400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлеуметтік санатта тұрған оқушылармен жұмыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік санатта тұрған оқушылармен атқарылған жұмыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 Аманқарағай орта мектебі» ММ
















Әлеуметтік санатта тұрған оқушылармен жұмыс.









Әлеуметтік педагог: Куанышова А.Б.














2018 - 2019 оқу жылы



Әлеуметтік санатта тұрған оқушылармен жұмыс.


Биылғы 2018 - 2019 оқу жылы бойынша мектепке 222 оқушы білім алуда. Әлеуметтік мәртебелері анықталып, барлық сынып бойынша әлеуметтік төлқұжаттары қабылданды. Жалпы биылғы өзгерістерге байланысты 1 – 11 сыныптар аралығындағы оқушылардың барлығына әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі жасалды.

Әлеуметтік педагогтың жұмысының бір бөлігі, өз құзырлығының шеңбері бойынша көмек қажет ететін балаларды қорғау, оларға тиісті материалдық көмек көрсету. Мектептегі әлеуметтік көмек алуға құқығы бар оқушылардың барлығы мектеп кітапханасының кітаптар қорынан тегін оқулықтармен қамтамасыз етілді. Жылма-жыл біздің мектеп бойынша аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасыларының оқушыларына «Мектепке жол» акциясы аясында мектепке келуіне көмек беріліп тұрады.

Қамқоршылықта отырған оқушыларға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Аманқарағай ауылының имамы Серікбай қажы, жеке кәсіпкер Матаев Қ.Т., ЖШС «Жетікөл-КОСТ» директоры Кошкантаев Е.К. және ата-аналар шақырылды. Іс-шара соңында Аманқарағай ауылының имамы Серікбай қажы сөз сөйлеп, оқушыларға сыйлықтарын тарту етті.



Осы жаңа оқу жылында 5 сынып оқушысы көп балалы отбасынан шыққан Адильбеков Диас Берікұлына демеушілік көрсетіп тегін тамақтануды өз қарамағына алған ЖШС «Жетікөл - КОСТ»- Кошкантаев Е.К, 6 сынып оқушысы толық емес отбасынан шыққан Аманжол Елдар Шакірұлына демеушілік көрсетіп тегін тамақтануды өз қарамағына алған Жеке кәсіпкер Матаев Қ.Т.

1 сынып оқушысы аз қамтылған отбасынан шыққан Абзал Серікжанға жеке кәсіпкер Матаев Қ.Т. көмек көрсетіп аяқ киім алып берді. 7 сынып оқушысы Асылбекқызы Асылға ТОО «Антрацит-Кост» Уразов Т.М. қол ұшын созып аяқ киім мен калготки алып берді.9 сынып оқушысы көп балалы отбасынан шыққан Досмадьярова Мадинаға «Магнит» дүкені демеуші болып аяқ киім алып бердік.Мектеп мұғалімдері де қол ұшын беріп киім - кешек пен көмек көрсетті.

Атап айтар болсақ, Айсенова М.Б, Нұрилла Ә.Қ, Жұмабек М.М, Ахметгалиева А.К, Куанышова А.Б. және ата-аналар тарапынанда (Кутубаева А, Омирбаева С.Ж. )қысқы киім – кешекке мұқтаж оқушыларға (Тыныштық Д, Асылбекқызы А, Досмадьярова М, Аубакирова К, Жунусова А.) көмек көрсетілді.

Әлеуметтік санатта тұрған оқушылар сабаққа келмеген күндері үйлерін аралап,ата-аналарымен сөйлесіп, арнайы дәптерге тіркеп отырамыз.




Осы оқу жылы бойынша аудандық әкім шыршасына аз қамтылған және көп балалы отбасынан 5 оқушы тартылып отыр.

1.Қайрат Данияр Қайратұлы

2.Ахметова Алина Сериковна

3.Досмадьярова Перизат Жолаушибаевна

4. Королева Дарина Анатольевна

5. Асылбекқызы Асыл




Ұсыныс:

1.Жоғарыда атқарылған жұмыстар өз кезегінде жалғасын тапсын.

2. Сынып жетекшілер әлеуметтік мәртебелері анықталған оқушылармен және ата – аналарымен өзара байланысын арттыру мақсатында әлеуметтік педагогпен тығыз қарым – қатынас орнату;

3.Әлеуметтік санатта тұрған оқушыларға көмек қолын созуға, кәсіпкерлерді демеушілікке тарту жұмысы жалғассын.





Әлеуметтік педагог: Куанышова А.Б.
















































































Осы жаңа оқу жылында ауылдағы ірі кәсіпкерлермен ЖШС серіктестіктердің көмегімен 236 000 теңге жиналып 23 білім алушылары оқу құрал және киім – кешекпен қамтамасыз етілді. Көмек берген кәсіпорындармен жеке кәсіпкерлерді атасақ. Көмек берген кәсіпорындармен жеке кәсіпкерлерді атасақ. 1. ЖШС «Жетікөл - КОСТ»- 50 000 мың тг. директоры Кушкентаев Е.К. 2. «Жатва шіркеуі – 78 000 мың тг. Шіркеу пасторы – Мишутина В.П. 5. Аманқарағай селолық округ аппараты – 15 000 мың тг. 6. «Надежда» шіркеуі – 15 000 тг. Шіркеу пасторы - Янцен Н.П. 7. Жеке кәсіпкер «Восток» дүкені қожайыны – 18 000 тг.

8. Жеке кәсіпкер «Матаева С.» - 15 000 тг 9. Мектеп ұжымы - 25 000 тг.

10. «Смешные ценый» дүкенінің қожайыны – 20 000 тг

2017 - 2018 оқу жылы « Жалпыға білім беру қорынан» тегін тамақ ұйымдастыру 4 - қыркүйек күнінен басталды. Көп балалы.аз қамтылған және толық емес отбасыларының 35 оқушысына бір мезгіл тегін тамақ ішу ұйымдастырылды. Бір оқушы күніне 164,42 теңгенің тамағын ішеді. Мектеп бойынша ыстық тамақ ішу 100% құрайды.

Осы оқу жылы бойынша аудандық әкім шыршасына аз қамтылған және көп балалы отбасынан 6 оқушы тартылып отыр. (Алмағанбетов Д, Муханбетова Г, Асимов Е, Борымова Г, Досмадияров Д, Төлеу Д,)


Ұсыныс:

Сынып жетекшілер әлеуметтік мәртебелері анықталған оқушылармен және ата – аналарымен өзара байланысын арттыру мақсатында әлеуметтік педагогпен тығыз қарым – қатынас орнату;



Әлеуметтік педагог: Рахметов С.О.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
758
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі