400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Алға балақай

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алға балақай!»

Мақсаты: балалардың дене қимылдарын дамыту,қимылды ойындарға деген қызығушылығын арттыру,шапшаңдылыққа,ептілікке үйрету,жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтары: кардондар,кеглилер,доптар.

Құрметті тәрбиешілер мен балалар, бүгінгі «Қане, алға балақай!» сайысына қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа 2 топтың яғни, «Сұңқар» және «Тұлпар» тобының балалары қатысады.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!- деп жарысқа қатысушы балаларды ортаға шақырамыз.

Салауатты өмір салтын сақтаңыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаңыз.
Бала бақша балалары
Парасатты, айбынды,
Болыңыз сіз сегіз қырлы, бір сырлы.


- Сайысты бастамас бұрын, қалай бағаланатыны түсіндіріп айтайын. Әр кезең сайын қай топ жеңімпаз болып келсе, мен сол топқа бір карточкалар беріп отырамын.
- Спорттық сайысымыз әр бөлімнен жеңіп алған карточкалары арқылы бағаланады.

Сайыс 6 бөлімнен тұрады:

1. «Қос аяқпен секіру»

  1. «Ирелеңдеп жүру»

  2. «Кеглиларды құлату»

  3. «Кім жылдам?»

  4. «Жас спортшылар»


Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәттілік! Сайысымызды бастаймыз.

I — топ «Сұңқар» Ұраны: «Сұңқарлар алға, биікке самға, ешкімнен қалма!»
II — топ «Тұлпар» Ұраны: «Тұлпар болып шабамыз, сұңқардан біз озамыз»

I. Кезең. «Қос аяқпен секіру»
Шарты: Қос аяқпен берілген бес шеңбер ішіне секіріп, үстел үстіндегі түстерді орналастырып белгіленген конусты айналып, кері қарай тап солай тапсырманы орындау. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.

ІI. Кезең. «Ирелеңдеп жүру»
Шарты: Сызылған сызық бойымен ирелеңдеп жүріп барып,орындық үстінде отырған балаларды тамақтандырады, белгіленген конусты айналып, кері қарай тік жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.

Ш. Кезең. «Кеглилерді құлату»

Шарты:Тізіліп тұрған келилерді доппен құлату.Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып барлық кеглиларды құлатып болған топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.

ІҮ. Кезең. «Кім жылдам?»
Шарты: балалар өздеріне берілген кедергілер бетімен жүріп отырып шариктерді нысанаға лақтырады. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.

Ү. Кезең. «Жас спортшылар»
Шарты: балалар стаканның ішіне шарды үрлей отырып жүгіріп, белгіленген үстел үстіне стакандарды жинайды. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.



Спорт – көркі өмірдің,
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік достар!

Сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.

Балалардың қолындағы карочкаларды санау. Қай топтың карточкалары көп сол топ жеңімпаз болады. Балаларды марапаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.02.2023
299
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі