400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әлеуметтік-психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға, психологтарға және әлеуметтік педагогтарға арналған. 1.Қазіргі заман талабына сай оқушыларды жағымсыз әсерлерден сақтандыру. 2. Оқушыларға өмірлік құндылықты, денсаулықты, мотивацияға ынталандыру, мақсатқа жету, қарым-қатынасқа түсе білу дағдыларын қалыптастыру. 3. Оқушыларға өмірдің жақсысы мен жаманын қабылдай білуге, түсіне білу, өмірді жақсы көруге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өскемен қаласы әкімдігінің «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Тренинг







ТАҚЫРЫБЫ: «Мен – Концепциясы»









Орындаушы: Директордың тәрбие

ісі жөнінднгі орынбасары:

Габитова М.Ш.















Өскемен қаласы

2020-21 оқу жылы

Тренинг


Тақырыбы: «Мен - Концепциясы»


Мақсаты: «Мен - Концепция» тұжырымын құруға көмектесу


Міндеті: 1. Қазіргі заман талабына сай оқушыларды жағымсыз әсерлерден

сақтандыру.

2. Оқушыларға өмірлік құндылықты, денсаулықты, мотивацияға

ынталандыру, мақсатқа жету, қарым-қатынасқа түсе білу

дағдыларын қалыптастыру.

3. Оқушыларға өмірдің жақсысы мен жаманын қабылдай білуге,

түсіне білу, өмірді жақсы көруге үйрету.


Қажетті көрнекі-құралдар: А4 қағазынана алдын ала қиып жасалынған бос төсбелгі, ине, фломастер, аудио-слайд, слайд құралдары, интерактивті тақта, әр түрлі сөздер жазылған қағаздар, ішінде тілектер жазылған шарлар, видео ролик, карточкалар, А4 таза қағаздар, бояу, гуашь, қылқалам.


Ұйымдастыру: оқушыларды 3 топқа бөлу. Әділқазылар алқасын сайлау.


I Бөлім.

1. жаттығу. «Танысу» Балалар шеңбер жасап тұрады. Өздерінің есімдерін атай отырып, ата-аналары, ағалары, апайлары, ата-апалары қалай еркелеткенін атайды да қолдарындағы допты кез-келген қатысушыға лақтырады. Мысалы: Менің есімім Меруерт – мені «Мико» деп атайды.


2. жаттығу. Балаларға төсбелгі мен фломастер таратылады. Бос төсбелгі ішіне балалар өздеріне ұнайтын, өмірмен байланысты псевдоесімдерін жазады және белгі ретінде кішігірім сурет салады. Шеңбер бойына тұрып, өз төсбелгілерін қорғайды. Бүкіл тренинг барысында сол псевдоесіммен жүреді. Мысалы: Мико, Бека, Мако.


II Бөлім (негізгі бөлім)

Өмір – философия, яғни шексіз дүние. Жаңа әрбіреуің өмірге байланысты түрлі әдемі есімдерді таңдадыңдар. Әрине өмірдің ағы да бар, қарасы да бар. Қандай болмасын, ол біздің қойған мақсаттарымызға байланысты болады. Дегенмен өмірдің қатыгез, тым суық болуы көп кездеседі. Ондай жамандықтарды кейде адамдар санасыз түрде өз қолдарымен жасап жатады. Біздің өмір – біздің болашағымыз. Сондықтан болашағымыз жақсы, жарқын болсын десек, жақсыға қарай ұмтылуымыз керек. Қазіргі заман талабына сай өмірдің жағымсыз жақтарынан сақтанайық. Бүгінгі біздің тренингіміз де осы тақырыпқа негіздей отырып, бұл тақырыпты қозғауымыз бекер емес.


  • 3. жаттығу. Ассоциация «Өмір деген не?» Сіздерде қандай түсінік пайда болады, мына сөздерді естігенде: (доп беру арқылы балалар жауап береді)

  • достар

  • отбасы

  • қуаныш

  • сенім

  • әділдік

Өмірдің жағымды жақтары

  • жақсы тәрбие алу

  • өмірлік құндылықтар

  • мақсатқа жету

  • қарым-қатынасқа түсе білу

Өмірдің жағымсыз әсерлері

  • жағдайсыз отбасы

  • әлеуметтік жағдай

  • жалқаулық

  • бұзақылық жасау



DrawObject1










4. жаттығу. «Синквея». «Өмір, мен сені жақсы көремін!». Барлық сөз таптарын қолдана отырып, өмірге сипаттама беру.

1. Зат есім – не?

2. Зат есім – кім? не?

3. Сын есім – қандай?

4. Тұрлаусыз мүшелер

Мысалы: Өмір, мен саған ғашықпын. Өмір, сен кереметсің!


Слайд-шоу. «Өмірдің ақ, қарасы»


5. жаттығу. «Аяқ баспайтын арал» Робинзон Крузо

Барлықтарыңыз Робинзон Крузоны білесіздер. Ол болған кеме теңіздегі штормға тап болып, судың толқынымен белгісіз аралға түседі. Алдарыңыздағы параққа топ болып Робинзон Крузоның аралда қалған жақсы жақтарын және жаман жақтарын жазыңыздар.



Жақсы



Жаман


Мен тағдырдың тәлкегіне байланысты тірі қалдым. Маған құдай тағы бір өмір сыйлады.

Мен сұм тағдырдың тәлкегінен жабайы аралға тап болдым.


Жылы климат

Мен де тамақ та жоқ, киім де жоқ.

Мен оптимис болуым керек. Мені күндердің бір күнінде тауып алады ...

Мен қоғамнан, жанұямнан айырылдым.


6. жаттығу. «Мимикалық ситуация». Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточкаларды таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Отбасы» тақырыптары берілген. Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.


7. жаттығу. «Тамшы». Ақ бетке бір тамшы салыңыз. Енді оны ұлғайтыңыздар. Үрлеуге де болады. Шеңбер бойымен жіберіңіздер. Енді қараңыздар ... Бір тамшы неге ұқсады? Талқылау: түймедейден түйедей шығару оңай.


III Бөлім (қорытынды)

Аудио, слайд қолдана отырып, «Шалқан» ертегісі негізінде көрсету. Оқушылармен ертегінің негізгі ойы не жөнінде айтылғанын талдау.

Рефлексияға арналған сұрақтар:

  1. Шалқар жазда қайда баратын?

  2. Оның келуіне кім қатты қуанатын?

  3. Әсіресе кім қатты қуанатын?

  4. Бір жолы не болып қалды?

  5. Ол достарымен неге ренжісіп қалды?

  6. Шалқардың жазылуына кім ықпал етті?

  7. Осыдан қандай қорытындыға келуге болады?


8. жаттығу. «Ақ тілек». Шардың ішінде тақырыпқа байланысты тілектер жазылған. Қатысушы оқушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілектерді оқиды. («Өмірдің ақ, қарасы бірге жүреді. Ақты қабылдай білуіміз керек. Қараны жеңе білуіміз керек. Адм баласы оптимис болу керек»)


Тренингтің соңында оқушылар бірінін қолдарын бірінің үстіне қойып, «Өмір, мен сені жақсы көремін!» деп хормен айтып тренингті аяқтайды


Өзіндік талдау: Көкейімді тескен сан сұраққа жауап іздеп, елімнің өткеніне көз жүгірттім. Сонау ақтабан шұбырынды кезінен бастап, қайта құру заманына дейін еліміздің басына нелер өтіп, нелер келмеді? Аштыққа шыдап, жоқшылыққа төзген халық күрес үстінде шыңдалды. Олар жарқын өмірді аңсады, ұрпақ қамын ойлады, ұрпақтарына сол жарқын өмірді сыйлай білді. Ендеше, бабалардың қанымен, аналардың арымен келген осынау бейбіт өмірдің қадір-қасиетін, құнын біздер неге түсіруіміз керек? Найзасына ту байлап, жауға шапқан кешегі еңіреп жүріп етігімен су кешкен асыл ерлеріміз бен қар жамылып, мұз жастанған Бауыржандай атамыз, Әлиядай апамыз сынды батырлардың қайсарлығы мен төзімділігінен жаралған біздер өмірдің кез келген қиындығына төтеп беруіміз керек қой. Желтоқсанның мұздақтары қасқайып, қарсы алған Тәуелсіз еліміздің тірегі біздер болғандықтан, олардың өмірін жалғап, алға аяқ басайық. Бабалар үшін арман болған бақытты күннің бал деміне кермек қоспай сақтайық!

Осылайша ой түйген мен өмірге деген көзқарасымды тереңінен таразылай отырып, түбегейлі өзгерттім. Өмірдің мәні мен сәні, қызығы мен қуанышы арайлап ататын әр таңы жүрегіме өмірге деген махаббат сезімін оятты.

Алаңсыз өмір сүріп, уайымсыз күн кешіп жатқан мен болашағымның бүгінгіден де нұрлы болуына үздік біліміммен үлес қосуға талпынудамын. Өйткені, мен нұрлы өмірдің иесімін. Әр күніме үкілі үмітпен қызыға қараймын. Қызыға отырып, құлшына өмір сүремін.

Күтілетін нәтиже: Жылулықты, ұйымшылдықты сезіну, өмірдің жақсысы мен жаманын қабылдай білуге, өмірге белсенділігінің артуы, өз ойын тұжырымдап қорытынды шығаруы, шығармашылық жұмысты асыға күтуі.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Анн Л.Ф. Психологический тренинг с подростками. СПб.: Питер, 2003

  2. Балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың, темекі шегудің және ішімдік ішудің алды алу жөнінде ата-аналарға әдістемелік құрал. – Алматы: Раритет, 2007.- 60 бет

  3. Денсаулық және өмірлік дағдылар. 9-10 сынып

  4. Кузмина О.Е. Сказкатерапия «История о цветах», Усть-Каменогроск,

2007

5. Өзін-өзі тану. Оқулық, 7, 8, 9 сынып. «Бөбек», Алматы. 2010.

6. Өзін-өзі тану. Педагогикалық танымдық журнал. № 1-2 (33-34), қаңтар-сәуір, 2009 жыл.

7. Цзен Н.В., Пахомов Ю.В. Психотренинг: игры и упражнения. М.:

Класс, 2001


Қосымшалар

DrawObject3 DrawObject2














DrawObject4 DrawObject5













DrawObject6

DrawObject7
















DrawObject8














































DrawObject9











































DrawObject10












































МАХАББАТ

БҰЗЫҚТЫҚ

ОТБАСЫ


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
1964
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі