Материалдар / АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІН АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІН АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІН АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ <fzylfvf
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
806
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



"Бекітемін"Мектеп директоры:

___________Б.С. Куртаева





№103 жалпы орта мектеп











АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІН АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Дайындаған: Алғашқы әскери дайындықПәнін оқытушы-ұйымдастырушыссы: Б.К. Нускабаев











Шымкент қаласы

Тамыз маслихаты-2018 жыл



АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, қазіргі кезеңде «Алғашқы әскери дайындық» пәнін оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы,«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғанысы туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестікте жүзеге асып отыр.Алғашқы әскери дайындық – Қазақстан Республикасы азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттiк жүйенiң негiзгi құрамы болып табылады.Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»Н.Ә.Назарбаев. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Ұстаздар қауымының алдында сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру; Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу; Сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу маңызды.Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналадыОқыту процесі – екі жақты процесс, оның бір жағында оқытушы, ал екінші жағында оқушы бар. Сонда бұл процесс оқу бағдарламасына, әдістемелік нұсқаулар мен жарлықтарға және тағы басқаларға сүйенетін басқарушы бөлік- оқытушыдан және басқарылатын бөлік- оқушыдан тұрады. Қазір мұның бірін обьект,екіншісін субьект деп те айтып жүрміз. Оқытудың осы екі бөлігінің арасында тығыз екі жақты байланыс орнатылғанда ғана процесс өнімді нәтиже бермек.Оқытудағы тура байланыс деп, жаңа материалды түсіндіру, тәрбиелік әсер ету, әдістемелік нұсқаулар беру /қайталаңыз,жазып алыңыз,назар аударыңыз т.с.с/ түсіндіріледі. Мұнда оқушы мұғалімнің ықпал етуімен және өзінің ізденіп жұмыс істеуі арқылы жаңа білім мен білікті, дағдыны игереді.Оқытушыға оқытудың жаңа да тиімді тәсілдерін игеріп,оны қолдана білуі үшін оқушылардың өтілген материалды меңгеру нәтижесі туралы кері байланыс сигналдары түсуі қажет. Оқушының ауызша жауабы, бақылау жұмысын не практикалық тапсырма-ларды орындауы және т.б. кері байланыстың мысалдары болып табылады.Сабақ үстінде оқушының жаңа ұғымды меңгеруін ауызша айтқызу арқылы тексеріп, бақылау сабақтың көп уақытын алатындығы анық нәрсе. Оқушымен кері байланысты көбінесе осы әдіске құру олардың аз ғана бөлігін белсенді оқу процесіне тартып, ал қалған көпшілік бөлігінің оқу материалын үйренуіне ықпал етудің барынша азаюына, сөйтіп олардың білім алуға қызығушылығының төмендеуіне әсер етіп жүрген жағдайлар.Осы және бұдан басқа да толып жатқан психо-педагогикалық себептерге байланысты мұғалімге оқушы білімін, білігін анықтауда жаңа технологиялық әдістерді қолдану қазіргі уақыт талабына айналып отыр.Жаңа технологиялық әдістер, ол сол кезеңде өмірге енген техникалық құралдар мен жабдықтарды, түрлі көрнекіліктерді пайдалануға негізделген тәсілдер жиынтығы. Қазіргі уақытта оқушылар білімінің бірыңғай стандарттарға сәйкес болуы талабына жету, оқытудың педагогикалық тың әдістерінсіз жүзеге асуы екіталай.Бұл ретте шетелдік және ресейлік айтулы педагогтардың еңбектері мен тәжірибелерін өзіміздің ұлттық ұстанымдарымызға сай келетіндей түрде саралап пайдаланғанымыз жөн. Сонымен соңғы кездегі технологиялық әдістерге: электрондық оқулықтарды пайдал-ану, қашықтықтан басқарылатын дистанциялық оқыту жүйесін енгізу, оқушылардың білімдерінің сапасын бірыңғай ұлттық тест тапсырмалары бойынша тексеру, оқытудың соңғы үлгідегі аудио-видео техникалары мен құралдарын қолдану т.с.с. Алғашқы әскери дайындық меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік- техникалық мектептерде (кәсіптік мектеп) әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады. Әскери-патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз ұштастырыла отырылып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету. ҚР ҚК туралы Заң қабылдануына байланысты білім беру саласы мен мектептегі АӘД сабағына мемлекеттік пән мәртебесі беріліп, әскерге даярлау мен жас жеткіншекке отаншылдық тәрбие беру жұмысына Үкімет тарапынан көңіл бөлуде. Пәннің міндеті – келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл, қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау.Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы..Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-learning» электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді.Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:- Интерактивті тақта;- Мультимедия;- Интернет кеңістігі;- Электронды оқулық.«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді.  Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды  түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:
  • электрондық пошта( e-mail), телеконфереция, видеоконференция;
  • жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web
  • серверге  жеке шығару;
  • ақпараттық каталогтар (Yahoo,  InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау)ң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады.Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;Ақыл - ойын дамытады;Шығармашылық белсендігін арттырады;Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;Тіл байлығын жетілдіреді;Жан - жақты ізденушілігін арттырады.  АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!