400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алғашқы қиындықтар мен табыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маман болған кезімде болған қиындықтар мен табыстар
Материалдың қысқаша нұсқасы









Эссе



Тақырыбы: Алғашқы қиындықтар мен табыстар

Орындаған: А.Т.Үмбетова















«Менімен ондаған жас педагог жұмыс жасаған.

Мен көз жеткізгенім, адам педагогикалық жоғары

оқу орнын қаншалықты сәтті бітірсе де,

ол қаншалықты талантты болса да, әгәраки тәжірибеден 

сабақ алмаса, ол ешқашан жақсы педагог бола алмайды,

Мен өз басым көнегей педагогтардан тәлім алғам...»  

А.С.Макаренко



Мектепке жас маман болып алғаш келген кезде жаңа технологияны жақсы меңгергеніммен, теориялық білімім жақсы болғанымен әдістемелік және психологиялық, тәжірибелік жағынан қолдауды қажет еттім. Соның ішінде әріптестерден үйрену, тәжірибе арқылы үйрену мықты құралым болатынына сенімім мол болды. Ұжымымыздың ішіндегі тәжірибелі ұстаздар педагогика-психологиялық, әдістемелік қолдау көрсетіп өздеріне жүктелген аса жауапты міндетті үздік атқарды. Соның ішінде еліміздің білім саласындағы реформалардың жемісі болып табылатын желілік қауымдастық, ресурстық тірек мектептері, лессон стади, мектеп көшбасшылары, жаңа форматтағы педагогтер белсенді, жан-жақты, білімді беруші ғана емес дамытушы, жаңа технологияны жақсы меңгерген тұлға ретінде жас мамандарды үйретуде «ашықтық» принципін ұстанды.

Барлық жас маманның басынан өтетін ең бірінші қиындық ұжымда бейімделе алуы екені айқын. Мен үшінде бұл алғашқы қорқыныштарымның бірі болған еді. Алайда, мектеп басшылығы, соның ішінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кенжебекова Жібек Нургазиевна тарапынан жас мамандармен арнайы жұмыс жоспарына сәйкес жүйелі іс жүргізе отырып, кез-келген қиындықтардың алдын алып отырды. Кәсіби тұрғыда өсуіме жағдай туғызып, бейімделуге кері әсер ететін проблемаларды жойып, қызметіме табысты енуіме үлкен қолдау көрсетілді.

Сіздер білесіздер, жас маман бірінші күннен бастап тәжірибелі мұғаліммен бірдей жауапкершілікте болады. Осындай міндет алғашқы жұмыс күнінен бастап менің де мойныма жүктелді. Оның ішінде мен үшін ең қиынға соққаны жаңа бағдарлама бойынша білім беру еді. Себебі, біз жоғарғы оқу орынында білім алу барысында, педагогикалық тәжірибеден өту кезінде дәстүрлі білім беру жүйесінде жұмыс жасадық. Оқу процесін ұйымдастыру, оқу құжаттарын толтыру және оқу процесінде оқытудың әдістері мен түрлерін қолдануды жаңа білім беру бағдарламасы бойынша ұйымдастыру жас маманға тағы бір шыңдалудың негізгі мүмкіндігі. Өз пайымдауымша, бұл қиындықтар табысқа жетудің алғашқы сатысы болды деп есептеймін.

Әр маман өз білімін шыңдау үшін үнемі ізденісте болу керек. Әсіресе, заман талабына сай жаңа технологияларды қолдану, білім берудің заманауи үлгісін шыңдау арқылы әрбір оқытушы өз пәнінің білікті, білімді шебер маманы екенін көрсете білгені жөн. Сондықтан жас маманның тәжірибе жинақтауы үшін портфолиосы және тәжірибесі мол ұстаздармен тығыз байланыста болуы керек. Маған ізденіс жолында қолдау көрсетіп, тәжірибемді қалыптастыруға үлесін қосқан білікті тәлімгер Дүралиева Алия Бейшенбековна болды.

Қазіргі таңда оқыту барысында білікті ұстаздармен тәжірибе алмасу арқылы көптеген жетістіктерге жеттім. Олардың бірі сабақты бастарда оқушылардың назарын дұрыс ұйымдастыру, үзілістің соңы мен сабақ арасын айқындай ашу, өзім беретін информатика пәніне жедел шұғылданатын психологиялық жаңа ахуал туғызу және т.б. Бұл менің білім беру барысында шыңдаған жетістіктерімнің кішкентай ғана бөлігі. Әлі де болса тәжірибесі мол ұстаздардың сабағына қатыса отырып, заманауи тұрғыда ізденіп, білім берудің жаңа инновациялық технологияларын қолдану арқылы сабақ жүргізуді қалыптастыру менің негізгі міндетім болып табылады.

«Ұстаз білімді болса, пән қадірлі» демекші, оқу процесінің нәтижелі болуы мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, оқушыларға зейін қойдыра білуіне, оқушыларды өздігінен білім алуға үйретуге байланысты. Сондықтан біздер, жас мамандар сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу-тәрбие жұмыстарын қатар алып, сапасын арттырып, жаңа білім бағдарламасына тың өзгерістер әкеліп, оларды енгізуде барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.10.2020
609
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі