Пәні:
Психология
Сабақтың
тақырыбы:Әлеуметтік
психология
Мақсаты.
Қазіргі
психология мен әлеуметтану ғылымының
әлеуметтік психология пәнін бірге
түсіндіру.
Міндеті.Қазіргі
қоғам және адам мәселесін шешудегі
психологияның маңыздылығы мен ролі.
Дамытушылық:психология
жайлы білімдерін кеңейту
Тәрбиелік:қоршаған
ортаға жақсы қарым-қатынаспен қарау
Көрнекілік:тест
парақшалары,оқу құралдары,текшелер.
Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңдері:
Амандасу,түгелдеу,сабаққа
дайындықтарын тексеру
Шаттық
шеңбері
«Бетперде»
жаттығуы
Дене
бұлшықеттерінің босаңсуы. Орындықта
отырып, денелеріңнің бұлшықеттерін бос
ұстаңдар. Терең демімізді аламыз да,
шығарамыз. 3-4 рет қайталанады
Жаңа
сабақты түсіндіру
Әлеуметтік
психология-
бұл адамдардың әлеуметтік, қоғамдық
топтарға қосылуынан туындаған мінез-құлық
және әрекет заңдылықтарын, осы топтардың
психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін
психология саласы болып табылады.Әлеуметтік
психологияның зерттеу пәні туралы ресей
ғалымдары өз тұжырымдарын берді. Атап
айтсақ, Б.Д.Парыгин әлеуметтік психология:
1)
тұлғаның әлеуметтік психологиясын;
2)
қоғам мен қарым-қатынастың әлеуметтік
психологиясын;
3)
әлеуметтік қатынастарды;
4)
рухани әрекеттер түрлерін зерттейді
деп көрсетсе, В.Н.Мясищев бойынша,
әлеуметтік психология:
1)
іс-әрекет барысында байқалатын топтағы
адамдардың психикалық әрекеттеріндегі
өзгерістерді;
2)
топ, топ ерекшеліктерін;
3)
қоғамдық процестердің психикалық
жақтарын қарастырады. Әлеуметтік
психология, белгілі бір жағдайдағы
субьектінің (индивид және қоғам) өзара
әрекеттестігі нәтижесінде пайда болатын
феномен ретіндегі – қарым-қатынас,
таптаурын (стереотип), дау-дамай немесе
келіспеушілік, өмір сүру бейнесі
сияқты әлеуметтік-психологиялық
құбылыстарды зерттейді.
Ең
алғашқы дербес әлеуметтік психологиялық
теориялар – «халық психологиясы»
М.Лацарус және Х.Штейнталь, В.Вундт
теориясының арнайылылығы, Г.Тардтың
«жұртшылық психологиясы» концепциясы,
оның С.Сигель және Г.Лебон жұмыстарында
дамуы, У.Макдауголлдың «Әлеуметтік
мінез-құлық инстинкттері» теориясы.
Әлеуметтік
психология бірнеше тараулардан тұрады:
-
адамдардың қарым-қатынасы мен өзара
әрекеттестігінің заңдылықтары, топтардағы
әлеуметтік психология;
-
тұлғаның әлеуметтік психологиясы;
-
қолданбалы салалардағы әлеуметтік
психология.
Әлеуметтік
психология мақсаты:
әлеуметтік-психологиялық құбылыстарға
сипаттама беру, олардың даму жағдайын
болжау, себептері мен механизмдерін
түсіндіру және әлеуметтік-психологиялық
көмек көрсету әдістерін ғылыми тұрғыда
ашу.
Әлеуметтік
психология міндеттері:
-еңбек
және оқу ұжымдарындағы жағдайды
диагностикалау;
-түрлі
әлеуметтік-психологиялық проблемалар
бойынша ұжым басшылары мен мүшелеріне
ақыл-кеңес беру;
-
басқарудағы қарым-қатынас мәдениетін
білдіру.
1. Әлеуметтік
психология және әлеуметтану.
Әлеуметтік
психология және әлеуметтанудың ортақ
қызығушылықтары бар, олар адамның өзара
қарым-қатынасы және адамдардың топпен
қарым-қатынасын қарастырады. Бірақ
әлеуметтану көп жағдайда топтарды
қарастырады (шағын топтардан бастап
үлкен қоғамға дейін). Ал әлеуметтік
психология жеке тұлғаны, ол басқалар
туралы не ойлайды, олар бір-біріне қалай
ықпал етеді, оның басқаларға деген
көзқарасы қалай соны қарастырады.
Мысалы: ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы.
Әлеуметтанудың зерттейтін жағдайы
некеге тұрудың, ажырасудың қоғамдағы
орнын зерттейді. Ал әлеуметтік психология
бұл адамдар бір бірін неліктен ұнатты,
олардың өзара қарым қатынасы қандай
соны қарастырады.
2. Әлеуметтік
психология және тұлға психологиясы.
Әлеуметтік
психология және тұлға психологияда
зерттеу ортасы индивид тұлғаны зерттеумен
айналысатын психологтар өздерінің
назарын адамдардың ішкі механизміне
және олардың бір бірінен айырмашылығына
көңіл бөледі. Адамдардың неге әр түрлі
болатынына жауап іздейді. Әлеуметтік
психология назарын жалпы адамдар
қауымдастығына аударады. Яғни олар бір
бірін қалай бағалайды, бір біріне қалай
ықпал етеді, олардың қандай көзқараста
екенін ғылыми тұрғыда қарастырады.
Әлеуметтану, тұлға және әлеуметтік
психология бір бірімен байланысқан
ғылым.
Жаңа
сабақты бекіту
Мынадай
жағдай ұсынылады:
Сізді
маңызды бір клиентпен іскерлік мәселелерді
талқылау сұрады және сіз оны қымбат
ресторанға шақырдыңыз. Сізідің клиентіңіз
және сіз бірінші тамаққа тапсырыс
бердіңіздер. Супы салқын болып шықты.
Клиентті сіз шақырдыңыз, яғни сіз бір
ыңғайын жасау керек деп ойлайсыз. Әрбір
қатысушыға болған жағдайға байланысты
өз іс-әрекетін жазатын карточкаларды
орналастыру ұсынылады. Топтың
сұрақтар қоюына және оны тандауын
талқылауына болады.
Қорытынды
Рефлексия
Алған
білімді және дағдыны қорытындылау.
Жаттығуды
жасау үшін шеңберге тұру керек, ретпен
санау және өз нөмірін есте сақтау қажет.
Біздің бөлмеде сіздерге қарым-қатынас
жасау данышпаны болуға көмектесетін
сыйлықтар бар. Өз нөміріңізді еске
түсіріңіз, сол нөмірмен сыйлығыңызды
табасыз. Және ештене де кездейсоқтық
емес екендігін ұмытпаңыз. Сіздің
сыйлығыңыз тек қана сізге ғана тиесілі.
Әр біреуі бөлмеден келесі жағында тілек
жазылған өз нөмірі бар парақшаларды
(жұлдызшалар, гүлдер, жемістер және т.б
түріндегі) тауып алады. Осыдан кейін
барлық қатысушылар шеңберге қайта
оралады. Барлық қатысып отырғандарға
тілек айтуды ұсыныңыз.