өзіні белсенді роль атқаратынын түсіне алуы, тұрақты адамгершілік қағидасы, ұстанымы болуы тиіс. Белгілі бір нәтижеге жету үшін әлеуметтік педагогикалық жұмысты жоспарлауды, білім мен іскерлікті орынды пайдалану, педагогиканың жаңа интенсивті  әдістерін меңгеру, оқыту мен тәрбиелеудің формаларын білу қажет. Әлеуметтік педагог ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, оларға жеке кеңес берп, отбасылық мәселелерді бірлесе шешуге көмектеседі.  

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!