400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлеуметтік серіктестік – бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Заман жетістіктері негізінде жас ұрпаққа сапалы білім беруді мақсат ете отырып, жаңа қоғамға лайықты өмірден өз орнын табатын, бәсекеге қабілетті талапты ұрпақ тәрбиелеуде колледжіміздің инженер-педагогтарының еңбектерін айта кеткен жөн. Білімді тәжірибе негізінде нығайту жолында әлеуметтік серіктестіктердің алатын орны орасан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлеуметтік серіктестік – бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың негізі


Еліміздің келешегі – жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне ерекше назар аударылуы. Елбасымыз жастардың, техникалық және кәсіптік білім алуының мемлекетпен кепілдендірілген жүйесіне көшіруді мәлім етті.

Кәсіптік білім саласындағы әлеуметтік серіктестік дегеніміз – оқу үрдісіне қатысты тұлғалардың сұранысын қанағаттандыруға және оны жүзеге асыруға мақсатталған оқу орындары мен еңбек нарығының арасындағы байланыс. Әлеуметтік серіктестіктің мақсаты: білім алушылардың таңдаған мамандық туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған және кәсіби қызметін тәжірибелік меңгеруіне мүмкіндік беру; оқу барысында алған теориялық кәсіби білімімді тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдету және бекіту; практикалық және басқару мәселелерін шешу дағдыларына үйрену; өзіне мақсат қою, кәсіби іс-әрекетінің мәселелерін анықтап, олардың өндірістік жағдайда шешу іскерлігін қалыпатстыру; өз ісін жақсы меңгерген, жан-жақты, бәсекеге қабілетті маман даярлау.

Колледждің әлеуметтік серіктестікті ұйымдастырудың негізгі мақсаттары:

білім алушылардың тұлға ретінде нақты қасиеттерін қалыптастырып, тәрбиелеу: 
– өзгеріліп тұратын экономикалық жағдайларда икемді бейімделу;
– өз бетінше білім алып, оны тәжірибеде, түрлі мәселелерді шешуде дұрыс қолдану;
– өз бетінше сыни тұрғыдан ойлай білу, өмірдегі кездесетін қиындықтарды жеңе білу, оларды жеңу үшін қазіргі технологияларды тиімді пайдалану жолдардын іздеу;
– теория жүзінде алған білімдерін тәжірибемен байланыстыра білу.

Бүгінгі таңда елімізде мамандарды даярлаудың сапасын арттыруда әлеуметтік серіктестікпен білім беру жүйесін де жан -жақты өрістету өмір мен өндірістің өз сұранысын туындатып отырғаны да аян. Бұл техникалық жұмысшы кадрлар әзірлеу ісінің бүгінгі заманға озық жүйесі. Мұндай жағдайда арнаулы оқу орындарындағы теориялық білім беру тәсілдері өндірістік кәсіп орындарда тәжірибелік қадамдар мен тығыз ұштастырыла жүргізіледі.

Осындай бүгінгі заман талабына сай менің дәріс алып отырған И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі 07320700–«Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандығы болып табылады.

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының базасында өндірістік тәжірибеден өтіп жатырмын.

Колледжіміздің білім алушыларына орталықтың заманауи зертханасында түрлі сынамалар жүргізіліп, теориялық білімімді тәжірибемен байланыстырудамын. Зертхана мамандарының нұсқауымен асфальтобетонның сынамасын өзім жүргізіп, оның тығыздығына анықтау жүргізудемін.

Біздер, өндірістік тәжірибе барысында жылжымалы зертхананың да атқаратын міндеті мен жұмысымен танысудамыз. Жылжымалы зертхананың көмегімен «Қызылорда-Жезқазған» трассасының асфальтобетон құрамасына үлгі сынамалар алынып, зертханада зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Қорыта айтқанда, заман жетістіктері негізінде жас ұрпаққа сапалы білім беруді мақсат ете отырып, жаңа қоғамға лайықты өмірден өз орнын табатын, бәсекеге қабілетті талапты ұрпақ тәрбиелеуде колледжіміздің инженер-педагогтарының еңбектерін айта кеткен жөн. Білімді тәжірибе негізінде нығайту жолында әлеуметтік серіктестіктердің алатын орны орасан.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.01.2024
340
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі