жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Алғашқы қоңырау
Пән: әдебиеттік оқу |
Мектеп: |
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: 3 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Бөлім |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ғафу Қайырбеқов. Алғашқы қоңырау. |
Сабақтың оқыту мақсаттары |
3.2.3.1 – шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу; 3.1.5.1 – өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу. |
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
Бағалау критерийлері |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
Құндылық |
Жеке және топта тиімді жұмыс жасай алу. Жан, тән саулығы және рух тазалығы. |
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі, сурет |
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта, электронды оқу құралы |
Алдыңғы білім |
Оқушылар мақал-мәтелдерді шығармашылықпен қолдануды, өз ойын айтуды, топпен, жұппен жұмыс тәсілін меңгеріп, басқаның ойын қорытындылауды, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтауды игерді. |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут Топқа бөлу
3-минут
Білу және түсіну
9 минут
|
Топқа бөлу: Қағаздар арқылы арқылы топқа бөлу. 4 топқа бөлу. Ол үшін қағаздарға топ атауларын жазып қоямын. Оқушылар қағазды таңдағанда қағаздағы сөздерге байланысты топқа бөлініп отырады.
Слайд №1 Психологиялық дайындық Қол алысып, қане, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру. Мағынаны ажырату. Тыңдалым. Ыбырай Алтынсарин туралы білетіндерін толықтыру. Ыбырай Алтынсарин есімі «тұңғыш» сөзімен көп байланысты. Ол – балаларға арнап тұңғыш Торғай өңірінде мектеп ашқан. Осы мектепте оқушыларға тұңғыш оқу құралын жазды. Бұл кітап «Қазақ хрестоматиясы» деп аталады. Қазақ қыздарына тұңғыш өнерге үйрету мекемелерін ашты. Ыбырай Алтынсариннің басты еңбектерінің бірі – бұл 1883 жылы Орск қаласында тұңғыш қазақ Мұғалімдер мектебінің ашылуы, онда қазақ мектептері үшін мұғалімдерді даярлады. Мұғалімдердің жұмысын үйлестіруші тұңғыш оқу инспекторы қызметін де атқарды.
«Сақина салмақ ойыны» Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?
Интерактивті
тақтада қазақтың жазық даласы, киіз
үй, жайылып жүрген малдары бар
көрініс көрсетіледі. Кенет бәрі
тыныштала
қалады.
Бір кезде күмбірлеген қоңырау үні
естіледі. 2 слайд. Оқылымалды жұмыс
– Тақтада
қоңырау суреті көрсетіледі.
Автор мәлімет Ғафу Қайырбеков(15 тамыз 1928 Қостанай облысы, Торғай) – 1994) – ақын. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды.
«Дала қоңырауы» (1956) поэмасы, «Жер астындағы жұлдыздар» (1965), «Қанатты жылдар» (1973) сияқты жинақтарын, «Беласар» атты қос томдығын оқырман қауым ілтипатпен қабылдады. «Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы үшін ақынға 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Оқылым. Ғ. Қайырбековтің «Алғашқы қоңырау» өлеңі мәнерлеп оқылады. Дескриптор:
Слайд № 3 « Бір қадам алға ...» әдісі арқылы «Сөзжұмбақ шешіп көр» ойыны . Әр сұраққа алғаш болып жауап берген оқушы алға бір қадам жасап отырып, сөзжұмбақты толтыруға үлес қосады және ең алғашқы қазақ даласында мектеп ашып, ұстаздық еткен адамның есімін атайды.
Дескриптор
Кері байланыс «Қол шапалақ» тәсілі.
|
Қағаздар арқылы «Ағартушы» «Жазушы» «Ақын» «Оқушы»
АКТ-ны пайдалану
|
|||||||||||||||||||||
Ортасы Қолдану
4 минут
3 минут
Сергіту сәті 2 минут
Талдау 13 минут |
Слай № 4 Топтық жұмыс. Суретпен жұмыс 1 – топ «Оқушы» тобы өлеңді мәнерлеп оқиды. 2 – топ «Жазушы» тобы өлең мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып жазады. 3 – топ «Ақын» тобы мәнерлеп оқушыларға сыни пікір білдіреді. 4 – топ «Ағартушы» тобы Ыбырай Алтынсарин туралы мәліметер тауып, айтады. Ы.
Алтынсариннің суреті мен қысқаша
өмірбаяны Дескриптор
Кері байланыс «Бағалау терезесі» арқылы.
«Бұзық телефон» ойыны Шаттық шеңберге тұрып бастаушы келесі адам құлағына бір сөз сыбырлайды соңында бастаушыға қайта келгенде сол сөз жету керек, кейін сөзді ауыстырып жіберген адам анықталады.
«Көкпар» ойыны Жұптық жұмыс Ашық және жабық сұрақтар құрастыру Әр жұп бір ашық сұрақ және бір жабық сұрақ құрастырады. Қарсы топтар бір – бірінің сұрақтарына жауап беріп, «Қарындаштар» тәсілімен кері байланыс жасайды Дескриптор * ашық сұрақ құрастырады * жабық сұрақ құрастырады * жұпта бірлесіп жұмыс жасайды
Кері байланыс «Қарындаш түстері» тәсілі.
|
Қима қағаз тарату
Қима қағаз тарату
АКТ-ны пайдалану
Қызыл қарындаш Оқулық. Жұмыс дәптер. |
|||||||||||||||||||||
Жинақтау Соңы
4 минут
Үйге тапсырма
Рефлексия
|
Дұрыс, дұрыс емес ойыны арқылы Ғафу Қайырбеков туралы үш жабық сұрақты табу
Оқулықтағы өлеңді жаттап, мәнерлеп айту Слайд № 8 «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі
Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген