Материалдар / Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
-Отбасындағы балалардың аз болуы; -жас отбасылардың көбіне ата-аналарынан бөлек тұруы; -халықтық педагогика дәстүрін жоғалтып алу; -отбасының әлеуметтік –экономикалық қиыншылықтары; -ата-ананың балаға қарауына уақытының жетпеуі;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2023
249
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы.

Жасөспірімдердің бақылаусыздығы мен қараусыз қалуы- мектеп және әлеуметтік педагогтың өзекті проблемаларының бірі болып табылады. Аталған жағдайдың себебінің бірі ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты.

Отбасы мен мектептің арасындағы ынтымақтастық бұл ортақ мақсатқа негізделген және ұзақ жұмыстың нәтижесі болып табылады. Бұл жұмыс ең алдымен отбасын жүйелі, әрі жан-жақты зерттеуден, отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері мен жағдайын ескеруден басталады. Бүгінгі таңда отбасылық құрылымының өзгеруі төмендегі мәселелерге байланысты:


-Отбасындағы балалардың аз болуы;

-жас отбасылардың көбіне ата-аналарынан бөлек тұруы;

-халықтық педагогика дәстүрін жоғалтып алу;

-отбасының әлеуметтік –экономикалық қиыншылықтары;

-ата-ананың балаға қарауына уақытының жетпеуі;

Бұл өз кезегінде баланың проблемаларымен жалғыз қалуына әкеліп соғады. Бұл проблемаларды шешу жолының бірі ретінде жасөспірім құқық бұзушылық пен қаңғырушылықты таңдауы мүмкін.


-Қолайлы сәтті отбасы;

-проблемалық отбасы;

-қолайсыз отбасы;

Отбасылардың түріне қарай мектеп ұжымына оқушы мен оның отбасымен жұмыс жүргізгенде түрліше әдіс- тәсілдерді қолдануға тура келеді.

Проблемалық отбасыдан шыққан балаларды екі топқа бөлуге болады:


-Баланы өз отбасының теріс ықпалынан қорғау керек. (бейморалды, қылмысты отбасы)

- Бақылаусыз және қараусыз қалған балалар, мұнда кеірісінше ол балалардың отбасы мен мектепке деген үзіліп қалған байланысын қалпына келтіру керек.


Балалардың бақылаусыз қалуына әсер ететін факторлар:

  1. отбасылық факторлар ( бала мен ата-анасы арасындағы қарым –қатынастар, отбасындағы дағдарыс, күйзеліс, отбасының тәрбиелік мүмкіндігінің төмендеуі,т.б.);

  2. әлеуметтік - экономикалық;

  3. әлеуметтік-психологиялық ( отбасындағы қатығездік, ата-анасының ажырасуы,т.б.);

  4. мектеп (мұғалімдерінің авторитарлық стильде жұмыс істеуі);

  5. психикалық (психологиялық аутқулары бар балалардың көбеюі);

  6. психологиялық ( баланың жеке мінезі).


Мектепте осы факторларды ескере отырып, бақылаусыздықтың алдын-алу бойынша төмендегі жұмыс бағыттарын көрсетуге болады:


    1. Отбасымен жұмыс (бала мен ата-анасының қарым- қатынасын, отбасы түрін диагностикалау, отбасына көмек пен қолдау көрсету, отбасымен үздіксіз байланыста болу,т.б.(;

    2. Оқушымен жұмыс (баланың жеке ерекшеліктерін зерттеу, педагогикалық көмек пен қолдау көрсету,оқу жүктемесін азайту,т.б.):

    3. Білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымымен жұмыс;

    4. Білім беру мекемелерінде тұлғаны әлеуметтік –педагогикалық және психологиялық тұрғыдан сүйемелдеу;

    5. Баланың әлеуметтік -педагогикалық босаңсуының алдын алу және ата-ананың педагогикалық мәдинетін көтеру;

Бақылаусыздықтың алдын-алуының тиімді болуы келесі жағдайлардың орындалуына байланысты :


1.Баланың білім алуға оң көзқарсының болуы;

2.Баланың ата-анасымен, мұғалімдермен, құрбы-құрдастарымен жағымды қарым –қатынас жасауы;

3.Психологиялық қорғалғандық;

4.Әлеуметтік жағынан қорғалуы ( оқушының құқы мен міндетін білуі, мектептегі барлық оқушылардың психологиялық және әлеуметтік жағынан кемсітпеу);

Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу;

5.Баланың білімі мен тәрбиесіне байланысты ата-аналарға кеңес беру;

6.Баланың үйіне бару;

7. Ата-аналармен әлеуметтік –психологиялық тренингтер жүргізу;

Ата-аналармен топтық жұмыс жүргізу түрлері

8. Ата-аналар жиналысын өткізу;

9. Ата-аналармен топтық жұмыс тренингтер жүргізу




Баяндамашы: Ащыбұлақ жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогы Сабденова Курданкул Тансыкбаевна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!