Материалдар / "Алғашқы қоңырау"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Алғашқы қоңырау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысады. Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаңызға білім жолына жол ашып, білім саласына жетелейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2021
392
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының «М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-нің « Алғашқы қоңырау » салтанатты мерекесінің бағдарламасы

Әзірлеген: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Фанфар

Шығу (жүргізушілер ортаға шығады)


1-жүргізуші:

Армысыздар, аса мәртебелі қонақтар, құрметті ұстаздар, ардақты

ата-аналар және оқушылар! Бүгін міне, жерлесіміз Қеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин атындағы білім ордасы күрделі жөндеуден өтіп, облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің қолдауымен жаңа кейіпте пайдалануға беріліп отыр.


2-жүргізуші:

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тұспа-тұс келіп, қайта түлеген мектебіміздің лентасын қию рәсімі

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Несіпқалиұлы Имангалиев пен Зеренді ауданының құрметті азаматы, педагогикалық еңбек ардагері Тельман Шәріпұлы Мұқышевқа беріледі.

Шығу

(Ұлттық киім киген қыздар қайшы,лента, жастықша әкеледі)


(Осы кезде күй ойнап тұрады. Жауапты : МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ)


(Лентаны қияр кезде әжелерден Ж.Б.Омарова өлең жолын жатқа оқып , шашу шашады.

Шашу шашатындар тізімі : Алма К , Ж.Б.Омарова )


ӘЖЕ : Ж.Б.Омарова

  • Уа ,халайық, халайық!

Әсем күйге басайық.

Бұл мереке ,бұл тойдың.

Шашуларын шашайық!

(Әжелер ортаға шығып,шашу шашады.)


Мектептің алдында

(5-8 - сыныптар оқушыларынан құрылған дәліз жасалынады.)

Барлығы :114 оқушы (57+57).

Мектептің дәлізінде ( І қабатта) «Шежіре » тобы күй шертеді.

Қонақтар мәжіліс залына кіреді.







Фанфар


(Осы кезде екі жүргізуші сахна төріне шығады.)


1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар,аяулы ұстаздар, қадірменді ата-аналар,

сыңғырлай соққан қоңырау үніне енді келген жас бүлдіршіндер және оқушылар!


2-жүргізуші:

Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаңызға құтты болсын!


1-жүргізуші :

Қазақ халқының біртуар батыр ұлдарының бірі болған ұлағатты ұстаз,қоғам қайраткері, жазушы,академик Мәлік Ғабдуллин атамыздың атындағы білім ордасына қош келдіңіздер!

Ән шашу : «Қазақ елі» . Орындайтын: квартет

(Дюсембина А,Ұлатай Санжар, Айдарбек Мадияр, Абдикаримова Алина)


( Ән басталған кезде он екі ұлттық киім киген қыздар екі жаққа бөлінеді. Әннің екінші қайырмасында шарды ұстаған екі ер бала ортаға шығып тұрады. Үшінші қайырмасында екі оқушы «МӘҢГІЛІК ЕЛ» және «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» туларын желбіретіп шығады.Бірінші сыныптың оқушыларын шақырған сәтте ұлттық киім киген он қыз бала дәліз жасап,

ортадағы шардан 1-сынып оқушылары өтеді.)


2-жүргізуші:

Болашақта елінің атын әлемге танытар, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, білім бұлағынан сусындауға асығып келе жатқан жаңа буын 1- сынып шәкірттерін білім әлеміне апаратын алғашқы ұстаздары Асқанбаева Гүлнұр Баймұқаметқызы, Зиядина Маржан Бекдаулқызын ортаға шақырамыз.


1-жүргізуші:

Бүгінгі салтанатты жиын қонақтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

/келген қонақтармен таныстырады/

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Несіпқалиұлы Игалиев ,Зеренді ауданының құрметті азаматы, білім саласының ардагері Тельман Шәріпұлы Мұқышев, Зеренді ауданының әкімі Мереке Қайсарұлы Мұстафин, ардагер ұстаздар және БАҚ өкілдері.





2-жүргізуші


Жыл сайын мектеп өмірінде дәстүрге айналған

«Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! 


ГИМН


1-жүргізуші:

Құттықтау сөз облыс әкімінің орынбасары Марат Несіпқалиұлы Игалиевке беріледі.


2-жүргізуші:

Облыс әкімінің атынан мектебімізге мультимедиялық құрылғы сыйға тартылады.

(Ұлттық киім киген қыздар табысталатын сыйлықты әкеледі.)



1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының ең маңызды мемлекеттік мерекесі – КОНСТИТУЦИЯ күніне орай,облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен педагогикалық еңбек ардагерлері марапатталады:


Қайролла Балтақараұлы Балтағарин

Мұхит Қабдешұлы Кабдешев

Бекболат Көшкентайұлы Көшкентаев

(Ұлттық киім киген қыздар алғыс хаттар мен сыйлықтарды әкеледі.)


