400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алғашқы адам

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенін және біздің заманымыздың ерекшеліктерін айқындау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Павлодар облысы

Павлодар қаласы

№ 7 жалпы орта білім беру бейіндік бейімдеуге мамандандырылған мектебі мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Шадықан Айбике Айтқазықызы

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Алғашқы адам

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенін және біздің заманымыздың ерекшеліктерін айқындау

Сабақтың нәтежиесі: Ежелгі адамдардың өмірі мен қазіргі адам трішілігінің едәуір айырмашылығын салыстырады.

Сабақта қолданылатын әдістер: «Топтастыру» Блум таксономиясы  «Көрме» әдісі.

Психологиялық ахуал

Жұп жазбастан жүреміз,

Біздің сынып – мақтаулы.

Біздің сынып -өнерлі.

Өйтені біз сүйеміз

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі: Ертедегі адамдарды ғылыми тілде палеоантроптар, кейде неандерталь адамдары деп те атайды. Палеоантроптар қазіргі адамдардың тікелей арғы тегі болып саналады. Жалпы алғанда, ертедегі адамдардың тікелей арғы тегі болып саналады. Жалпы алғанда, ертедегі адамдардың тіршілік әрекеті, ақыл – ойы және әлеуметтік өмір сүру жағдайлары қазіргі адамдарға ұқсас болған. Олардың сүйектерінің қалдығы алғаш рет 1848 жылы Еуропада табылған. 1856 жылы Батыс Германия жеріндегі Неандерталь өзенінің аңғарынан ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтары табылды. Ертедегі адамдардың қоныс мекендері, кейіннен Ресейдің көрнекті антрополог ғалымы М. М. Герасимов ертедегі адамдардың бас сүйегінің құрылыс ерекшелігіне қарап, олардың бейнесін жасап, ғылымға зор үлес қосты.
Палеоантроптар бұдан 1, 5 - 250 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ертедегі адамдардың бойының ұзындығы 155 - 165 см, ал миының көлемі 1400 см2 болған. Архантроптармен салыстырғанда палеоантроптардың сөйлеуге байланысты алдыңғы ми сыңарларының маңдай бөлігі жақсы дамыған және астыңғы жақ сүйегі кішірейген. Ертедегі адамдардың қоныстарынан табылған түрлі құралдардың жасалуы да едәуір күрделенген. Олар жануарлардың терісін өңдейтін құралдар да жасай білген. Ірі жануарлардың сүйектерін жинап, өздеріне баспана салғандығы да анықталып отыр. Палеоантроптардың ойлау қабілеті жақсы дамыған. Бұл кезде түрлі қолөнер салалары пайда болған. Қоғамдық сана қалыптасып, түрлі наным – сенімдер, тасқа, сүйекке ойып сурет салу және өлген адамдарды жерлеу салты болған.
Ертедегі адамдар ауа райы қолайсыз ауыр жағдайларда үңгірлерде тұрып, үнемі отты пайдаланған. Олар топтасып аң аулаған және Жер шарының көп аймақтарында өмір сүрген. Африканың солтүстік өңірінен табылған ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтарына өте ұқсас. Сондықтанда ертедегі адамдар көптеген аймақтарда бір мезгілде өмір сүрген деген пікірлер бар. 1938 жылы орыс ғалымы А. П. Окладников (1908 - 1981 жж) Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен ертедегі адамдардың сүйек қалдықтарын тапты. Бұл ғылымда дүниежүзілік мәні бар үлкен жаңалық болды. Ертедегі адамдардың мекенжайлары, пайдаланған тас құралдары және аулаған жануарларының сүйек қалдықтары Қазақстан жерінен де көптеп табылды. Қазақстандық ғалым Х. А. Алпысбаев 1958 - 1962 жылдары Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау өңірінен ертедегі адамдардың қоныстарын тауып зерттеп, ғылымға көп жаңалық болды. Ертедегі адамдардың пайдаланған тас құралдары Орталық Қазақстан, Бетпақдала өңірінен де табылды.
Көрнекті ғұлама ғалым Ә. Х. Марғұланның бұл салада сіңірген еңбегі орасан зор. Ғылымда бұл дәуірді тас дәуірі тас дәуірі (немесе тас ғасыры ) деп аталады.

Сергіту сәті

Ал балалар тұрмайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бр тұрып
Біз тынығып алайық.

Ой толғаныс

Табыс критериі:

- Өткен өмірді тану;

-Тарихшы ғалымдардың дәлелдемелері;

-Археологтардың қазба жұмыстарындағы жетістіктері

-Адамдардың жаралуы туралы ғылым не дейді? Табыс критериі бойынша «Көрме» ұйымдастырады А4 қағаз

5мин 2.Түсіну.  Т-кестесі

Адам мен маймылдың ұқсастығы бар ма? Салыстыр.

Үйге тапсырма

Мазмұндау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
484
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі