Әлеуметтік
педагогтың отбасымен жұмысы.
Баяндама
Жасөспірімдердің
бақылаусыздығы мен қараусыз қалуы- мектеп және әлеуметтік
педагогтың өзекті проблемаларының бірі болып
табылады. Аталған жағдайдың себебінің бірі ата-ана
мен балалар арасындағы қарым-қатынасқа
байланысты.
Отбасы мен
мектептің арасындағы ынтымақтастық бұл ортақ мақсатқа негізделген
және ұзақ жұмыстың нәтижесі болып табылады. Бұл жұмыс ең алдымен
отбасын жүйелі, әрі жан-жақты зерттеуден, отбасы тәрбиесінің
ерекшеліктері мен жағдайын ескеруден басталады. Бүгінгі таңда
отбасылық құрылымының өзгеруі төмендегі мәселелерге
байланысты:
-Отбасындағы
балалардың аз болуы;
-жас отбасылардың
көбіне ата-аналарынан бөлек тұруы;
-халықтық
педагогика дәстүрін жоғалтып алу;
-отбасының
әлеуметтік –экономикалық қиыншылықтары;
-ата-ананың балаға
қарауына уақытының жетпеуі;
Бұл өз кезегінде
баланың проблемаларымен жалғыз қалуына әкеліп соғады. Бұл
проблемаларды шешу жолының бірі ретінде жасөспірім құқық бұзушылық
пен қаңғырушылықты таңдауы мүмкін.
-Қолайлы сәтті
отбасы;
-проблемалық
отбасы;
-қолайсыз
отбасы;
Отбасылардың
түріне қарай мектеп ұжымына оқушы мен оның отбасымен жұмыс
жүргізгенде түрліше әдіс- тәсілдерді қолдануға тура
келеді.
Проблемалық
отбасыдан шыққан балаларды екі топқа бөлуге
болады:
-Баланы өз
отбасының теріс ықпалынан қорғау керек. (бейморалды, қылмысты
отбасы)
- Бақылаусыз және
қараусыз қалған балалар, мұнда кеірісінше ол балалардың отбасы мен
мектепке деген үзіліп қалған байланысын қалпына келтіру
керек.
Балалардың
бақылаусыз қалуына әсер ететін факторлар:
1. отбасылық
факторлар ( бала мен ата-анасы арасындағы қарым –қатынастар,
отбасындағы дағдарыс, күйзеліс, отбасының тәрбиелік мүмкіндігінің
төмендеуі,т.б.);
2. әлеуметтік -
экономикалық;
3.
әлеуметтік-психологиялық ( отбасындағы қатығездік, ата-анасының
ажырасуы,т.б.);
4. мектеп
(мұғалімдерінің авторитарлық стильде жұмыс
істеуі);
5. психикалық
(психологиялық аутқулары бар балалардың
көбеюі);
6. психологиялық (
баланың жеке мінезі).
Мектепте осы
факторларды ескере отырып, бақылаусыздықтың алдын-алу бойынша
төмендегі жұмыс бағыттарын көрсетуге
болады:
1. Отбасымен жұмыс
(бала мен ата-анасының қарым- қатынасын, отбасы түрін
диагностикалау, отбасына көмек пен қолдау көрсету, отбасымен
үздіксіз байланыста болу,т.б.(;
2. Оқушымен жұмыс
(баланың жеке ерекшеліктерін зерттеу, педагогикалық көмек пен
қолдау көрсету,оқу жүктемесін
азайту,т.б.):
3. Білім беру
мекемелерінің педагогикалық ұжымымен
жұмыс;
4. Білім беру
мекемелерінде тұлғаны әлеуметтік –педагогикалық және психологиялық
тұрғыдан сүйемелдеу;
5. Баланың
әлеуметтік -педагогикалық босаңсуының алдын алу және ата-ананың
педагогикалық мәдинетін көтеру;
Бақылаусыздықтың
алдын-алуының тиімді болуы келесі жағдайлардың орындалуына
байланысты :
1.Баланың білім
алуға оң көзқарсының болуы;
2.Баланың
ата-анасымен, мұғалімдермен, құрбы-құрдастарымен жағымды қарым
–қатынас жасауы;
3.Психологиялық
қорғалғандық;
4.Әлеуметтік
жағынан қорғалуы ( оқушының құқы мен міндетін білуі, мектептегі
барлық оқушылардың психологиялық және әлеуметтік жағынан
кемсітпеу);
Ата-аналармен жеке
жұмыс жүргізу;
5.Баланың білімі
мен тәрбиесіне байланысты ата-аналарға кеңес
беру;
6.Баланың үйіне
бару;
7. Ата-аналармен
әлеуметтік –психологиялық тренингтер
жүргізу;
Ата-аналармен
топтық жұмыс жүргізу түрлері
8. Ата-аналар
жиналысын өткізу;
9. Ата-аналармен
топтық жұмыс тренингтер жүргізу
Баяндамашы:
Ащыбұлақ жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогы Сабденова
Курбанкул Тансыкбаевна