400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алғашқы қоңырау

Материал туралы қысқаша түсінік
өз ойы мен сезімін көркем- бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән:Әдебиеттік оқу Мектеп: «Т. Аманов атындағы №16 ЖОББМ» КММ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар

Мұғалімнің аты-жөні: Құдайбергенова Ж.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Алғашқы қоңырау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары

3.1.5.1. өз ойы мен сезімін көркем- бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу.

3.2.3.1. шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу.

3.3.2.1.Шығарма кейіпкеріне хат/ертегі (кейіпкер қосу,соңын өзгерту...) / өлең, (төрт жолды)/әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: өз ойы мен сезімін көркем- бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді. Шығарманың тақырыбын анықтайды және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табады. Оқығаны бойынша жазады.


Көптеген оқушылар: өз ойы мен сезімін көркем- бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізуді қорытындылайды. Шығарманың тақырыбын топтастырады және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді түсіндіреді.Оқығаны бойынша сәйкестендіріп жазады.

Кейбір оқушылар: өз ойы мен сезімін көркем- бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізуге аргумент келтіреді. Шығарманың тақырыбын анықтау үшін талдау жүргізеді. Оқығаны бойынша өз пікірін жазбаша білдіреді.

Бағалау критерийлері

өз ойы мен сезімін көркем- бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізе алады.

шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді таба алады.

Шығарма кейіпкеріне хат/ертегі (кейіпкер қосу,соңын өзгерту...) / өлең, (төрт жолды)/әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жаза алады.

Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология: зор қоңырау, айлық, күндік жер, қалың ел, қара қазан, сары бала, ар, қам.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Қазақ даласына алғаш кім мектеп ашты?

-Ы. Алтынсарин мектеп ашпаса, қазақ елінің болашағы қандай болар еді?

Құндылықтарды дарыту

Ұлтымыздың атақты тұлғаларына құрмет көрсету, еңбек пен шығармашылыққа баулу, өмір бойы білім алу дағдысын жетілдіру.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану: Ы. Алтынсарин, Ғ. Қайырбеков туралы білу арқылы дүние танымын кеңейтеді.

Қазақ тілі: көркем- бейнелі сөздерді сауатты жазуға төселеді.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта.

Бастапқы білім

Қазақ балаларына алғаш мектеп ашып, «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын жазған Ы. Алтынсариннің өмірімен, ағартушылығымен, кейбір өлеңдерімен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал.

Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады. Мақсат: оқушылардың барлығы да бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын кезінде оқушылар сөйлеспейді.

-Балалар, осы ойыннан не түйдіңдер?

-Бірлікке, ынтымақтастыққа, татулыққа шақырады.

-Бірлік, ынтымақтастық, татулық жайында қандай мақал- мәтелдерді білеміз?

1- топ: «Бірлік» тобы. 2- топ- «Ынтымақтастық», 3- топ- «Татулық».

Топтардың атауын мақал- мәтелдермен анықтау.

Үй тапсырмасын сұрау.

«Қағаздағы сұрақтар» әдісі.

Оқушылардың әрқайсысы үй тапсырмасы бойынша өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде оқушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау. «Мұғалімнің ауызша мадақтауы» әдісі.

Топтарда кемпірқосақ суреті салынған параққа өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Оқушылар үй тапсырмасы бойынша түсінбесе немесе әлі де қарастыру керек болса стикерді қызыл түске, барлығы түсінікті болса күлгін түске жапсырады.
















Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы. ( зейінді шоғырландыру) Бейнефильмді көрсету.

Қазақ даласын суреттейтін көрініс. Қоңыраудың үні.

-Бейнефильм туралы не айта аласыңдар? Қоңыраудың үнін немен, кімнің атымен байланыстырар едіңдер?

(ҰЖ) «Бір минуттық әңгіме» әдісі.

Бейнефильм туралы топта ойларымен бөліседі. Топтар ұжымдық жұмысты қорытындылайды.

Қазақ даласында соғылған қоңыраудың үні тұңғыш ағартушы Ы. Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты екендігін айттыңдар.

Поэзия минуты. Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңін кім жатқа айтып береді?

Қалыптастырушы бағалау. «Отшашу» тәсілі.

-Ендеше, бүгінгі сабақта ақын Ғафу Қайырбековтың Ыбырай Алтынсаринге арнап «Дала қоңырауы» атты жазған поэмасынан берілген үзіндімен танысамыз.

Тыңдалым.

-Ғ. Қайырбеков Қостанай облысы Торғай қаласында 1928 жылдың 15 тамызында дүниеге келген. 1952 жылы Алматыда Қазақ педагогика институтын бітірген. «Жазушы» баспасында, «Қазақ әдебиеті» газетінде жұмыс жасаған.«Құрдастар» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1954 жылы жарық көрді. «Дала қоңырауы» поэмасын 1956 жылы жазылған.Ғ. Қайырбеков- қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын.

Оқылым.

Оқушылар шығарманың негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқиды.

Шығарманың тақырыбын анықтауға бағытталған сұрақтарды қою:

-Өлең не туралы? Қоңырау сөзін кімнің есімімен байланыстыра аласыңдар?

Бұл сұрақтар негізінде диалог және қолдау арқылы саралау жүреді.

Қалыптастырушы бағалау. Мұғалімнің топ мүшелерінің жауаптары мен белсенділіктерін ауызша бағалауы.

«Алфавит» тәсілі.

Барлық топқа әріптер таратылады. Сол әріптермен білім жөнінде оқушылар сөйлем құрайды. Топтарға өлеңдегі көркем- бейнелі сөздерді беремін.. Қоңыраушы, сары бала, қара қазан, қалың ел. Жекелей сөйлемдерін оқиды.

Дескриптор:

-таратылған әріптен сөйлем құрастырады.

- көркем-бейнелі сөздерді қолданады.

Қалыптастырушы бағалау. «Кемпірқосақ»

«Қоңырау әдісі»

Тапсырма арқылы саралау.

Сыныпты қайта топтарға бөлу. Оқушылардың мүмкіндігін ескере отырып, әр бала отырған парталарының жанына қызыл, сары, көк қоңыраулар іліп кетемін.

«Көк түсті қоңырау» тобына Ы. Алтынсарин мектеп ашпаса, қазақ елінің болашағы не болар еді? тақырыбында эссе жазады.

Дескриптор:

-Проблемалық сұрақты зерттейді.

-Ой қорыту арқылы эссе жазады.

«Жасыл түсті қоңырау» тобына Ы. Алтынсариннің

«Асыл шөп» әңгімесіндегі кейіпкерлер туралы кестені толтыру, оқығанына сүйене отырып, кестені баяндайды.

Дескриптор:

-Кейіпкерлер туралы кестені құрайды.

-Кестені мәтін тақырыбымен байланыстыра қорғайды.

«Қызыл түсті қоңырау» тобына мектептегі үзіліс кезіндегі қауіпсіздік ережесін құрайды. Ережені суретпен немесе шартты белгімен бейнелеп көрсету.

Дескрипотр:

-Үзілісте» тақырыбына ереже құрастырады.

- Ережені суретпен немесе шартты белгімен бейнелеп көрсетеді.

Қалыптастырушы бағалау. «SMS хабарлама» әдісі бойынша топтық жұмыстағы жеке белсенділігі, өз ойымен бөлісуі, кімдердің ойы құнды болғандығы туралы жазады.


https://drive.google.com/open?id=169hWw_lrWBUfVmCuoyRyiXSMhHzZed6V




















































































Сабақтың соңы

«Мәселенің бәрі қалпақта...» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Қоңырау үні әуенімен оқушылар қалпақты бір- бірінің басына кигізеді. Әуен тоқтағанда, кімнің басында қалпақ қалса, сол бала бүгінгі сабақ туралы ойымен бөліседі. ( Бүгінгі сабақтан не түсіндім? Сабақ несімен ұнады? Осы тақырып бойынша әлі нені білу керекпін?)






Саралау – оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

«Алфавит» тәсілі негізінде тапсырманы ерте орындап қойған кейбір топ құрастырылған сөйлемдерден өлең құрастырады.

«Кемпірқосақ» әдісі.





Отшашу тәсілі

«Арқадан қағу» әдісі.

Мұғалімнің ауызша бағалауы.

«Мәселенің бәрі қалпақта...» әдісі

Мектептегі «Үзілісте» нұсқаулығын еске түсіру, қауіпсіздік ережесін сақтау туралы айту. «Тик-так» әнімен сергіту сәтін жасату

арқылы денсаулық-тарын нығайту.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?Оқушылардың

барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
937
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі