Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнін оқыту арқылы отаншылдыққа тәрбиелеудің маңыздылығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнін оқыту арқылы отаншылдыққа тәрбиелеудің маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» сабақтарында білім алушыларды отаншылдық рухқа және Отанды сүюге тәрбиелеуде нақыл сөздерді қолданудың маңыздылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнін оқыту арқылы отаншылдыққа тәрбиелеудің маңыздылығы


Оразбаев А.Б.

Түркістан облысы, Төлеби ауданы Нысанбек ЖОМ


Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында келесі мақсаттар көрсетілген:

1. Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыдамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту;

2. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру.

Аталған мақсаттарға жету үшін бірнеше міндеттер анықталған. Сол міндеттердің бірі – «Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету» [1].

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» бекіткен әдістемелік нұсқау хатта: «2022 жылғы 1 қыркүйекте республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі»,- деп нақтыланған.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» сабақтарын өткізудің басты талабы – білім алушыларды отаншылдық рухқа және Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеуге бағытталған пән. Ол білім алушылардың төтенше жағдайларда әскери іс негіздері мен адамның өмір қауіпсіздік әрекеті бойынша білім алуына және әскери қызметтің дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді [2].

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың бойында әскери іс, ... өмірлік маңызы бар дағдылары мен қасиеттерін дамытуға ықпал етуді; жастардың бойында азаматтық көзқарас, ... дамытуды қамтамасыз етуі тиіс. Оқу пәні білім алушыларды әскери-патриоттық және адамгершілік тәрбиелеу, олардың сана-сезімі мен танымдық қызығушылықтарын ... дамытудың жалпы жүйесінде маңызды орынға ие»,- деп нақтыланған [2].

Сабақтың мақсат-міндетіне қарай білім алушыларды отаншылдыққа тәрбиелеу үшін қазақ билерінің шешендік сөздері мен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының. қаһарман қолбасшы Бауыржан Момышұлының Отанды қорғау, елді сүю, батырлық, батылдық, сабырлылық, намыс т.б. туралы нақыл сөздерін пайдаланудың маңызы зор.

«Отаншылдық, отан сүйгіштік, патриотизм (грек, patris – Отан) – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналады. Ежелгі түркі қағандығы кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің отаншылдық үлгісі көрініс тапқан. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Ақтамберді, Бұқар жыраулар және XX ғасырдың басындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхан, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев т.б. ұлт зиялылары мен қайраткерлер отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де өнеге көрсете білді... Қазіргі кезде Қазақстан өмірінде «қазақстандық патриотизм» ұғымы қалыптаса бастады... Отаншылдық сана – халықты топтастырушы рухани күш бола тұра, халықтың күш-жігерін, тәуелсіздікті нығайтуға бағыттайды. Сондықтан елдегі тәлім-тәрбие, идеология мен ақпарат жүйесі ел тұрғындарының бойында өзін республиканың толық азаматы ретінде сезіну көңіл-күйін қалыптастыруы керек. Отаншылдық, елжандылық, туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Сондықтан отаншылдықтың қайнар көзі адамгершілік қасиеттер болмақ. Отаншылдықтың іргетасы – ұтжандылық...»,-деп анықталған [3].

Туған жерге, елге, Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік жеке тұлғаның дамуындағы жоғары деңгейін көрсететін маңызды қасиеттердің бірі.

Қаһарман қолбасшы Бауыржан Момышұлы: «Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті», -деп Отанды сүюдің ең күшті қасиет екендігін айтқан.


Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/article/details/20392?lang=kk

  2. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат. https://uba.edu.kz/qaz/metodology/

3.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-х https://kk.wikipedia.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2023
374
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі