Баяндама:
«Мектептегі алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағын жүргізудің тиімді жолдары»
«Егеменді ел тірегі – Қарулы Күштер» десек, сол әскери Қарулы Күштерге жастарды мектеп қабырғасынан даярлайтын Алғашқы әскери және технологиялық пәні болып табылады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс-негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету маңызды.
«Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу - өнер» - демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты саясатының бірі.
ХХ ғасырдың басында А. Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрететін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім» - деген екен.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» сабақтарында жаңартылған білім технологиясын қолдану, электрондық оқулықтарды және интернет-ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Жаңартылған білім технологиясын қолдану сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Қазіргі кезде тәрбиенің жан-жақты, сан қырлы әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, оларды Отансүйгіш, елжанды азамат етіп тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндет.
Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын АӘТД сабақтарында қолдануға болады. Ал жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізсе, ал оқушының ойлау, есту, көру, ынталандыру, бақылау, қабылдау, іздену мен танымдық қабілеттерін ашуға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталған.
Б. С. Блум ұсынған танымдық аймақтағы алты категориялы мақсаттар барлық интелектуалдық процесті қамти алады. Аталмыш таксономия құндылығы:
- мақсаттың нақтылануында;
- мақсат категорияларына сай логикалық ойдың алгоритмделуінде;
- білім мазмұнының мақсатқа сай жіктелуінде;
- оқушы іс-әрекетінің мақсатқа сай дамуында;
- әр мақсатқа сай тапсырмалардың саралануында;
- оқушы білімінің әр мақсат негізінде бағалануында;
- мұғалім мен оқушының бірлескен қызметіндегі нақтылық пен жариялылыққа қол жеткізуінде;
- қойылатын бағаның соңғы нәтижені ғана емес, бүкіл процесті қамтуында.
Сабақ мақсатын айқындау, оған қойылатын талап жаңалық емес. Ал, педагогикалық психология ерекшелегі, оның талабы осы мақсатқа жету, оқушының өзі арқылы, оның оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы, ойлау дағдыларын дамыта отырып, жүзеге асыруды қарастырады.
Оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы олардың ойлау дағдыларын жетілдіре отырып, мақсат қою технологиясын былайша көрсетуге болады.
Блумның жүйесі
|
Дағдылар |
Анықтама |
Оқушы іс-әрекеті |
|
Білім |
Бұрынғы білімді еске түсіреді. Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте ұстау |
Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды. |
|
Түсіну |
Жаңа материалда берілген білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасауы |
Түсіреді, айтады, көрсетеді, жазады. |
|
Қолдану |
Жаң білімді тәжірибеде яғни нақты жаңа жағдайда пайдалану. |
Бұрынғы білім негізінде соны пайдалана отырып, жаңа проблнма шешеді |
|
Талдау |
Материалды негізгі компоненттерге жіктеу. Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді дәнін бөліп алу, яғни бүтінді бөліктерге жіктеу арасындағы байланысты айқындау. |
Ойланады, салыстырады, табады, ашады, ізденеді |
|
Синтез (бір нәрсе жасайды, жинақтайды) |
Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау (Жалқыдан жалпыға) |
Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады. |
|
Баға (сын пайымдау) |
Кешегі білім мен бүгінгісіне сүйеніп, ойды жинақтап, ой түю |
Бағлайды, талқылайды, өз талаьын айтады. |
Бұл жүйені ары қарай жете түсіну үшін мынадай сабағымнан мысал келтірейін. 10 сыныптағы «Қазақстанның қазіргі армиясы» тақырыбындағы сабағымда қолданып, оқушылардың сол тақырыбын жан – жақты меңгеруіне жол ашқанын байқадым.
|
1 |
Білім |
Сұрақтар арқылы оқушы өткен білімді еске түсіре отырып, суреттердегі мәліметтерді өз ойымен еркін айтып, анықтама шығарады. |
|
2 |
Түсіну, ұғу |
Жаңа терминдік сөздерге мұғалім қосымша мәлімет беріп, оқушылар толықтырады. |
|
3 |
Қолдану |
Ұққан білімді кез келген жағдайда пайдаланады. |
|
4 |
Анализ |
Тірек сызба арқылы оқушы өз білімін түйіндейді. |
|
5 |
Синтез |
Кешегі білімі мен бүгінгісіне сүйеніп, ойды жинақтап, ойды түю |
|
6 |
Баға |
Бәрінен жақсы, бәрінен жаман, неге солай, пікірдің біреуіне келісемін, сын айтыңдар |
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағы - оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу, әскери білім беру және төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды пәндердің бірі. Бұл сабақты тиімді ұйымдастыру үшін бірнеше негізгі әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады.
1 Теория мен тәжірибені ұштастыру
-
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін құрғақ теорияны интерактивті әдістермен байланыстыру қажет.
-
Дәрістерді бейнематериалдар, инфографика және презентациялар арқылы түсіндіру тиімді.
-
Әскери тәртіп пен тәртіптіліктің маңыздылығын көрсету үшін нақты мысалдар келтіру.
2 Практикалық жаттығуларды ұйымдастыру
-
Саптық дайындық бойынша жаттығуларды дұрыс ұйымдастыру.
-
Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйрету;
-
Жергілікті әскери бөлімдермен немесе құтқару қызметтерімен бірлескен оқу – жаттығу жұмыстарын жүргізу.
3 Технологияларды пайдалану
-
Виртуалды тренажерлер мен симуляциялық бағдарламаларды қолдану.
-
Әскери тақырыптағы деректі фильмдер мен танымдық видеоларды көрсету.
-
Тестілеу мен бақылау жұмыстарын онлайн – платформалар арқылы жүргізу.Патриоттық тәрбиені күшейту
-
Қазақстан тарихындағы әскери тұлғалар мен батырлардың ерліктерін насихаттау;
-
Әскери – патриоттық клубтар мен іс – шараларды ұйымдастыру;
-
Ұлттық мерекелерде әскери шерулерге қатысу;
5 Оқушылардың ынтасын арттыру
-
Сабақта ойын элементтерін енгізу (Әскери – қолданбалы спорттық жарыстар, викториналар)
-
Оқушыларды түрлі рөлдерге бөліп, тактикалық тапсырмалар орындату.
-
Жеңімпаздарды марапаттау жүйесін енгізу.
Қорытынды. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқушылардың іскери дағдылары ғана емес, сондай – ақ олардың жауапкершілігі, тәртіптілігі және отансүйгіштік қасиеттері де қалыптасады. Сабақтың тиімділігін арттыру үшін теория мен тәжірибені ұштастырып, заманауи технологиялар мен интерактивті әдістерді белсенді пайдалану қажет.
БҚО,
Теректі ауданы
Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ
АӘТД пәнінің мұғалімі
Шналиев Нуржан Урынгалиевич.
Педагог зерттеуші.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағын жүргізудің тиімді жолдары" Баяндама

шағым қалдыра аласыз