Материалдар / Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы. Тақырыбы: «Әке-шаңырақтың тірегі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы. Тақырыбы: «Әке-шаңырақтың тірегі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасылық құндылықтардың бірі-әкелердің бала тәрбиелеудегі рөлін көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2020
487
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Әке-шаңырақтың тірегі»

(әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы)

Тема: «Отец-опора семьи»

(работа соцпедагого с семьёй)

Мақсаты: Отбасылық құндылықтардың бірі-әкелердің бала тәрбиелеудегі рөлін көрсету.

Күтілетін нәтиже: Отбасындағы әкенің рөлін әлеуметтік іс-қимыл әдістемесі тұрғысында талдайды.

Психологиялық тренинг «Паравоз»

Мақсаты: отбасылық қарым-қатынасты жақсарту

Жүру барысы: Залға бірнеше кедергілер қойылады.Содан соң ортаға 6-7 адам шақырылады. Қатысушылар бірінің артынан бірі тұрып,паровоз болып тұрады. Бірінші тұр адам паровоздың жүргізушісі болады,ортасындағы қатысушылар тук-тук деген дыбыстар шығарады,соңғы қатысушы алдынғы қатысушыға кедергілерден өту жолдарын айтып отырады.

Талдау: бұл тренингтен қандай қорытындыға келуге болады?

Тақырыбы: Әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастырудағы отбасы рөлі»

  • Мақсаты:

  • Жеке тұлғаның дамуын, тәрбиесін, білім алуын және оның отбасының әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін әлеуметтік тұрғыдан қорғау, уақытылы көмек көрсету.

  • Міндеті:

  • Санатына байланысты оқушыларға, ата-аналарға қолдау көрсету, кеңес беру;

  • Әртүрлі санаттағы оқушыларды мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларға қатыстыру, қолдау;

  • Қамқорлықтағы және патронат отбасы балаларын есепке алу жұмыстарын жүргізу.

  • Отбасылардың өмір сүру материалдық-тұрмыстық жағдайларын анықтау.

  • Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен оқушыларға қол ұшын беру.

Әлеуметтік педагогтің үш кезеңі:

1 кезең. Оқушылардың әлеуметтік өмірінің шынайы болмысын зерттеу.

2 кезең. Зерттеу материалдарының қорытынды құжаттарына сәйкес мақсат-міндеттерді анықтайды;

проблемалық шешуге тиіс жағдай болғанда,тіркелген субъектілердің әлеуметтік өмірінің

мүмкіндіктерін есепке алады және жұмысты жоспарлайды.

3 кезең. Әрбір іс пен әлеуметтік педагогикалық қызмет кезеңдеріндегі зерттеу нәтижелері мен жоспардың іске асырылу барысында жеткен жетістіктерді конструкциялау жұмысын жүзеге асырады

Әлеуметтік педагогтың жұмысы

Аз қамтылған,қамқорлықтағы және патронат, көп балалы отбасы балаларының тізімін жасау.

Аз қамтылған,қамқорлықтағы және патронат, көп балалы отбасы балаларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамту.

Аз қамтылған,қамқорлықтағы және патронат, көп балалы отбасы балаларын оқулықпен қамту.

Толық емес жанұя балаларымен жұмыс тұрлерін ұйымдастыру.

«Мектепке жол» және қамқорлық акциясын ұйымдастыру.

Жазғы демалысқа жағдайы төмен отбасы балаларының тартылуын қадағалау

Мектептің әлеуметтік паспорты:

Мектеп бойынша жалпы оқушы саны – 465

Соның ішінде бастауыш – 183

Мектеп алды даярлық тобы-46

Үйден оқитын оқушы-1

Көпбалалы отбасы балалары-33

Толық емес отбасы-74

Пәтер жалдап тұратын отбасы-76

Қамқорлықтағы-1

Патронат -3

Мектеп бойынша ата-ана саны-343

Әлеуметтік педагогтың сынып жетекшілермен ортақ жұмысы. Сынып жетекшілермен бірігіп қараша айында 22-і оқушының ұйіне барылып АКТ толтырылып, тұрмыстық жағдайы қаралды. Бұнда көпбалалы және толық емес отбасыға, пәтер жалдап тұратын отбасыларға рейд жұмыстары жүргізілді.

Санаттағы оқушылардың күзгі каникул уақытында өткізген демалыс күндері (29.10-03.11.2019ж). Санаттағы оқушыларды қоғамдық орындарға тарту мақсатында және күзгі демалыс уақытың тиімді пайдалануға арнап демалыс орындарына барылды. «Театр-өмір айнасы»-деп, «Ұй іздеген лақ» ертегісіне, «Пугачев» мұражайына және «Мұз айдынына» санаттағы оқушылармен барылды. Алдағы қысқы каникул күндерін тиімді пайдалану мақсатында құрылған жоспар. Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театыры «Қозы көрпеш баян сұлу», «Мұражайларға саяхат», ««City Center»КИНОТЕАТР «Семейка Аддамс», ««Ледовый дворец» Мұз айдыны», «Спорттық шара «Волейбол»», мектепшілік үйірмеге тарту.

Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс әдістері мен тәсілдері.

«Тұмар» әжелер клубы, «Мейірімді жүрек» аналар клубы ,«Ұлағат» әкелер клубы

«Қызғалдақ» қыздар клубы, «Серілер» ұлдар клубы. Осының ішінен әкелер клубына тоқталып кеткім келеді.

«Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды». «Ұлағат» әкелер клубы.

Мақсаты: Отбасылық құндылықтардың бірі-әкелердің бала тәрбиелеудегі рөлін көрсету.

Міндеті:

Әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және мектеппен байланысты нығайту.

Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу.

Үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін түсінуге тәрбиелеу.

«Ұлағат» әкелер клубының жетекшісі: Каспи Б.Н. және ата-аналар комитеті Нурекешов Ақылбек. Мүшелері: 1-11 сынып әкелері.

Әкелермен жұмыс: «Әке жұмысындағы 1 күн» жобасы, «Туған елге тағзым» жобасы,

Спорттық шаралар «Волейбол», «Өнер-таусылмас қазына» қол өнер, «Жүректен жүрекке» әлеуметтік топтағы балаларға көмек.

«Отбасы-отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.». Н.Ә.Назарбаев.

Коучинг –сессия жоспары

Тақырыбы:

Әке-шаңырақтың тірегі

Мақсаты:

Отбасылық құндылықтардың бірі-әкелердің бала тәрбиелеудегі рөлін көрсете отырып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың көзқарасын кеңейтуге ықпал ету. +6

Күтілетін нәтиже

Отбасындағы әкенің рөлін әлеуметтік іс-қимыл әдістемесі тұрғысында қарастырады.

Материалдар мен құрал -жабдықтар

Үлестірмелі материалдар ,интернет ресурстары, ватман.

Өткізу барысы:

Кезеңдер

Тапсырма


Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Топқа бөлу

Бағдарламадағы қанатты сөздер бойынша 4 топқа бөлу.


Семинар қатысушыларың топқа бөледі.

Топқа бөлінеді.

Негізгі бөлім

I топ

«Нағыз әке-ақылгөй де асқар жан» тақырыбында ситуациялық жағдаяттарды талдау.


II топ

«Үлгілі әкенің» моделін жасау.


III топ

«Қоғамдағы әке тәрбиесі: бүгіні мен болашағы» тақырыбында SWOT анализ жасау.


IV топ

Ата-ананың құқықтық сауаттылығы.

Ситуациялық жағдаяттарды түсіндіреді.



Үлестірмелі ресурстар береді.



«Неке мен отбасы», «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы»

ЖаңаҚР Заңы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 169-VІ ҚРЗ.

Өз пікірлерін айтады.





Топ болып ақылдасып, қорытынды жасайды.



Графикалық органайзерге материалдарды орналастырады.



Заңдармен танысып, ата-анаға қатысты баптарын талдайды.


Кері байланыс

Коучингтің өту барысы туралы шығу парағын толтырады.

Кері байланыс парағындағы пікірлермен танысады.

Пікірлерін оқиды.


«Бейнелеудегі әр түрлі техникаларда жедел түрде ( лайфхак) суреттер салу»

Шеберлік сағаты

Қажетті құралдар: фломастерлер, қарындаштар, гуашь, қылқаламдар, тарақ, әйнек, су.А5, А6 форматтар

Қатысушылар: қала мектептерінің әлеуметтік педагогтары;

-Бейнелеу, сурет салу-бос уақытыңды тиімді өткізу үшін қолданатаны тәсілдердің бірі. Сонымен қатар, демалуға, тынығуға көмектессе, әлемді әсемдікпен көруге үйретеді. Егер сурет сала білмесе де осы әдістер арқылы көптеген бейнелерді салуға болады.

1. Қолды үзбей фломастермен суреттер салу-торт, шай құйылған кесе, стакан, балмұздақ, қасық пен шанышқы.

2. суретке қылқаламмен гуашь жағып, үстінен әйнекпен сүртіп шығамыз. Пайда болған бейнені қарындашпен аяқтау;

3. Саусақтың басын әр түрлі гуашьқа батырып, қағазға мөр қойғандай басып шығамыз, пайда болған бейнелерден қаламмен адамның бет-әлпетін салса керемет бір-біріне ұқсамайтын бейнелер пайда болады.

4. 3Д суреттер салу. Жауапты :А. А. Доскалиев

Тақырыбы:« Жылқы, ірі қара, қой шаруашылығы бизнесін дамыту жолдары»

Жоба авторы:Қанатов Мақсат,Әкесі: Кубашев Қанат Ерсайынович.

Зерттеу мақсаты: «Ерсайын” шаруа қожалығының жұмысын одан әрі жетілдіру арқылы, кәсіпкерлікті дамыту , бизнес жоспар жасақтау.

Негізгі міндеттер:

1.“Ата-ана жұмысындағы 1 күн” жобасы арқылы мамандық және кәсіп таңдауға бейімделу, ата-анамның жұмысын дәріптеу, әрқашан қолдау көмек көрсету.

2.Мал шаруашылығы кәсібін меңгеру.

Ерсайын” шаруа қожалығы: Құрылған жылы: 1996 жылы. Пайдаланылатын жер: 250 гектар. Мал саны:

30 жылқы, 60 сиыр, 300 ге жуық қой,120 ешкі.

Түлік атауы

1996 жылы

2000 ж

2006 ж

2018 ж

Жылқы

8

12

20

30

Сиыр

15

28

43

60

Қой

90

150

190

300

Ешкі

35

48

98

120

Мал бағуда өтетін 1 күнім.

Уақыты

Жұмыс түрі

1

Таңғы сағ 6.00 де

Анам сиыр сауады

2

Таңғы сағ 8.00 де

Сиырларды, қойларды өріске айдаймыз

3

Таңғы 9.00де

Анам сүт тартып, қаймақ алады

4

9.00-11.00 ге дейін

Отын су тасимын

5

11.00 де

Қойлар өрістен келеді, қамаймыз

6

12.00 де

Түскі ас

7

13.00-14.00

Күндізгі ұйқы

8

14.00 де

Қойды суару үшін құдыққа айдаймыз

9

15.00-де

Қойды суарып, өріске қайта айдаймыз

10

16.30-да

Атпен сиырды айдап келеміз

11

17.00-де

Қой келеді

12

17.30 да

Сиырларды бұзаудан бөлеміз

13

18.00-де

Барлық малдарды қамаймыз.

Менің түйгенім:

1.Мал бағу үлкен еңбекті қажет етеді;

2. Ата-анамның еңбегі орасан зор;

3.Кәсіпті дамытуда уақытпен санаспау керек;

4. Мақсат қоюым және сол мақсатқа жетуім керек;

5.Жігерлі болуым керек, таңдаған мамандықпен қатар кәсіпті қосымша дамыта білуім керек;

Болашақтағы жоспарым:

1.Ірі қара мен жылқының санын 2000 басқа дейін көбейту;

2.Сүтті және етті сиырлар санын көбейтіп,бордақылау нәтижесінде жаңа сапалы сиырлар алу

3.Сиырларды сауу үшін жаңа аппараттар алу

4. Сүт өнімдері шығаратын компания ашу

5.Жүн өңдеу фабрикасын ашқым келеді

6.Атамнан қалған мирасты ұрпақтар сабақтастығы нәтижесінде жалғастырып, өз немерелеріме берсем деймін.

Тақырыбы: «Тимбилдинг немесе 1+1=5»

Мақсаты: біртұтас команда моделін қалыптастыру , ұжымда жағымды әлеуметтік-психологиялық климат құру

Міндеттері:

- ойын барысында жағымды атмосфера құру, ортақ іс-әрекет негізінде бірін-бі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!