2-жүргізуші:

Құттықтау сөз Зеренді ауданының әкімі Мереке Қайсарұлы Мұстафинге беріледі.

1-жүргізуші:

Аудан әкімінің атынан мектебімізге компьютерлік техника сыйға тартылады.

(Ұлттық киім киген қыздар алғыс хаттар мен сыйлықтарды әкеледі.)


2-жүргізуші:

Құттықтау сөз Зеренді ауданының құрметті азаматы, білім саласының ардагері Тельман Шәріпұлы Мұқышевқа беріледі.

Шығу

1-жүргізуші:

Құттықтау сөз кезегі ата –аналар атынан

Гүлзада Серікқызы Акпаеваға беріледі.


Шығу




2-жүргізуші:Тойға тілек (Балтабекова Айдана жатқа оқиды)


Бүгін міне шат-думан Зерендіде,

Қуанышым сыймай тұр жүрегімде.

Жаңа өмірге жол сілтер киелі ордам,

Мектеп – өмір, мектебім тірегім де !


Жас ұрпағын жоғары бағалаған,

Аман болсын қашанда Ағаларым.

Жақсы азамат боп өссек өздеріңдей,

Білеміз Ел біз үшін қуанарын.


Жақсылықтың жаршысы Мәлік аға,

Еңбегіңіз біз үшін әркез дара .

Жаңартып жаңа мектеп салып берген,

Бар ма екен Мәлігімдей дархан аға!


Бірінші сыныптың әдеби –монтажы


  1. оқушы: И.Мақпал

Бүкіл елде басталып бүгін жыры,

Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.

Білім - ғылым бастауы, мерекелі,

Құтты болсын бүгінгі Білім күні!

2 -оқушы: Х.Ибраһим

Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны ,

Ауламыздың келісіп тұр бар сәні.

1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен,

Құттықтайды бірінші сынып баршаны!

3-оқушы: А.Жансая

Ғасырың бар тоса қояр сынағын,
Соны игерсең, заманыңа ұнадың.
Білім күні құтты болсын, Ұстаздар!
Білім күні құтты болсын, Мұғалім!

4-оқушы:Д.Бақдәулет

Мәлік ата мектебінің,

Айқара аштым есігін.

Зәулім осы мектепте ,

Оқып,білім аламын.

5-оқушы: С.Алихан

Сыныптасым,білім жайлы бағдарлама,

Енгізіліпті жаңартылып қайтадан.

Үш тілді білу керек қашанда,

Заман соны талап етеді байқасам.

6-оқушы:М.Ажар

Партаға алғаш отырамын,

Мінекей, оқушы боламын.

Үш тілді жетік меңгеріп,

«IT»-ді келешекте қолданамын.

7-оқушы :Е.Аян

Бақытты балғын баламыз,

Өсті ой мен санамыз.

Әріп танып, сабақ оқып,

Білім нәрін аламыз.

8-оқушы:Қ.Мансұр

Оқыған әпке, ағамыз,

Қадірлі мектеп – бұл мектеп.

«Төс белгі», грант иегері атанып,

Сіздердей біз де боламыз.

9-оқушы :Б.Наргиз

Егемен елдің төсінде,

Шуағын шашсын арай ,күн

Азамат болып өсеміз,

Тамсана жұрттар қарайтын.
Ән шашу : « Мектеп ана ». Орындайтын : хор (1-сынып оқушылары)


1-жүргізуші:

Алтын ұя мектептің,

Есігін аш айқара !

Қоңыраудың үнімен,

Жалындай өс , жайқала !

Қыз бала: Жанерке (1-сынып)

Мектебімнен үйренеміз барлығын,

Жетелеген сан салаға ғылымның.

Ең алғашқы ұстазымнан білім ап,

Болашаққа аттанамыз біз бүгін.

Ұл бала: М.Нұрали (1-сынып)

Ұмытпаймын алғашқы қоңырау үнін,

Ұмытылмас елім үшін күн бүгін.

Мектептегі алғаш берер білімге,

Соғайықшы алғашқы қоңырау сыңғырын.

2-жүргізуші:

Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1-ші сынып оқушылары

Әдемі Хабылды , Бақдәулет Дәни, 11-ші сынып оқушылары Тұрар Абдикаримов пен Аида Сатубалдиноваға беріледі.

(11- 1-сыныптардың оқушылары қоңырау соғады)

1-жүргізуші:

Осымен Білім күніне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз!

Ән шашу : «Мерейлі отбасы » .Орындайтын: Амирғазиндар отбасы


Мерекелік концерт (3-4 номер) Мәдениет үйінің қызметкерлері






























































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!