400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Алғашқы қоңырау»

Материал туралы қысқаша түсінік
1-қыркүйек-- Білім күніңе арналған салтанатты жиын сценарийі.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Алғашқы қоңырау»

«Қазақстаным-жүрегім,Түркістаным-тірегім» ! атты

1-қыркүйек-- Білім күніңе арналған салтанатты жиын сценарийі.

Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.

Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.

Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық.

Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық.

100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда.  

Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды.

Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда.

«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды.

Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді.

Қажетті бағдарламалардың барлығы бар.

Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.

 



1-жүргізуші:

Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.

Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісіндебалалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет.

Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын

Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады.

Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет. болады.

Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар.


Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек.

Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты.

Білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыруенгізілетін болады.




2-жүргізуші: Түркістан – Қазақстанның –көне-қалаларының-бірі. Бұл-қала-еліміздің-оңтүстік-аймағында-орналасқан. Түркістан қаласы қазақ-халқының-тарихымен-тығыз-байланысты. Орта ғасырларда (ХҮІ – ХҮІІІғғ) ол Орта Азия мен Қыпшақ-даласы-халықтарының-саяси-орталығы-болған. Беріде-Қазақ-хандығының-ордасы-болды. Қасиетті Түркістанды-Екінші Мекке» депатаған.
1903 жылы 
Түркістанға-алғаш-темір-жол-келген. Қасиетті Түркістан – тарихи-және-туристік-қала. Түркістанға-келгендер-алдымен-Қожа-Ахмет-Йасауи-кесенесіне-барады. Бұл-кесене – сәулет-өнерінің-ең-озық-үлгісі. Кесен-еотыз бес бөлмеденжәне-сегіз-бөліктен-тұрады. Кесененің-жанында-шығыс-моншасы бар. Жер-астында-қырық-төрт-бөлмеден-тұратын «қылует» деп-аталатын-ғибадатхан-асалынған. Түркістан-қаласы Қожа-Ахмет-Йасауи-атымен-әлемге-әйгілі-болды.

1- жүргізуші: Президенттің жарлығымен Түркістан облысы құрылды. Мемлекет басшысы "Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" арнайы Жарлыққа жария түрде қол қойды. Президент өз сөзінде қасиетті Түркістан қаласының ғасырлар бойы Қазақ хандығы мен бүкіл түркі әлемінің рухани астанасы болып келгеніне тоқталды. Ал облыстың орталығы Түркістан шаһары болмақ. Мұнан бөлек, тұрғындарының саны 1 миллион адамға жеткен Шымкентке республикалық деңгейдегі дербес қала мәртебесі берілетінін айтты. Сондай-ақ Президент Түркістанда жаңа әкімшілік нысандар салынып, тиісті инфрақұрылым тартылғанша, облыстың әкімдігі Шымкентте жұмыс істей беретінін жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев аймақта туризмді дамыту бойынша тапсырма берді.    Нұрсұлтан Назарбаев,  Қазақстан Республикасының Президенті: Оңтүстік Қазақстан еліміздегі экономикалық, көлік-логистикалық, демографиялық әлеуеті зор аймақ екені  белгілі. Биыл халқының саны миллионға жеткен Шымкент шаһары Қазақстандағы ең ірі мегаполистің қатарына қосылған. Облыстағы өнеркәсіп өндірісінің 60 пайызы Шымкентте шоғырланған. Шаһар еліміздегі жетекші сауда-өнеркәсіп және мәдениет ошақтарының бірі болып саналатынын білеміз. Қаланың осындай мүмкіндіктерін ескеріп, оған республикалық мәртебе беру жөнінде шешім қабылдадым.  Ал Түркістан қаласының аумағы 19 мың гектарды құрайды. Қала әкімі енді ол 35 мың гектарға дейін ұлғайтылатынын айтқан болатын. 1500 жылдық тарихы бар рухани астанада қазір 260 мыңнан астам адам тұрады.  
1- жүргізуші:

. 1-Армысыздар құрметты де қадірлі ата-аналар, ұстаздар,сүйкті шәкірттер.Арайлы жаздың үш айын мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырғандарынызбен шын жүрекпен құттықтаймыз.

:2-жүргізуші:

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзінде бақыт,білім,беремекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін.

Құтты болсын Білім күнің-мерекен,

1-жүргізуші:

Бүгін қандай шаттық тола күн еді,

Бүкіл әлем ерекше бір түледі.

Балдырған жетектеген ата-ана,

Қуаныштан жарылардай жүрегі,

Білім көзін ашатынын біледі,-деп балаларын мектепке алғаш жетектеп келіп отырған ата-аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін,армандарыңызға нұр бітсін демекпіз.

2-жүргізуші:

Жүздеріннен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнін, әр айын.

Мерекеніз құтты болсын, ата-ана,

Мерекеніз құтты болсын, ағайын.

1-Жүргізуші:: 

Мектебіне шәкірттер ағылады,

Сана, білім сусаған табылады.

Гүл шоқтарын қолына көтеріп кеп,

Ұстазына жеткенше сағынады.

2-жүргізуші: Жүректері тұратын лүпіл қағып,

Мұғалімдер оларды күтуде анық.

Білім нұрын ұрпаққа таратсын деп,

Осы шақты аңсайды бүкіл халық.

/«Мектеп вальсі» әуені/

 2-жүргізуші: 1 қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталады. Ол әсіресе, бірінші сыныпқа баратындар үшін аса маңызды. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: – 1 «А» сыныбын білім әлеміне апаратын ұстаз -

Анарбаева Гүлнар

/музыка әуенімен келіп сапқа тұрады/

2-жүргізуші: - 1 «Ә» сыныбын  білім әлеміне апаратын ұстаз -

Белхожаева Назира

2018жылы табалдырық аттаған бүлдүршіндерді ортаға шақырамыз.

/салтанатты ән орындалады/


2-жүргізуші:

1-қыркүйек –Білім күніңе арналған салтанатты жиынды ашу үшін сөз мектеп директоры Қ.Бекетовқа беріледі.

1-жүргізуші:

-Алаулаған алабынан нұр тамып ,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр таңып,

Көк байрағын желбірейді төрінде,

Әнұраңың тұр көгінде шырқалып

2-Жүргізуші:

Естілгенде көк аспанның астында,

Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран.

Бар қазақтың үніндей боп шарықта,

Бір қазақ боп мен өзіңе бас ұрамын.



1-Жүргізуші:

Таусылмас жүректегі асқақ әнім

Тек биікте самғатам жыр қыранын

Азатпыз,Тәуелсізбіз,Еркінбіз!-деп

Шырқайық ұлы Отанның әнұранын.

/әнұраң орындалады./

2-Жүргізуші:

Шарықтасын шат көңілдің алабы,

Шат жүрекке ақ тілектер қонады.

Дархандай кең біз қонақжай халықпыз

Әрқашанда төрде отырар қонағы

Салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарымен таныстырып өтейік.

/Қонақтар таныстырылады/



1....................................................................................................................

2.....................................................................................................................

3......................................................................................................................

4.......................................................................................................................

1-Жүргізуші:

Тек жүректен арналған сөзіміз де,

Жақсылықтан жаралған жүрегініз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегініз.

Сөз кезегі Боралдай жалпы орта мектебінің директорына Қайрат Бекетовқа беріледі.

ӘН.___________________________________________________________--

2-Жүргізуші:

Ардақты асыл мекен мектебіме

Аяулы асыл жандар көп келеді,

Құрметпен қонақтарға сөз береиік

Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.

Сөз кезегі бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарына .......беріледі.

1..........................................................................................................

2...........................................................................................................

3..............................................................................................................

4...............................................................................................................

1-Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй,-деп ортаға мектебіміздің мақтанышы аудандық,обылыстық жарыстардың жеңімпазы ...............................................ортаға шақырайық.



2-Жүргізуші:

Жандары қаламайтын аласаны

Шәкірттер алда талай бес асады

Әлемге туған халкын танытатын

Осылар-еліміздін болашағы!-ортаға мектеп оқушыларын шақырамыз!

/оқушылар тақпақтарын айтуға шығады/



-1-Жүргізуші:

2018-2019 оқу жылының басталуы туралы мектеп басшысының

Бұйрығын оқу үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Абденкулов Жанибек ағайға . беріледі.

2-Жүргізуші:

Қағылмақ міне әуенге бөлеп

Қағылмақ алғаш қоңырау

Нұр толқып жүзін, гүл толып құшақ

Шаттыққа толсын омырау.

Алғашқы қоңырау соғу үшін құрметпен 1-сыныпқа қадам тастап отырған

______________________________________________________________ ортаға шақырылады.

/Алғашқы қоңырау соғылады/

1-Жүргізуші:

Азаттықты паш етіп көгімізде,

Желбіреген көк туға қуанайық.

Салтанатты жиынан туды алып шығу рәсіміне

Куә болып бәріміз тік тұрайық.

Мемлекеттік ту құрметпен шығарылады.(Әнұран ойналады.)

2-жүргізуші:

-Бүлдіршіндер сендерге артар міндет көп

Көтеріндер мектептін атын құрметтеп

Білімнің көзін аша білсен тереңнең

Жетелейді армандарға бұл мектеп-

Бүгінгі, Білім күніңе арналған салтанатты жиынымызды аяқтап, шәкірттерімізді мектеп алтын ұясына, шақырамыз.




Дайындаған: Тәлімгер Тилепов Орынбасар.































1-қыркүйек-Білім күніне арналған салтанатты жиын жоспары.



1. Ашылуы

2. 1-сынып оқушыларын қарсы алу рәсімі.

3. Салтанатты жиынның ашылуы.

4. Мектеп туын алып кіруі рәсімі.

5.Мемлекеттік әнұран орындалады.

6. Қонақтармен таныстыру.

7. Мектеп директорының құтықтау сөзі.

8.Қонақтардың құтықтау сөзі.

9. 1-сынып оқушыларының концерттік бағдарламасы.

10. Мектеп туын салтанатты жиынан алып шығу рәсімі.

11. Қортынды.

12. Мемлекеттік әнұран орындалады.























«Боралдай» жалпы орта мектебі.












2013-2014 оқу жылы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.01.2019
722
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі