15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әлеуметтік қорғау құқығының түсінігі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
«Жамбыл политехникалық жоғары колледжі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Бекітемін
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
_______С.Н А. Қойшыбаев
«____» «_____» 2019 ж
0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша
«Еңбек құқығы және әлеуметтік қорғау құқығы» пәнінен
«Әлеуметтік қорғау құқығының түсінігі» тақырыбы бойынша құрылған оn-line сабақ әзірлемесі
«Құқықтық пәндер» ЦӘК
Отырысында қарастырылған
Хаттама № «____»_______2019 ж
ЦӘК төрайымы
__________ Тұрлыбекова Р.М.
Дайындаған: Еркебаева А.Ж.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
ОҚЫТУШЫ: Еркебаева Айсулу Жақсықұлқызы
ПӘННІҢ АТЫ: «Еңбек құқығы және әлеуметтік қорғау құқығы»
ОҚУ ТОБЫ: 3ПВ-17-1
ӨТЕТІН КҮНІ: 10.02.2019 жыл.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:Әлеуметтік қорғау құқығының түсінігі.
САБАҚТЫҢ ТҮРІ: Жаңа білім беру сабағы.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
БІЛІМ БЕРУШІЛІК: студенттерге әлеуметтік қорғау құқығының субъектілері жайлы, соның ішінде әлеуметтік қорғаудың құқықтық жағдайы туралы түсінік беру;
ДАМЫТУШЫЛЫҚ: білімге қызығушылықтарын, дербестігі мен шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
ТӘРБИЕЛІК: өздігінен жұмыс істеуге, өзара тексеруге, ұйымшылдыққа, жауапкершіліке, өзгенің еңбегін бағалай білуге, табиғатты сүюге, заңды білуге, қоршаған ортаны таза ұстауға, еңбексүйгіштікке, өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
ОҚЫТУ ӘДІСІ: цифрлық білім беру ресурстары
ПӘН АРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС: Құқық салалары.
САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ: Цифрлық білім беру ресурстары (QR-код, Quizlet, Kahoot бағдарламалары)
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы
Сабақты жүргізу кезеңдері |
Уақыт мөлшері |
1.Ұйымдастыру кезеңі |
3 мин |
- Сәлемдесу - Студенттерді түгелдеу - Аудитория тазалығына назар аудару |
|
2. Үй жұмысын жан-жақты тексеру 1.Әлеуметтік көмектің түрлері 2. Жәрдемақылар тағайындау тәртібі (асыраушысынан айырылуы, жүктілігі және босануы бойынша) 3. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы |
15 мин |
3.Жаңа білімді баяндау. |
55 мин |
Тақырыбы:Әлеуметтік қорғау құқығының түсінігі. 1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні, әдістері, міндеттері. 2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі, қайнар көздері. 3. Әлеуметтік қамсыздандыру ұғымы, мазмұны. 4.Әлеуметтік қамсыздандыру объектілері. 5. Әлеуметтік қамсыздандыру субъектілері
|
|
4.Жаңа тақырыпты бекіту. |
15 мин |
Тақырып бойынша кесте күйіндегі көріністер. Ойын: Шарты ұяшыққа сурет немесе видео сұрақ қойып таңдатып, жауап алу. GoogleDisk бағдарламасында тестке жауап беру
|
|
5.Үй тапсырмасы. 1. Сабақты қорытындылау және білімді бағалау 2. Үй тапсырмасы. Д.Ә.Жампейсов «Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» 15- тарау, 156-170 беттер. |
2 мин |
ІІ.Үй жұмысын жан-жақты тексеру.
Тақырып: Қазақстан Республикасының тұрғындарды қорғау құқығының жүйесі мен әдісі
1.Әлеуметтік көмектің түрлері
2. Жардемақылар тағайындау тәртібі.
3. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы.
4.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы.
5.Жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақылар
Қазақстан азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген негіздерде және тәртіппен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және тәртіппен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар мен азамттығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы пайдаланылады.
Бір мезгілде әр түрлі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың жағдайы бойынша бір жәрдемақы тағайындалады.
Мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар- бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған, асыраушысынан айырылған кезде және жасына байланысты берілетін ай сайынға ақшалай төлемдер.
2.Жәрдемақылар тағайындау тәртібі.
Жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақыға құқығы пайда болғаннан кейін, қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш жәрдемақыға құқығы бар адамның тұрғылықты жері бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі уікілетті органға беріледі, оған тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін құжаттар қоса тіркеледі.
Азаматтарға жәрдемақы тағайындауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.
Жәрдемақы тағайындау үшін құжаттарды қарау өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күніне аспауы тиіс.
Жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті орган тиісті шешім шығарылғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей ол туралы өтініш берушіге хабарлайды.
Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Осы заңға сәйкес жәрдемақылар төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3.Мүгедектігі бойынша жәрдемақы.
Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар мүгедектікке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтініш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады.
Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар қашан болғанына- жұмыс немесе кызмет кезінде, жұмысқа кіріскенге дейін немесе жұмысты тоқтатқаннан кейін болғанына қарамастан тағайындалады.
Мүгедек адамға зейнетақы төлеу тағайындалған кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады немесе

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген